Жетекшілік хадисі 115
Исламның ұлық пайғамбары кейбір арнайы жағдайда ғайбат айтуды рұқсат санап: «Үш топ, атап айтқанда залым патша, әшкере түрде күнә жасайтын бүлікшіл мен бедғат енгізушілер туралы ғайбат айтуға рұқсат берілген»,- деген.
Ислам діні – ортаны ұстайтын, шектен шығушылықты айыптайтын дін. Яғни, ғайбатты мұсылманның жеке және қоғамдық мүдделерін қорғау үшін бұрыс деп санағандай, дәл сол мүддені қорғау үшін кейбір адамдар туралы ғайбат айтуды рұқсат санайды. Зорлық-зомбылық көрген адамның залымның кемшіліктерін айтуы – ғайбатқа рұқсат етілетін жайттардың бірі. Өйткені Ұлы Алла «Ниса» сүресінің 148-ші аятында: «Алла (Т.) жаман сөздің жарияланып, сөйленуін жақсы көрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Алла әр нәрсені естиді, біледі»,- деп айтқан. Алайда зорлық-зомбылық көрген адам тек көрген зұлымдығы туралы баяндау рұқсатына ғана ие. Егер залымның зорлық-зомбылыққа қатыссыз кемшіліктерін айтса, оның сөздері ғайбат болып, харам саналады. Алла елшісінің айтуынша, ғайбат айтуға рұқсат етілген келесі топқа әшкере түрде күнә жасайтын бүлікшіл адамдар жатады. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Бүлікші күнәні әшкере жасағаннан бастап, қадір-құрметтен айырылады. Сол себепті ол туралы ғайбат айтуға рұқсат» деп айтқан болатын. Исламның ұлық пайғамбары: «Ұятынан айрылған адам туралы айту – ғайбат емес»,- деген. Яғни, оны айыптау ғайбатқа жатпайды. («Бихар әл-Анвар», 72-ші том). Сондай-ақ, ұяттан айрылып, халықтың алдында жамандық жасаса, ол туралы да айту ғайбат саналмайды». Ғайбат айтуға рұқсат берілген келесі адамдарға Алланың дініне бедғат енгізгендер жатады. «Бедғат» деп Құран мен Исламның ұлық пайғамбарының сүннеттеріне қайшы келетін наным-сенім немесе әрекет енгізіп, халықтың адасуына себеп болатын іске айтылады. Бұл адамдар туралы ғайбат айту халықтың олар туралы хабардар болып, алданбауына себеп болады. Бедғат енгізуші туралы айту ғайбат саналмағандықтан, Ұлы Алла оның бұрмалаушылықтарын әшкерелейтін әрекеттерді сауап ретінде тіркейді. Имам Садық (ғ.с.) Алла елшісінің «Менен кейін бедғат енгізетіндерді көрсеңдер, оларға жиіркеніштеріңді білдіріп, халықты олардан алыстатыңдар. Олардың бедғаттарын үйренбеңдер. Алла Тғала сендердің бұл жұмыстарың үшін сауап жазып, ақыретте орындарыңды жоғарылатады»,- деген сөзін жеткізген. Алайда бедғат енгізуші туралы ғайбатқа, егер басқаларды бұрмаланған және адастыратын жолдан қорғау үшін болмаса рұқсат емес. Адам ақылдасу үшін келген кезде жақсылық үшін шындықты айтуы керек. Мәселен, егер ақылдасу үйлену үшін немесе лауазым беру үшін болса, мәліметті айтпау қиянат саналады. Алла елшісінің рауаяттарының бірінде: «Ақылдасатын адам сенімді болуы керек»,- деп айтылған. Мүміннің жаны мен мүлкі немесе абыройы қатерге тірелсе және тек ғайбат айту, яғни, оның кемшіліктері мен жамандықтарын айту қатерді төмендетін болса, рұқсат болып табылады. Жиындардың бірінде имам Садық (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі Зораре бен Аиннің жамандықтары туралы айтылады. Біраздан кейін Зораренің ұлы Абдоллаға: «Әкеңе айт, егер біз оның кемшіліктері туралы айтсақ, сұм адамдардан құтқару үшін айтамыз. Өйткені, Құранның «Каһф» сүресінің 79-шы аятында залым патша тартып алмасын деп, хазірет Мұсаның қасындағылардың кемені тескені туралы айтылған. Сондықтан, әкеңе айт. Зейін салып, тыңдасын. Ол дұрыс жолға нұсқайтын теңізде жүзіп жүрген ең жақсы кемелердің бірі болғандықтан, бірақ одан мұндай кемелерді тартып алатын болғандықтан, оның ішіндегілерді өз бақылауына алады. Оған осы өмірі мен ақыретінде Алланың рақымы жаусын»,- деді.