Сәу 19, 2017 20:54 Asia/Almaty

"Ғанкабут" сүресінің 19-23 аяттарының тәпсірі

«Ғанкабут» сүресінің 19-20 аяттары:

 «أَوَلَمْ یَرَوْا کَیْفَ یُبْدِئُ اللَّـهُ الْخَلْقَ ثُمَّ یُعِیدُهُ إِنَّ ذَلِکَ عَلَى اللَّـهِ یَسِیرٌ»، «قُلْ سِیرُوا فِی الْأَرْضِ فَانظُرُوا کَیْفَ بَدَأَ الْخَلْقَ ثُمَّ اللَّـهُ یُنشِئُ النَّشْأَةَ الْآخِرَةَ إِنَّ اللَّـهَ عَلَى کُلِّ شَیْءٍ قَدِیرٌ»

Олар көрмеді ме? Алла жаратуды қалай бастайды, сосын оны қайтарады. Расында, бұл Аллаға оңай. (19) (Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзін кезіңдер де, жаратуды қалай бастап, сосын екінші жасауды да қалай жасайтынын көріңдер! Расында, Алланың әр нәрсеге күші жетеді" де. (20)

Алдыңғы бағдарламада хазірет Ыбырайымның мүшіріктермен сұхбатына шолу жасалды. Ол хазірет халықты пұттарға табынудан және олардан ырзық сұраудан тыйды. Осы аяттар мен сол сұхбаттың ортасында келген осыдан кейінгі бірнеше аят һәм Ыбырайым хазіреттің заманындағы, һәм ислам пайғамбарының заманындағы мүшіріктер қабылдамай, болмайтын іс деп ойлағанды, яғни, қиямет пен ақырет әлемін дәлелдеу үшін жіберілген.

Осы аяттар мүшіріктерді жаратылыстарды қайтадан тірілтудің оларды бір рет жаратқан Құдай үшін оңай әрі мүмкін іс екендігін түсінуі үшін өздерінің ақылдары мен ойларына жүгінуге шақырады. Сонымен қатар осы әлемнің Жаратушысының қолынан кез келген істің келетінін түсінуі үшін осы әлемдегі айналадағы жаратылыстарға қарауды сұрайды. Себебі, адамдарды қайтадан жарату ол үшін қиын әрі қолдан келмейтін іс емес.  

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құран әрдайым адамдарды жаратылыстың ақиқатын түсіну үшін ойлануға шақырады.

2. Жаратылыс – Құдайдың жаратылыстарға һәм тіршілік сыйлап, һәм олардың өлімін қалыптастырудағы шексіз ғылымы мен құдіретініңң белгісі. 

 3.Исламда мақсатты түрде саяхатқа шығып, ақиқатты табу үшін табиғатты зерттеуге кеңес беріліп, қуатталған. 

4.Жаратылысты нақты зерттеу арқылы Құдайды жақсырақ танимыз.

5.Қияметтің орын алатындығына ең жақсы дәлел Құдайдың жаратылыстарды алғашқы кезеңде жаратуындағы құдіретін көрсетуі болады.

«Ғанкабут» сүресінің 21-22 аяттары:

 «یُعَذِّبُ مَن یَشَاءُ وَیَرْحَمُ مَن یَشَاءُ وَإِلَیْهِ تُقْلَبُونَ»، «وَمَا أَنتُم بِمُعْجِزِینَ فِی الْأَرْضِ وَلَا فِی السَّمَاءِ وَمَا لَکُم مِّن دُونِ اللَّـهِ مِن وَلِیٍّ وَلَا نَصِیرٍ»

Кімді қаласа, азаптап, кімді қаласа, мәрхамет етеді. Сондай-ақ, Сол жаққа бұрыласыңдар. (21) Сендер жерде де, көкте де Алланы әлсірете алмайсыңдар. Сондай-ақ, сендерге Алладан өзге не дос, не жәрдемші жоқ. (22).

Құдайдың адамдар өлген соң оларды қайта тірілтетін құдіреті туралы алдыңғы аяттардан кейін осы аяттар былай дейді: «Талпыныс пен егу кезеңі болып табылатын бұл дүниеге қарсы, қиямет – есеп беру мен жинау кезеңі. Осы дүниенің егістігінде не ексеңдер, ақыретте соның өнімін жинайсыңдар. Қияметтегі қазы – сендердің осы дүниедегі барлық істеріңнен хабардар Құдай.

Соның негізінде сендерді жазалап, сый береді немесе лайық санағандарды өзінің кешірімі мен рақымына бөлейді.

Ешкім осы дүние мен ақыретте Алланың аумағы мен билігінен шығып кетемін немесе оның құдіретінен жерде немесе аспанда қашып кетемін деп ойламасын.

Қай жерге бармасаңдар да оның билігінде боласыңдар. Қашу дегеннің мағынасы болмайды. «Жер ғана оның қарамағында, егер аспанның төріне барсақ, оның аумағы мен билігінен тысқары боламыз» деп ойламаңдар» дейді. 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Ізгі ғамал иелері оның рақымына үміт артып, күнәһарлар оның қаһары мен ашуынан қорқуы үшін Алланың мейірімі мен қаһары қатар жүреді.

2. Құранның басқа аяттарына сай, Алланың пенделеріне қатысты ерік-жігері мен қалауы әділет пен хикмет негізінде. Ол біреуге титтей де зұлымдық жасамайды.   

3.Адам мықты әрі дамыған құралдар мен мүмкіндіктерге ие болғанына қарамастан, оның қалауы мен тілегі еш уақытта Құдайдың жігерін жеңе алмайды.

«Ғанкабут» сүресінің 23 аяты:

 «وَالَّذِینَ کَفَرُوا بِآیَاتِ اللَّـهِ وَلِقَائِهِ أُولَـئِکَ یَئِسُوا مِن رَّحْمَتِی وَأُولَـئِکَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِیمٌ»

Сондай Алланың аяттарына әрі өзіне қауышуға қарсы келгендер, міне солар, рахметімнен күдер үзді. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар. (23)

Алдыңғы аяттарда Құран бір топтың Алланың қаһарына ұшырайтынын, келесі бір топтың Алланың мейірімі мен рақымына бөленетінін айтты.

Осы аят Құдайдың кешірімі мен рақымына адамдарға қатысты түсінік беріп, былай дейді: «Кімде-кім Алланың жаратылыс жүйесіндегі белгілеріне көзжұмбайлық танытып, немесе Құран Кәрімнің аяттарын күпір мен қырсықтықтан теріске шығарса, қияметте ауыр азапқа ұшырайтындығына сенімді болсын. Кешірімге үміт жоқ. Себебі, ол жаратылыстың бастауын теріске шығарды, һәм ақырзаман мен қяиметті».

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Алланың рақымы өте кең. Әр адам өзінің мүмкіндігіне сай оны пайдалана алады. Бірақ, күпіршілік пен теріске шығару Алланың рақымын пайдаланудың жолын адамға жабады.

3.Алланың кең рақымынан үмітсіз, мақұрым жалғыз топ – кәпірлер.