Сәу 19, 2017 21:12 Asia/Almaty

"Ғанкабут" сүресінің 24-26 аяттарының тәпсірі

«Ғанкабут» сүресінің 24 аяты:

 «فَمَا کَانَ جَوَابَ قَوْمِهِ إِلَّا أَن قَالُوا اقْتُلُوهُ أَوْ حَرِّقُوهُ فَأَنجَاهُ اللَّـهُ مِنَ النَّارِ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَاتٍ لِّقَوْمٍ یُؤْمِنُونَ»

Сонда елінің жауабы: "Ыбырайымды өлтіріңдер немесе оны өртеңдер" деу ғана болды. Алла оны оттан құтқарды. Сөз жоқ, бұнда сенген елге ғибраттар бар. (24)

Хазірет Нұхтың оқиғасынан кейін бұл сүреде хазірет Ыбырайым аталған. Алдыңғы аяттар хазірет Ыбырайымның мүшіріктерді Құдай тарапына шақыруы мен өлімнен кейінгі дүниеге назар аудартуының себептерін баяндады. Осы аят адамдардың хазіретке қарсы теріс әрекеттерін баяндап: «Хазіреттің қисынды әрі дәлелге ие сөздеріне қарсы дұрыс, қисынға сай жауаптары болмаған адамдар қатігез әрекеттерге барып, әлемнің барлық зоракер, үстемшілдері сынды Ыбырайым хазіретпен қатаң қатынас жасауды сұрады. Кейбіреулер оны өртеуді ұсынса, тағы біреулер одан біржолата құтылу үшін оны дарға асу керек» деді.

«Әмбие» сүресінің 68-69-70 аяттарында айтылғандай, олар соңында үлкен от жағып, хазірет Ыбырайымды оттың ортасына лақтыруға шешім қабылдады. Сол себепті осы аят жалғасында: «Олар Құдайдың пайғамбарының өміріне қарсы қастандық жасамақ болды. Бірақ, Құдай ол хазіретті отта күюден құтқарды» дейді. Құранның келесі бір аятында Құдайдың бұйрығымен оттың Ыбырайымға суып, оған ешқандай зиянның келмегені айтылған.

Мұның өзі – Құдайдың құдіретін барлық күштерден артық санайтын, сыртқы, материалды күштерден жеңілмеуі үшін иман иелері үшін ең жақсы ғибрат.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Дін дұшпандарының қисыны – азаптап, қинау, өлтіріп, дарға асу. Олар ақиқатты түсінуды көздемейді, керісінше өздерінің билігі мен мал-мүлік, байлықтарын сақтап қалуды мақсат етеді.

2. Мүміндердің санының аздығы олардың зорлықшылар мен үстемшілдердің алдында мойынсұну үшін себеп бола алмайды. 

3.Ыбырайым хазірет жалғыз болғанына қарамастан, адасушылар мен кәпірлерге қарсы тұрды. Құдай да оған жәрдемдесті.

3.Құдайдың қалауы барлық құралдар мен факторлардан басым. Ол – һәм себепкер, һәм себепті жоюшы. Отқа өртеу күшін беруімен қатар, қалаған кезде оны өртеу күшіненен де айырады.

«Ғанкабут» сүресінің 25 аяты:

«وَقَالَ إِنَّمَا اتَّخَذْتُم مِّن دُونِ اللَّـهِ أَوْثَانًا مَّوَدَّةَ بَیْنِکُمْ فِی الْحَیَوةِ الدُّنْیَا ثُمَّ یَوْمَ الْقِیَامَةِ یَکْفُرُ بَعْضُکُم بِبَعْضٍ وَیَلْعَنُ بَعْضُکُم بَعْضًا وَمَأْوَاکُمُ النَّارُ وَمَا لَکُم مِّن نَّاصِرِینَ»

(Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде сендер дүние тіршілігінде өзара достық үшін Алладан өзге пұттар жасап алдыңдар. Сосын қиямет күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар да орындарың тозақ болып, сендерге ешбір жәрдемші болмайды" деді. (25).

Хазірет Ыбырайым оттан құтылған соң өзінің шақыруын үзбестен бір Құдайға табынуға шақыруын жалғастырды. Ол кезде әрбір қауым мен тайпа өзінің пұтын мақтаныш етіп, оны өздерінің болмыстары мен тұлғаларының белгісі санаған. Тайпаның адамдары бір пұтқа табыну арқылы пікірлестік пен бірлікке жететін. Мұнымен қатар өздерінің көзқарастары бойынша ата-бабаларының салт-дәстүрлерін құрметтеуімен қатар, олар табынған нәрселерге ғибадат етті.

Хазірет Ыбырайым былай деді: «Пұтқа табыну бойынша ата-бабаларың мен тайпалар мен қауымдардың арасындағы орнаған бұл байланыс сендердің байланыстарыңның нығаюына себеп болды. Бұл қияметте жойылады. Ол кезде әрбір адам өзінің күнәсын басқаның мойнына артып, оны осы пұтқа табынушылыққа кінәлі санайтын болады.

Бағынышты болған халық қоғамның жетекшілері мен үлкендерін қарғап, өздерінің адасушыықтарына соларды кінәлі санайтын болады. Үлкен адасушылықтың жауапкершілігін ешкім мойнына алғыс келмейді.

Олардың наным-сенімдеріне бола пұтқа табынуды жалғастырғандарың үшін ата-бабаларың қияметте өздеріңді жауапты деп атап, ойланбастан біздің бұрыс жолымызды жалғастырдыңдар» дейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Бір қоғамның өзегі мен бірлігі, болмысы пұтқа табынушылар үшін пұттардың бір тайпаның адамдары үшін бір-бірімен және ата-бабаларымен байланыс құралы сынды емес, дұрыс, қисынды іс болуы керек.

2.Пікір мен қисын адамның сезімдерін жеңуі керек. Сезімдік байланыстар адамның пікірі мен сенімінің түрін анықтаушы болмауы керек.

3. Бұрыс тетіктер бойынша қалыптасқан дүниелік достықтар қияметте сындарсыз болуымен қатар, дұшпандық пен қарғысқа айналады.

«Ғанкабут» сүресінің 26 аяты:

«فَآمَنَ لَهُ لُوطٌ وَقَالَ إِنِّی مُهَاجِرٌ إِلَى رَبِّی إِنَّهُ هُوَ الْعَزِیزُ الْحَکِیمُ»

Сонда Лұт (Ғ.С) оған иман келтірді. (Ыбырайым Ғ.С.): "Шын мәнінде мен Раббым жаққа жөнелемін. Күдіксіз Ол, үстем, хикмет иесі" деді. (26)

Хазірет Ыбырайым «намрудтіктер» жаққан орасан өрттің жалынының арасынан аман-есен шықты. Оған бірінші болып иман келтірген, оның серігі мен жәрдемшісіне айналған Лут болды.

Ол хазірет кейін пайғамбар болып, Ыбырайымның шариғатын халықтың арасында насихат етті.

Хазірет Ыбырайым осы үлкен мұғжизаны көргеннен кейін де басқалардың оған иман келтірмегенін көрген соң өзі мен әкесінің отаны болған сол жерден Құдай жолында хиджрат ететінін, басқа жердің халқын Құдайға шақыратынын жариялады.

Бұл хиджрат оны һәм өз қаласының халқының азаптарынан құтқарды, һәм оның жетекшілігін жалғастыруы мен басқа жерлерде бір Құдайға табыну дінін тарату үшін негіз дайындады. Ислам пайғамбары да Меккеден Мединеге хиджрат етуімен һәм Меккедегі қысымдардан  босады, һәм Медине халқын исламға шақырды.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Пайғамбарлар бір-бірін құлатуды, көбірек билікке қол жеткізуді мақсат ететін патшалар сияқты емес. Олар бір-бірін күшейтіп, Алланың дінін таратуды ойлайды. Лут хазірет Ыбырайымға иман келтіріп, оған қолдау көрсетті.

2. Құдай жолындағы ерлер жер мен уақытқа тәуелді емес. Қажет болған кезде хиджрат етеді.