Сәу 19, 2017 22:31 Asia/Almaty

"Ғанкабут" сүресінің 46-49 аяттарының тәпсірі

«Ғанкабут» сүресінің 46 аяты:

 «وَلَا تُجَادِلُوا أَهْلَ الْکِتَابِ إِلَّا بِالَّتِی هِیَ أَحْسَنُ إِلَّا الَّذِینَ ظَلَمُوا مِنْهُمْ وَقُولُوا آمَنَّا بِالَّذِی أُنزِلَ إِلَیْنَا وَأُنزِلَ إِلَیْکُمْ وَإِلَـهُنَا وَإِلَـهُکُمْ وَاحِدٌ وَنَحْنُ لَهُ مُسْلِمُونَ»

Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. (Сыпайы, дәлелді түрде қанағаттандырыңдар.) Оларға: "Бізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Құдайымыз бен сендердің Құдайларың біреу. Біз Оған бой ұсынғандармыз" деңдер. (46)

Алдыңғы аяттарда Құдайды теріске шығаратын мүшіріктер және кәпірлермен пікірталастырудың тәсіліне сілтеме жасалды. Бірақ бұл аят мәсихилер және яһудилер сынды кітап иелерімен пікір таластыру тәсілін баяндайды. Алдымен жалпы бір принцип ретінде былай дейді: «Кітап иелерімен сөйлескен кезде оларды сыйлаңдар. Олармен сөйлескен кезде әдепті әрі достық леппен, дәлел және қисынмен сөйлесіңдер. Сендердің сөздерің оларға әсер етіп, хақ талап етуші, ақиқат іздеуші адамдар исламға тартылуы үшін артықшылық талап етуді көздемеңдер» дейді. 

Әдеппен сөйлесіп, өзара құрметті сақтауды қаламайтын адамдардың бұл қағидадан тысқары екендігі түсінікті. Сендердің сыйлы қатынастарың тәкәппар, менмен адамдардың алдында қорлануларыңа себеп болмасын» дейді.

Аяттың жалғасы аспандық діндер арасындағы ортақтастықтарға көңіл аударудың қажеттігіне сілтеме жасап: «Келіспеушілік жайттардан бастаудың орнына сөйлескен кезде илаһи діндердің ізбасарларының бірлігі мен ортақтастықтары болып табылатын Құдай мен аспандық кітаптарға деген иманның өзегінен бастаңдар. Олардан барлығынан Құдай мен оның бұйрықтарына бағынуды сұраңдар» дейді.

Осы аяттадан үйренетініміз:

1.Мұсылман еместермен сөйлескенде қорлау, келеке етіп, кемсітуден абай болайық. Сұхбаттар дәлел мен дәйектер және қисынға негізделіп, түзететін түрткілерге ие болуы керек. Діндес мұсылмандармен де осы принциптерді сақталу керек.

2. Ислам діні аспандық діндер арасындағы пікір алмасу мен түзу сұхбаттардың ортақтастықтар негізінде жүргізілуін қуаттайды.

3. Құдай мен пайғамбарларға иман келтіру жеткіліксіз. Сонымен қатар олардың бұйрықтарына бағынып, оларды орындау қажет.

«Ғанкабут» сүресінің 47 аяты:

«وَکَذَلِکَ أَنزَلْنَا إِلَیْکَ الْکِتَابَ فَالَّذِینَ آتَیْنَاهُمُ الْکِتَابَ یُؤْمِنُونَ بِهِ وَمِنْ هَـؤُلَاءِ مَن یُؤْمِنُ بِهِ وَمَا یَجْحَدُ بِآیَاتِنَا إِلَّا الْکَافِرُ‌ونَ»

(Мұхаммед Ғ.С.) осылайша саған Кітап түсірдік. Сондықтан өздеріне кітап бергендеріміз оған сенеді. Және осылар (араптар) дан да оған сенетіндер бар. Аяттарымызға кәпірлер ғана қарсы келеді. (47)

Құдай Мұса мен Иса пайғамбарларға Таурат пен Інжілді түсіргені сынды исламның пайғамбарына да Құранды жіберді. Барлық пайғамбарлардың кітаптарының негіздері – Құдайдың сөзі. Сол себепті олардың арасында келіспеушілік жоқ. Мұсылмандардың бұрынғы пайғамбарлардың кітаптарына сенетіндіктері сынды басқа діндердің ізбасарларынан да Құранға иман келтіріп, оны құрметтеу күтіледі. Себебі, жалпы принциптер тұрғысынан Құранның тағылымы бұрынғы пайғамбарлардың кітаптарындағы ағартушылық ілімдермен үйлеседі. 

Аяттардың жалғасы былай дейді: «Кітап иелері ғана емес, сонымен қатар мүшіріктер мен пұтқа табынушылар да ақиқат талап етуші болып, Құранға иман келтіріп, исламды қабылдауы керек. Бірақ хақты түсінген қырсық кәпірлер әртүрлі себептермен оны қабылдауға әзір емес. Оны теріске шығарады» дейді. Бірақ Құранның ақиқатына еш нұқсан келмейді. Олардың бұл істері өз үйінің бөлмесінің терезесінің алдына қалың перде тұтып, күннің нұрының бөлмесіне түсуіне рұқсат бергісі келмейтін адамның ісі сынды. Ол бұл ісімен күннің нұрын кеміте алмайды. Тек өзін күннің нұрынан мақұрым етеді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Құран алдыңғы пайғамбарлардың кітаптарын құрметтеуімен қатар басқа діндердің ізбасарларын да исламға шақырады.

2.Құдайға мойынсұнатын адам бұрынғы пайғамбардың діні мен оның өзіне әсірешілдікпен ермей, келесі пайғамбардың келуімен сол пайғамбар мен оның кітабына иман келтіреді.

«Ғанкабут» сүресінің 48-49 аяттары:

اکنون به تلاوت آیات 48 و 49 از سوره عنکبوت گوش می‌سپاریم:

«وَمَا کُنتَ تَتْلُوا مِن قَبْلِهِ مِن کِتَابٍ وَلَا تَخُطُّهُ بِیَمِینِکَ إِذًا لَّارْ‌تَابَ الْمُبْطِلُونَ»، «بَلْ هُوَ آیَاتٌ بَیِّنَاتٌ فِی صُدُورِ‌ الَّذِینَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَمَا یَجْحَدُ بِآیَاتِنَا إِلَّا الظَّالِمُونَ»

Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де, оны қолыңмен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар күдіктенер еді. (48) Олай емес. Негізінде Құран өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді. (49)

Құран аяттарының бұрынғы аспандық кітаптардың аяттарымен үндестігімен қатар осы аят Құранның ақиқаттығының келесі бір белгісіне сілтеме жасап: «Ислам пайғамбары Құран түсерден бұрын не мұғалім мен оқытушыдан дәріс алған жоқ, не мектепке барған емес, не кітіп оқыған жоқ, не мәтін жазған емес. Мүбада, пайғамбардың шақыруын жойғысы келуді мақсат етушілер күдік-күмәнға бой алдырып: «Құран бұрынғы кітаптарды оқыған соң жазылды. Ресалат туралы айтатын оның сөзі өтірік» деп жүрмесін» дейді.

Оқымаған, ұстазы болмаған адамның осындай жоғары тағылымды ұсынуы ол кезде арабтардың арасында бұрын-соңды болмаған оқиға еді. Көптеген жайттарда сол кезде таралған мәдениетке қарсы тағылымдарды баяндады. Мұның өзі Құранның мұғжизасының дәлелдерінің бірі.

Сол себепті аят жалғасында: «Бұл кітаптың ақиқаттығының белгілері оның аяттарынан жасырын  көрініс тапқан. Білім мен мағрифат адамдары оны түсінеді.Өздеріне зұлымдық жасаушылар оны теріске шығарады» дейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Кейде Құдайдың қалауымен оқымаған адам адамзаттың мәдениетін өзгертеді. Ал оқыған адамдар діни руханилықты теріске шығару арқылы адамзат қоғамының бұрмалануына себеп болуда.

2.Дұшпандардың кез келген теріс пайдаланушылығы мен сылтау іздеушілігіне тосқауыл қою керек.

3.Нағыз ғылым мен мағрифаттың адамдары Құранның ақиқатын бүкіл болмыстарымен түсінеді.