Сәу 19, 2017 21:37 Asia/Almaty

"Ғанкабут" сүресінің 36-40 аяттарының тәпсірі

«Ғанкабут» сүресінің 36-37 аяттары:

 «وَإِلَى مَدْیَنَ أَخَاهُمْ شُعَیْبًا فَقَالَ یَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّـهَ وَارْجُوا الْیَوْمَ الْآخِرَ وَلَا تَعْثَوْا فِی الْأَرْضِ مُفْسِدِینَ»، «فَکَذَّبُوهُ فَأَخَذَتْهُمُ الرَّجْفَةُ فَأَصْبَحُوا فِی دَارِهِمْ جَاثِمِینَ»

Мәдянға туыстары Шұғайып (Ғ.С.)-ты жібердік те: "Әй елім! Аллаға қүлшылық қылыңдар да ахирет күнінен үміт етіңдер. Жер жүзінде бұзақылық істеп, жүрмеңдер" деді. (36) Сонда елі оны жасынға шығарды. Сондықтан жер қатты сілкініп, жұрттарында типыл болды. (37)

Алдыңғы бағдарламада Лут қауымының оқиғасына сілтеме жасалды. Бұл аяттар хазірет Шұғайыптың ресалатына тоқталып: «Ол пайғамбар да басқа пайғамбарлар сияқты халықты Құдайға табынып, қияметке сенуге шақырып: «Күнә мен Құдайға бағынбаушылық жер бетінде бұзақылық пен бейбастақтыққа себеп болып, қоғамның жүйесін әділетсіздік пен зұлымдыққа душар етеді» деді» дейді.  

Бірақ, өкінішке орай, алдыңғы көптеген қауымдар сынды Шұғайып қауымы да оның пайғамбарлығын теріске шығарды. Олар хазіреттің сол қауымды түзету үшін айтқан жанашыр, ағалық насихаттары мен ақыл-кеңестеріне көзжұмбайлық танытты.

Құран былай дейді: «Сол теріске шығарушылық пен күнәнің салдары осы дүниеде Алланың қаһары мен жазасына ұшырау болды. Жер сілкініп, олардың барлығының көзін жойды» дейді. 

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Таухид пен қиямет пайғамбарлардың шақыруының негізі болды.

2.Пайғамбарлардың халықпен қатынасы үстемшілік талап ету мен өзін артық санау емес, ағалық, достық сипатқа ие болды.

3.Күнә жасаудың жалғыз өзі азаптың түсуіне себеп болмайды. Біле тұра, хабардарлықпен хақпен қарсыласу арқылы күнә жасау Алланың қаһарына ұшыратады.

«Ғанкабут» сүресінің 38 аяты:

 «وَعَادًا وَثَمُودَ وَقَد تَّبَیَّنَ لَکُم مِّن مَّسَاکِنِهِمْ وَ زَیَّنَ لَهُمُ الشَّیْطَانُ أَعْمَالَهُمْ فَصَدَّهُمْ عَنِ السَّبِیلِ وَکَانُوا مُسْتَبْصِرِینَ»

Сондай-ақ Ғад, Сәмүд (елі де жоқ болған). Расында сендерге олардың жұрттарынан-ақ байқалады. Шайтан олардың қылықтарын әдемі көрсетіп, оларды жолдан тосты; олар көріп, біліп тұрса да. (38)

Бұл аят Һуд пен Салеһ сынды пайғамбарлар оларға жетекшілік ету міндетіне ие болған Ад және Самуд қауымдарының соңдарына сілтеме жасайды. Олардың оқиғалары Құранның басқа да аяттарында айтылған бұл екі қауым пайғамбарларын теріске шығарып, хабардарлыықпен олардың бұйрықтарымен қарсыласты.

Құран Мекке халқына қаратып: «Бұл екі қауымның адамдары да Алланың қаһарына ұшырады. Меккенің солтүстігі мен оңтүстігінде, Шам мен Йеменнің жолында орналасқан олардың қалаларының қирандылары сендерге көрініп тұр. Сендер өз сапарларыңда оларды көресіңдер, алайда ғибрат алмайсыңдар» дейді. Аяттың жалғасы жазаға ұшыраудың себебін дүниенің әшекейлерімен оларды алдаған шайтанның соңынан еру деп атайды. Олардың ықтиярында ақыл, ішкі болмыс және пайғамбарлардың шақыруы сынды хақты танудың барлық құралдары болғанымен, олар тура жолдан тайып, жолсыздыққа түсті.

Осы аяттан үйренетініміз:
 1. Болашақ ұрпақ үшін ғибрат мәйегі болатын бұрынғы қауымдардың тарихи ескерткіштері сақталуы керек.

2.Шайтанның ісі – жаман нәрселер мен істерді көркем етіп көрсету. Адам өзінің ақылы мен ішкі болмысы бойынша сұрықсыз көретін нәрселерді шайтан әдемі, тартымды етіп көрсетеді. Мәселен, өзін үлкен санау, артықшылық іздеу, байлық және билікпен мақтану – шайтан адамның көзіне әдемі етіп көрсететін істер. 

«Ғанкабут» сүресінің 39-40 аяттары:

 «وَ قَارُونَ وَ فِرْعَوْنَ وَ هَامَانَ وَلَقَدْ جَاءَهُم مُّوسَى بِالْبَیِّنَاتِ فَاسْتَکْبَرُوا فِی الْأَرْضِ وَمَا کَانُوا سَابِقِینَ»، «فَکُلًّا أَخَذْنَا بِذَنبِهِ فَمِنْهُم مَّنْ أَرْسَلْنَا عَلَیْهِ حَاصِبًا وَمِنْهُم مَّنْ أَخَذَتْهُ الصَّیْحَةُ وَمِنْهُم مَّنْ خَسَفْنَا بِهِ الْأَرْضَ وَمِنْهُم مَّنْ أَغْرَقْنَا وَمَا کَانَ اللَّـهُ لِیَظْلِمَهُمْ وَلَـکِن کَانُوا أَنفُسَهُمْ یَظْلِمُونَ»

Қарұн, Перғауын және Һаманды да (жоқ еттік.) Расында Мұса (Ғ.С.) оларға ашық белгілер келтірген еді де олар жер жүзінде дандайсыған еді. Сонда да олар қашып құтыла алмады. (39) Олардың күнәларының салдарынан кейбіреулерін үстіне тас жаудырып, кейбіреулерін ащы дауыспен, кейбірін жерге жұттырып және кейбіреулерін суға батырып, бәрін қолға алдық. Алла Оларға зұлымдық етпеді. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті. (40)

Бұрынғы кейбір қауымдардың оқиғасын баяндағаннан кейін осы аят тарихтағы Қарун, Перғауын, Һаман сынды кейбір тәкәппар, кеудемсоқ адамдарға сілтеме жасайды. Қарун үлкен байлығына байланысты менмендік және тәкәппарлыққа салынды. Билік пен байлық Қарунды бүлік пен бағынбаушылықтың шыңына жеткізген болатын.

Һаман да Перғауынның уәзірі және оның қылмыстарының сыбайласы болды.

Хазірет Мұса бұл үш адамды дұрыс жолға шақырып, оларға ақыл-кеңес айтып, дәлелді аяқтады. Бірақ, олар хақтың алдында мойынсұнбады. Өздерінің бұрыс жолдары мен тәсілдерінен қол үзбеді. Олар Құдайдың үлкен пайғамбары болған хазірет Мұсаға қарсы тұрып, оның көзін жоймақ болды. Бірақ Құдайдың жігерімен жер Қарунды жұтты. Су да Перғауын мен Һаманды жеңіп, Ніл өзеніне батырды.  

Аяттардың жалғасы Құранның басқа да аяттарында егжей-тегжейлі түрде баяндалған Алланың осы дүниедегі жазаларына сілтеме жасайды: Ад қауымы тас жауынға душар болды. Тас жауын олардың үстіне жеті тәулік жауып, оларды жойды. Самуд қауымы аспаннан түскен найзағай мен жердегі зілзаладан өлді. Тағы бір адамдар жерге батып, немесе суға батып кетті. Бұл азаптар олардың осы дүниедегі жазалары болды. Осы аяттардан үйренетінміз:

1.Тәкәппарлық пен артықшылық талап ету – астамшылдардың өлімінің себебі. Билік пен байлық және басқа да мүмкіндіктер күнәһар адамдарды өлімнен құтқармайды.  

2.Құдайдың құдіреті барлық күштерден артық. Хақ діннің алдын алып, хақ жолындағылардың жолына тосқауыл болатындар Құдайға қарсы тұра аламыз деп ойламасын.

3.Алланың азабы бір түрлі ғана емес. Құдайдың қолы азаптың түр-түрі бойынша ашық. Күнәһарларды қандай түрде болмасын жазалай алады.

4.Әр адамның тағдыры өзінің жасаған істеріне байланысты.