Ғанкабут сүресі, 708-бөлім, 27-30 аяттар
"Ғанкабут" сүресінің 27-30 аяттарының тәпсірі
«Ғанкабут сүресінің 27 аяты:
«وَوَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَیَعْقُوبَ وَجَعَلْنَا فِی ذُرِّیَّتِهِ النُّبُوَّةَ وَالْکِتَابَ وَآتَیْنَاهُ أَجْرَهُ فِی الدُّنْیَا وَإِنَّهُ فِی الْآخِرَةِ لَمِنَ الصَّالِحِینَ»
Оған Ысхақты, Жақыпты бердік те, оның ұрпақтарына кітап, пайғамбарлық мәрхамет еттік. Әрі өзіне дүние сыйлығын бердік. Әрине ол ахиретте де ізгілерден. (27)
Алдыңғы аяттарда хазірет Ыбырайымның оқиғасы қысқаша баяндалды. Осы аят сол аяттардың соңында: «Хазірет Ыбырайым басқаларды хақ жолына шақыру үшін өзінің туған жерінен хиджрат еткеннен кейін Құдай оған үлкен сый берді, яғни, өзінің жолын жалғастыратын және илаһи мейірімнің арқасында пайғамбарлыққа жететін, өз қауымының арасында иман жолының шырағы болуы үшін пәк әрі лайықты перзенттер мен ұрпақ берді» дейді.
Ысқақ пен ұлы Жақып, оның перзенті Жүсіп, сонымен қатар Мұса мен Һарун және Сүлеймен – барлығы Ыбырайымның ұрпағынан тарап, илаһи ресалатты иықтарымен көтерді.
Бұл сый – һәм дүниелік, һәм ақыреттік. Ол һәм жақсы атқа жеткізеді, һәм оның илаһи сауабы бар. Себебі, пәк перзент – һәм әкенің көзі тірісіндегі мақтанышы, һәм ол өлгеннен кейін де жақсы атының да мәйегі.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Дұрыс перзент – Құдай пәк әрі лайық жандарға сыйлайтын илаһи сый.
2. Осы дүниедегі илаһи сыйлардың бірі – дұрыс, пәк ұрпаққа ие болу.
3.Бұрмаланған көзқарастарға қайшы дүние мен ақыреттің сыйы бірге жүреді.
4. Ислам мәдениетінде ақыретті дүние жолында пида етуге, сонымен қатар ақыретке жету үшін дүниені тәрк етуге болмайды.
«Ғанкабут» сүресінің 28-29 аяттары:
«وَلُوطًا إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ إِنَّکُمْ لَتَأْتُونَ الْفَاحِشَةَ مَا سَبَقَکُم بِهَا مِنْ أَحَدٍ مِّنَ الْعَالَمِینَ»، «أَئِنَّکُمْ لَتَأْتُونَ الرِّجَالَ وَتَقْطَعُونَ السَّبِیلَ وَتَأْتُونَ فِی نَادِیکُمُ الْمُنکَرَ فَمَا کَانَ جَوَابَ قَوْمِهِ إِلَّا أَن قَالُوا ائْتِنَا بِعَذَابِ اللَّـهِ إِن کُنتَ مِنَ الصَّادِقِینَ»
Лұт (Ғ.С.) қа да (Пайғамбарлық бердік.) Сол уақытта еліне: "Рас, өздеріңнен бұрын әлемде ешкім істемеген арсыздықты істедіңдер" деді. (28) "Рас, сендер еркектерге жақындасасыңдар да, жол кесіп, және мәжілістеріңде жамандық істейсіңдер ме?" (27-С. 54-А.) Сонда елінің жауабы: "Егер шыншылдардан болсаң, қане бізге Алланың азабын келтірші" дегеннен басқа болмады. (29)
Ыбырайым хазіреттен кейін осы аяттар ол да Құдайдың пайғамбары болған хазірет Луттың оқиғасын қысқаша баяндайды. Лут хазірет Ыбырайым пайғамбардың замандасы әрі ол хазіреттің дінін өз қауымы арасында уағыздаушы болған. Бірақ, адамдар оның шақыруын қабылдамағандарымен қатар, өздерін жаман істерден тыйған сөздері үшін елден қуып, өлтіру туралы қоқан-лоққы да жасады.
Осы аяттар тіпті хайуандардың арасында да көзге түспейтін ең сорақы істердің біріне сілтеме жасап: «Құдайдың пайғамбары хазірет Лут әрдайым адамдарға ерлердің бір-бірімен жыныстық тұрғыдан қосылуының ер адамдардың әйелдерге немқұрайдылық танытып, адамзат ұрпағының жойылуына себеп болатын өте сорақы іс екендігін ескертетін» дейді.
Бұл іс еркек пен ұрғашы арасындағы жыныстық қалауға қатысты табиғаттағы қалыпты тәсілге қайшы.
Лут қауымы мұндай ұят істі жасағандарымен қатар, олардың арасында қоғамдық пәктіктің жоғалғаны соншама, мұны адамдардың көзінше, бір-бірінің көз алдарында жасап, оны көңіл көтерудің, сауық-сайранның бір түрі санады.
Аяттардың жалғасы былай дейді: «Олар хазірет Луттың ақыл-кеңестері мен ескертулерінен сабақ алмағандырымен қатар, өздерінің ұят істерін түзетудің орнына мазақтаған екпінмен хазіретке: «Егер Құдайың біздің бұл ісімізге ренжісе, бізді азаптасын. Айт, осы дүниеде де азабын түсіріп, біздің көзімізді жойсын» деді.
Басқаша айтқанда, олар хазірет Лутқа «Сен пайғамбарлық туралы өтірік айтасың. Орынсыз біздің мазамызды алма» демек болды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Діни жетекшілер тек халықты Құдай тарапына шақыруға ғана жауапты емес, сонымен қатар қоғамдық бейбастақтықтар мен жөнсіздіктермен де күресіп, қоғамды бұзақылықтардан тазарту жолында талпыныс жасауы керек.
2. Егер қоғамда бейбастақтық етек жайса, «тыюдың әсері жоқ, ондай болса, өзімді несіне қинаймын» деуге болмайды.
3. Илаһи пайғамбарлар адамдарды жыныстық қажеттіліктерді дұрыс жол арқылы қанағаттандыруға ынталандырып, жыныстық бұрмалаушылықтар мен ессіз, біржынысты қатынасқа қарсы тұрды.
4.Күнә қоғамда ашық әрі кең етек жайғанға дейін жеке іс саналады. Бірақ қоғамдық пәктіктің кеңістігін бұзған кезде ол қоғамдық келеңсіздікке айналады. Онымен күресу керек.
3. Бүгін Батыстың кейбір елдерінде рұқсат саналатын біржынысты қатынас аспандық барлық діндерде ұят, сорақы іс деп аталған. Пайғамбарлар сонымен күреске жауапты болған.
"Ғанкабут" сүресінің 30 аяты:
«قَالَ رَبِّ انصُرْنِی عَلَى الْقَوْمِ الْمُفْسِدِینَ»
(Лұт Ғ.С.); "Раббым! Бұзақы елге қарсы маған жәрдем бере көр!",- деді. (30)
Күнәһар бұл қауым хазірет Лутты өтірікші деп атап, оның пайғамбарлығына күмән келтірген кезде ол хазірет Құдайды паналап, өзінің пайғамбарлық туралы сөздерінің шын екендігін дәлелдеу үшін мұғжиза көрсетуді сұрады.
Ол хазіреттің ресалатының, һәм күнәһарларды жазалаудың факторы болып, хақтың жалғанды жеңетіндігінің белгісі болатын мұғжиза еді. Күнә жасағандарымен мақтанып, пәктік пен адалдықты жаман іс санайтындар – бейбастақ адамдар. Олар бейбастақтықты жайып, оны қалыпты іс деп көрсетеді.
Бұл адамдар негізгі жолдан ауытқып, егер пәк адамдар оларға ескерту жасаса, оларды мазақтап, келеке етеді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Ислам мәдениетінде біржыныстық қатынас жер бетінде бұзақылықты жаюдың бір түрі саналады. Әшкере түрде бұл күнәға бататын адам қатты жазаға ұшырайды.
2.Қоғамда бұзақылықтың таралуына һәм кесімді түрде қарсы тұрып, һәм Құдайдан бұзақыларды жеңу үшін көмек сұрайық.