Сәу 24, 2017 18:27 Asia/Almaty

"Ғанкабут" сүресінің 50-55 аяттарының тәпсірі

«Ғанкабут» сүресінің 50-51 аяттары:

 «وَقَالُوا لَوْلَا أُنزِلَ عَلَیْهِ آیَاتٌ مِّن رَّ‌بِّهِ قُلْ إِنَّمَا الْآیَاتُ عِندَ اللَّـهِ وَإِنَّمَا أَنَا نَذِیرٌ‌ مُّبِینٌ»،«أَوَلَمْ یَکْفِهِمْ أَنَّا أَنزَلْنَا عَلَیْکَ الْکِتَابَ یُتْلَى عَلَیْهِمْ إِنَّ فِی ذَلِکَ لَرَ‌حْمَةً وَذِکْرَ‌ى لِقَوْمٍ یُؤْمِنُونَ»

Олар: "Оған Раббынан неге мұғжизалар түсірілмейді?",- десті. "Мұғжизалар Алланың ғана жанында. Шын мәнінде, мен ашық ескертуші ғанамын" де. (50) Әрине, оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз өздеріне жетіп аспай ма? (Одан артық мүғжиза бола ма?) Сөз жоқ, Құранда иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар. (51)

Алдыңғы бағдарламада Құран мен исламның ұлық пайғамбары ресалатының шынайылығының белгілері баяндалды. Бұл аяттар былай дейді: «Осы белгілерге қарамастан, кәпірлер тағы да сылтау іздеп, Мұхаммед неліктен Мұса мен Исаның мұғжизаларына ұқсас мұғжиза әкелмейді. Біз одан талап еткенімізді неліктен орындамайды? Неліктен шөл далаларда бұлақтар ағызбайды? Неліктен өзінің Құдайынан бізге жазылған хат әкелмейді?» десті.

Пайғамбарлар сиқыршылар сынды халық олардың айналасына жиналуы үшін таңқаларлық істер жасамайды. Олардың негізгі міндеті – халыққа адамның ақылы мен қисыны және болмысымен үйлесетін ескерту және сүйіншілеу арқылы жетекшілік ету. 

Қарсыластар өткінші материалды мұғжизаларды талап етті. Құран – исламның ұлық пайғамбарының рухани әрі мәңгілік мұғжизасы. Жоғары мазмұнға ие кітап оқу оқымаған, мектепке бармаған, бірақ Алланың мейірімінің арқасында тарих бойында адамзаттың мұғаліміне айналған адам арқылы әкелінді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Соңғы пайғамбардың мұғжизасы – мәңгілік әрі әлемдік деңгейге ие сөз.
  2. Құран – жан-жақты, толыққанды, адамның рухани қажеттіліктеріне жауап беретін, барлық ғасырлардағы барлық ұрпақ үшін түсінікті кітап.

3.Құран – адамның қапылдықтан алыстап, Алланың шексіз мейірімі мен рақымына ие болуының факторы.

«Ғанкабут» сүресінің 52-53 аяттары:

 «قُلْ کَفَى بِاللَّـهِ بَیْنِی وَبَیْنَکُمْ شَهِیدًا یَعْلَمُ مَا فِی السَّمَوَاتِ وَالْأَرْ‌ضِ وَالَّذِینَ آمَنُوا بِالْبَاطِلِ وَکَفَرُ‌وا بِاللَّـهِ أُولَـئِکَ هُمُ الْخَاسِرُ‌ونَ»، «وَیَسْتَعْجِلُونَکَ بِالْعَذَابِ وَلَوْلَا أَجَلٌ مُّسَمًّى لَّجَاءَهُمُ الْعَذَابُ وَلَیَأْتِیَنَّهُم بَغْتَةً وَهُمْ لَا یَشْعُرُ‌ونَ»

Алла мені мен сендердің арамызда куәлікте жеткілікті. Өйткені Ол көктердегі әрі жердегі нәрселерді біледі. Сондай бос нәрселерге сеніп, Аллаға қарсы келгендер, міне солар; зиянға үшыраушылар. (52) (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен азапты тездетіп тілейді. Егер мерзім белгіленген болмаса, әлбетте оларға апат келер еді. Әрине, олар сезбеген түрде азап келеді (53).

Осы аяттар бір жағынан ислам пайғамбарын жұбатып: «Егер кәпірлер сенің пайғамбарлығыңды теріске шығарса, өз жолыңда солқылдақтық танытып, көңілің түспесін, себебі, Құдай сенің талпыныстарыңнан хабардар, саған қолдау көрсетіп, демеушілік жасайды» десе, пайғамбар кәпірлерге: «Егер мен шынымен пайғамбар болмасам, мұндай сөздерді өтірік айтып, Құдаймен байланыстырған боламын. Барлық нәрседен хабардар Құдай менің ісімнен де хабардар. Сол себепті менің де өтірігімді шығарады» деді.  

Аяттардың жалғасы: «Бірақ қырсық кәпірлер: «Егер рас айтсаң, бізге Құдайдың азабын түсір» деді. Олар Құдайдың адамдарға осы дүниеде өмір жолын таңдауда азаттық пен еркіндікке ие болуы үшін мұрсат беретінін білмейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Кәпірлердің күпіршілік пен жалғандық жолында қадам басып, Құдайға иман келтірмеуі иман иелерінің көңілдерінің түсуіне себеп болмасын, себебі Құдай барлық жерде құзырға ие, әрі бақылаушы. Соңында шығын мен зиянға ұшырайтындар – кәпірлер.

3. Құдай пайғамбардың шынайылығын растап, оған куәлік етеді.

4. Алланың қаһары асығыстық емес, даналық негізінде, хабарсыз, қырсық адамдардың қалауы бойынша емес,  Алланың қалауы бойынша жүзеге асады.

«Ғанкабут» сүресінің 54-55 аяттары:

«یَسْتَعْجِلُونَکَ بِالْعَذَابِ وَإِنَّ جَهَنَّمَ لَمُحِیطَةٌ بِالْکَافِرِ‌ینَ»، «یَوْمَ یَغْشَاهُمُ الْعَذَابُ مِن فَوْقِهِمْ وَمِن تَحْتِ أَرْ‌جُلِهِمْ وَیَقُولُ ذُوقُوا مَا کُنتُمْ تَعْمَلُونَ»

Олар өзіңнен апаттың жедел келуін сұрайды. Сөз жоқ! Тозақ кәпірлерді әрине орап алады. (54) Сол күні апат оларды төбелерінің үстінен де, аяқтарының астынан да қоршап алады да: "Істеріңнің дәмін татыңдар" дейді. (55).

Кәпірлердің азапты түсірудегі асығыстық танытқан масқара талаптарын баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Неліктен жөнсіз асығыстық танытасыңдар? Осы қазірдің өзінде де жәһаннамда – зұлымдық пен әділетіздіктің, соғыс пен қантөгістің, қауіп-қатер мен бейберекетсіздіктің, алаңдаушылық пен күйзеліс жәһаннамында өмір сүріп жатырсыңдар, бірақ түсінбейсіңдер».

Олар азапты тек топан су мен зілзала деп ойлады. «Сендер істеп жатқан істеріңнің адам мен қоғамға қиындықтар мен тауқіметтен басқа нәтижесі болмайды. Сендердің осы дүниедегі азаптарың – сендердің жөнсіз істеріңнің салдары.

Ақыретте де жалындап, жан-жақтан сендерді жалмайтын, тозаққа енесіңдер. Ол жерде қашатын жол қалмайды».

Осы аяттардан үйренетініміз:

  1. Құдайдың кәпірлерді осы дүниеде өлтіруді кешіктіруі олардың тәубеге келіп, дұрыс жолға оралуы үшін мұрсат. Алайда олар бұл мұрсатты пайдаланбайды.

2.Әрбір істің ақыретте көрініс табатын нәтижесі болады. Тозақ – адамның осы дүниедегі істерінің көрінісі.