Сәу 19, 2017 22:14 Asia/Almaty

"Ғанкабут" сүресінің 41-45 аяттарының тәпсірі

«Ғанкабут» сүресінің 41-42 аяттары:

 «مَثَلُ الَّذِینَ اتَّخَذُوا مِن دُونِ اللَّـهِ أَوْلِیَاءَ کَمَثَلِ الْعَنکَبُوتِ اتَّخَذَتْ بَیْتًا وَإِنَّ أَوْهَنَ الْبُیُوتِ لَبَیْتُ الْعَنکَبُوتِ لَوْ کَانُوا یَعْلَمُونَ»، «إِنَّ اللَّـهَ یَعْلَمُ مَا یَدْعُونَ مِن دُونِهِ مِن شَیْءٍ وَهُوَ الْعَزِیزُ الْحَکِیمُ»

Алладан өзгені ие етіп алғандар ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты. Шын мәнінде, үйлердің ең осалы – өрмекшінің ұясы. Егер олар білетін болса. (41) Сөз жоқ, Алла (Т.) олардың өзінен өзге кімге жалбарынғанын біледі. Ол, өте үстем, хикмет иесі. (42)

Алдыңғы бірнеше бағдарламада пайғамбарларға қарсы шыққан қырсық, қыңыр қауымдар мен адамдардың оқиғалары баяндалды. Осы сүренің атауы да содан алынған бұл аят көрнекті теңеу арқылы кәпірлердің жағдайын баяндап: «Олар Құдайдың орнына басқа адамдар мен заттарға табынады. Құдайдан басқа не болса да, кім болса да, тіпті Перғауын сынды ең мықты билеушілер де Құдайдың құдіретінің алдында қауқарсыз. Баяу желдің соғуымен шашылып қалатын әлсіз торлардан тоқылып жасалған өрмекшінің ұясы сынды» дейді. 

Шын мәнінде Құдайдан басқаға иек артатын адамдардың сүйеніштері өмірдің қиын жағдайында өрмекшінің әлсіз торына сүйенген сынды.

Егер мүшіріктер сүйенетіндерінің өрмекшінің торы сынды екендігін білгенде, оларға ермеген болар еді, оларға арқа сүйенбейтін еді. Олардың Жаратушыларының өзінің орнына мақұлықтарына баратындықтарын білетінін білгенде ол істерін қойып, Құдайға қайта оралатын еді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құран тәсілдерінің бірі – ақиқаттарды анықтау үшін тәмсіл мен теңеу келтіруінде. Ең жақсы мысалдар – барлық мекендер мен барлық уақыттарда халықтың барлық таптары үшін түсінуге лайық мысалдар.

2. Иманның негізі мықты, тұрақты. Бірақ шерктің негізі өте әлсіз әрі тұрақсыз.

3 Өрмекшінің ұясы сынды әлсіз нәрсеге сүйенудің орнына жеңілмейтін, хәкім Құдайды іздейік.

«Ғанкабут» сүресінің 44-43 аяттары:

 «وَتِلْکَ الْأَمْثَالُ نَضْرِبُهَا لِلنَّاسِ وَمَا یَعْقِلُهَا إِلَّا الْعَالِمُونَ »، «خَلَقَ اللَّـهُ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَآیَةً لِّلْمُؤْمِنِینَ»

Міне, осы мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ оларды білгендер ғана түсінеді. (43) Алла көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Расында бұнда иман келтіргендер үшін бір дәлел бар. (44)

Бұл аяттар Құранның мысалдарының маңызына сілтеме жасап, былай дейді: «Бұл тәмсілдерді қарапайым, пайдасыз деп ойламаңдар. Бұлар – иман мен күпіршіліктің ақиқатын айқындау үшін баяндалған Құдайдың сөзі. Егер бұл тәмсілдер адамдарға қарапайым, кәнігі, әдеттегі болып көрінсе, данышпандар үшін терең де құнды жайттарға ие, яғни, ғылыми тұрғыдан көңіл бөлу арқылы қол жеткізілетін, ақыл оларды жақсы түсінетін нақты жайттар».

Аяттардың жалғасы Құдайдың жаратушылығын қуаттап, былай дейді: «Барлық нәрсені білетін Құдай – ғазиз әрі хәкім. Ол жаратылысты босқа, мақсатсыз жаратқан жоқ. Керісінше, хақ негізінде жаратты. Иман иелері мұны түсінеді, бірақ мүшіріктер мен кәпірлер бұл ақиқатты түсіне алмайды».

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құрани мысалдар терең де нақты. Тек данышпандар мен хабардарлар ғана оны оның тереңдігін түсіне алады.

2.Әлем кездейсоқтық емес, анық бағдарлама мен мақсат негізінде жаратылған.

3. Мүшіріктер мен кәпірлер болмыстың құбылыстарын тануда тосылып қалады. Бірақ иман иелері құбылыстардан өтіп, оларды Құдайдың болмысының белгілері деп танып, Құдайды тануға жетеді.

«Ғанкабут» сүресінің 45 аяты:

 «اتْلُ مَا أُوحِیَ إِلَیْکَ مِنَ الْکِتَابِ وَأَقِمِ الصَّلَاةَ إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَى عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنکَرِ وَلَذِکْرُ اللَّـهِ أَکْبَرُ وَاللَّـهُ یَعْلَمُ مَا تَصْنَعُونَ»

) Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз, намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине, Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі. (45).

Бұл аят исламның ұлық пайғамбарына қаратып айтылған. Бірақ тек ол хазіретпен шектелмей, бүкіл иман иелерін қамтиды. Құдай мүміндердің назарын көбірек аудару үшін пайғамбарына тікелей арнаған.

Осы аятта екі іске кеңес берілген: бірі Құран оқу, келесісі – намаз оқу.

Бұл екі істі үзбей орындаудан адамдардың өмірінде көптеген оң әсерлердің болатындығы түсінікті.

Олардың әлсіздіктері мен осалдықтары имандарының әлсіреуіне себеп болады. Құран мен намаз – иман адамдары үшін күш-жігер сыйлайтын екі қайнар көз. Құран оқыған кезде, егер илаһи аяттардың мағынасы мен мәніне көңіл аударылса, әсерлерінің артып, иманның нығаюына себеп болатындығы белгілі.

Күніне уәжіп намаздың 17 рекетін қамтитын намаз егер дұрыс әрі ықыласпен оқылатын болса, адамның күнәлар мен жаман істерден бойын аулақ салуына негіз әзірлейді. Намаздың пайдаларына адамды жанының ластануынан тазартуы жатады. Бірақ намаздың күнәлардан сақтау ерекшелігі – оның ең кішкентай ерекшелігі. Намаздың ең маңызды пайдасы – Құдайды еске алу мен Құдайдың мейірімі мен нығметтерін еске алу. Бұл еске алу бәрінен артық әрі құнды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құран мен намаз оқу ислам дінінің тәрбиелік бағдарламаларының басында орналасқан. Діни жетекшілер осы тұрғыдан көп кеңес берген.

2.Құран діннің кейбір ахкамдарының философиясын баяндады. Соның ішінде адамдардың жамандықтардан алыстауына себеп болып, оның Құдайға көңіл аударуының факторы болатын намазға.

3.Құран және намаз оқу сынды игі ғамалдарды орындау  табиғи түрде адамды жаман істерден алыстатады.

4. Адамдар мен қоғамды түзетуде намаз орасан рөлге ие.