Ғанкабут сүресі, 709-бөлім, 31-35 аяттар
"Ғанкабут" сүресінің 31-35 аяттарының тәпсірі
«Ғанкабут» сүресінің 31-32 аяттары:
«وَلَمَّا جَاءَتْ رُسُلُنَا إِبْرَاهِیمَ بِالْبُشْرَى قَالُوا إِنَّا مُهْلِکُو أَهْلِ هَـذِهِ الْقَرْیَةِ إِنَّ أَهْلَهَا کَانُوا ظَالِمِینَ»، «قَالَ إِنَّ فِیهَا لُوطًا قَالُوا نَحْنُ أَعْلَمُ بِمَن فِیهَا لَنُنَجِّیَنَّهُ وَأَهْلَهُ إِلَّا امْرَأَتَهُ کَانَتْ مِنَ الْغَابِرِینَ»
Елшілеріміз (періштелер) Ыбырайым (Ғ.С.)-ға сүйіншімен келген сәтте: "Осы халқы залым болған кентті рас жоқ етеміз" десті. (31) (Ыбырайым Ғ.С.): "Әрине, онда Лұт та бар" деді. (Елшілер): "Ол жерде кімнің болғанын жақсы білеміз. Кейін қалушылардан болатын қатынынан басқа өзін де үй-ішін де әлбетте құтқарамыз" деді. (32)
Алдыңғы бағдарламада Лут қауымының бейбастақ, бұзық халық болғанын айттық. Олар хазіреттің қисынды сөздеріне мән берудің орнына оны келеке етіп, өтірікші деп айыптады. Бірақ, хазірет Лут бұзық халықтың қысымдары мен қоқан-лоққыларының алдында кері шегінбей, тыйым салынғаннан халықты жирендіруден қол үзбей, Құдайдан оны бұзақы халықтың алдында жеңіске жеткізуді сұрады.
Осы аяттар былай дейді: «Құдай періштелерді һәм қартайған шағында оның перзент сүйетіндігінен, һәм оны Лут қауымына азаптың түсірілетіндігінен хабардар ету үшін Ыбырайымға жіберді. Себебі хазірет Лут сол аймақтағы оның уағызшы пайғамбары болды. Құдай хазіреттің күнәһарларды жазалауды сұраған дұғасын орындады».
Құран былай дейді: «Хазірет Ыбырайым илаһи азаптың түсірілетіндігі туралы хабарды естіп, сол қалада өмір сүретін хазірет Луттың тағдырына алаңдады. Бірақ періштелер «Илаһи сүннет бойынша, құрғақ пен дымқылды бірге өртемейміз. Тек күнәһарлар ғана жазаға ұшырайды» деді.
Тіпті, мүміндердің қатарынан шығып, кәпірлердің тобына қосылған Луттың жұбайы да Алланың осы заңынан тысқары болған жоқ.
Ол пайғамбардың үйінде өмір сүргенімен құтылғандардың қатарында болған жоқ.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Илаһи періштелер – жаратылыс жүйесінің қызметшілері. Олар һәм сүйіншілеу мен илаһи мейірімге, һәм илаһи жаза мен ашу-ызаға жауапты.
2.Жыныстық қажеттілікті қанағаттандыруда түзу жолдан ауытқу өзі мен отбасына, қоғамға жасалған зұлымдық саналады.
3.Егер зұлымдық қоғамда кең етек жайса, сол қоғамның адамдары жойылуға шақ қалады.
4. Жұбай мен перзенттер жолды таңдауда азат. Луттың жұбайы кәпірлердің жолын таңдады, бірақ перзенттері әкесінің жолын таңдады.
«Ғанкабут» сүресінің 33-34-35 аяттары:
«وَلَمَّا أَن جَاءَتْ رُسُلُنَا لُوطًا سِیءَ بِهِمْ وَضَاقَ بِهِمْ ذَرْعًا وَقَالُوا لَا تَخَفْ وَلَا تَحْزَنْ إِنَّا مُنَجُّوکَ وَأَهْلَکَ إِلَّا امْرَأَتَکَ کَانَتْ مِنَ الْغَابِرِینَ»، «إِنَّا مُنزِلُونَ عَلَى أَهْلِ هَـذِهِ الْقَرْیَةِ رِجْزًا مِّنَ السَّمَاءِ بِمَا کَانُوا یَفْسُقُونَ»، «وَلَقَد تَرَکْنَا مِنْهَا آیَةً بَیِّنَةً لِّقَوْمٍ یَعْقِلُونَ»
Елшілеріміз Лұт (Ғ.С.)-қа келген сәтте олардың салдарынан қынжылып, көңілі тарайды. (Періштелер; көркем жас жігіттер түрінде еді. Б.Ж.Р.) Олар: "Қорықпа да кейіме. Сөз жоқ, кейін қалушылардан болатын жұбайыңнан басқа өзіңді де перзенттеріңді де құтқарамыз" деді. (33) "Бұл кент халқына бүзықтықтарының салдарынан көктен пәле жаудырамыз." (34) Расында ойлаған елге одан ашық өнеге қалдырдық. (35)
Құранның басқа аяттарынан хазірет Луттың Құдайдың періштелерін танымағаны белгілі. Себебі олар сұлу жас жігіттер бейнесінде көрінген болатын.
Сол себепті қонақтары лас, бұзық адамдардың зорлығына ұшырайды деп алаңдап, қайғыға салынып, меймандарының құрметін қалай сақтаймын деп ойлады.
Бірақ періштелер өздерін таныстырып, бұзақылардың қолдарының оларға жетпейтіндігіне сендірді. Себебі ол күнәһар қауым жақында олардан тіпті белгі де қалмайтындай, тек қираған үйлерінен басқа ештеңе қалмайтындай жазаға ұшырайтын болды.
Осы аяттарға сәйкес, қоғамда күнә жасауды қуаттап, соны кеңейту белгілі бір адамдар үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлығын Құдайдың қаһарына душар ететін қатерлі іс болды.
Құранның басқа аяттарына сәйкес, алдымен сол қауым тұрып жатқан жерді жермен-жексен еткен зілзала келді. Содан кейін олардың үстіне тастан жаңбыр жауып, барлық нәрсе мен барлық адам тас пен топырақтың астында қалды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Егер қоғам бұзақы болса, бұзақылық оның барлық бағандарына әсер етеді. Ондай жағдайда, тіпті пәк отбасы да өз үйлерінде қауіпсіздікке ие емес. Олар өздерінің перзенттері үшін алаңдайды.
2.Мейманның қауіпсіздік кеңістігін сақтау үй иесінің мойнында. Мейманның құрметі сақталуы керек.
3. Мүмін діни намысқа ие. Қай жерде қатер мен бұрмалаушылық, бұзықтықты байқаса, құрметсіздіктер мен пәксіздіктердің жанынан мән бермей өтіп кетудің орнына реакция білдіруі керек.
4. Отбасылық байланыстар мен жақсы адамдармен туыстық – адамның осы дүние мен ақыретте құтылуының жалғыз факторы емес. Хазірет Луттың әйелінің орны тамұқ болса, Перғауынның әйелі – жұмақта.