Илаһи басшылар 1
Исламның күнінің жылуы мұсылмандардың өміріне жылу берген сайын тәкаппарлық пен менмендік ақсүйектерді өртеп, олардың өрмекшінің торындай торларын әлсіретті.
Араб аралы ырымшылдық, бейбастақтық пен надандыққа батып, пұтқа табынушылық Меккенің мүшірік қоғамында жайылып, адамдары тастардың үйіндісіне бас иіп, масқара болған кезде Исламның күні қара бұлттар мен надандық торының артынан ақырындап шығып, өзінің нұрымен Меккеге жарығын түсірді. Бұл нұр басында шектеулі болып, оның жарығы мен жылуы арабтың тәкаппар ақсүйектері үшін байқаусыз қалды. Бірақ, көп ұзамай ақсүйектердің көздері пәк Ислам дінінің нұрына төзе алмай, тормен шырмалды. Ал жәбір көргендер, әлсіздер мен құлдардың көздері мен жүректреі керісінше жарықты көрді. Исламның күнінің жылуы мұсылмандардың өміріне жылу берген сайын тәкаппарлық пен менмендік ақсүйектерді өртеп, олардың өрмекшінің торындай торларын әлсіретті. Ислам басында тек «Айт: Алладан басқа Құдай жоқ» деген ұранын баяндады. Бірақ бұл ұран аспан мен жерде тамырын жайғаны сондай, мүшіріктердің оған қарсы көптеген жылдар іске бойы жасаған әрекеттері нәтижеге жетпеді. Исламның күні туып, әлемді өзінің нұрымен жарқыратты.

Бұл өзгерістің айбындығын түсініп, Ислам мен илаһи басшылардың адамзат әлемін дамыту және абадтандырудағы рөлімен танысу үшін бәрінен бұрын сол кездегі саяси қоғамдық жағдай туралы білу керек.
Арабстан түбегі немесе Араб аралы үш миллион текше километр көлемімен үш жақтан сумен қоршалған. Оның батысында Қызыл теңіз, оңтүстігінде Аден шығанағы мен Үнді мұхиты, шығысында Парсы шығанағы мен Оман теңізі орналасқан. Өткен заманда Арабстанда өмір сүрудің көптеген қиындығы болды. Әлеуметтік, мәдени және экономикалық мәселелер күнделікті тұрмысты ауырлатты. Арабтар тайпаларға бөлініп, көшпенді түрде өмір сүретін. Олардың тіпті қалаларда өмір сүретіндерінің өздері тайпалық байланыстарын сақтап қалған еді. «Тайпа» деп бірінші аталарының есімін ортақ есім ретінде таңдап танымал болған қандас туыстардың бірлестігіне айтылады. Қатерге толы далада өмір сүру арабтарды әрқашан қандас жақындарының қасында қоныстануға мәжбүрлегендіктен олар бірте-бірте бір-бір тайпаны құрайтын болды. Негізінде арабтар қатердің алдын алу үшін қаны бір және шежірелік тұрғыдан байланыстары бар адамдармен қарым-қатынас орнатуға шешім қабылдады. Мұндай өмір сүру тәсілі оларды дұшпандарынан қорғап, басқа тайпаларға шабуыл жасауға мүмкіндік берді. Көшпелі өмірден туындаған мұндай қажеттілік тайпалық өмірдің олар үшін маңызды болуына себеп болды. Сондықтан тайпаның мүшелері артық болған сайын олардың құрметі мен құдыреті арта түсті.

Тайпалық өмірдің маңызды мәселесі орталық үкіметтің болмауы болып табылады. Тіпті, Мекке мен Ясреб сынды қалаларда патшалық, әмірлік жүйе немесе оның үкіметтік мекендері мен зындандары болмады.
Наным-сенім тұрғысынан да арабтардың көбі мүшірік болды. Құран Кәрімде мүшірік деп пұтқа табынушыларға айтылған. Негізінде, шерк пұтқа табынудан кеңірек. Олар бұрынғы кезеңдерде хазірет Ибрахимнің тауһидтік дініне табанды болған. Ханиф діні арабтардың арасында өмір сүрген хазірет Ибрахим, оның перзенті хазірет Исмаил мен әйелі Хаджарды еске салады. Бірақ, бірте-бірте тауһидке деген наным-сенім төмендеп, оның орнын шерк пен пұтқа табынушылық басты. Мұндай ұстанымға кейбір таупа басшыларының тауһидтің орнына пұтқа табынушылықты қабылдатқызғысы келгені себеп болды. Кейбір араб тарихшыларының айтуынша, Амру бен Лухаи пайда болғанша арабтардың көбі хазірет Ибрахимнің дінінің жақтастары болды. Ол Хобл пұтын Меккеге әкеліп, халықты соған құлшылық етуге шақырды. Содан бастап пұтқа табынушылық таралды. Надандық арабтарды тауһидтік білімнен мақұрым етіп, пұтқа табынуға шырмаған келесі себеп болды. Сондықтан, Меккеден сапарға шыққан әр адам харамның тастарынан тасты өздерімен бірге алып кетіп, жолда соларға ғибадат ететін. Бірнеше ұрпақтан кейін бұл әрекеттері олардың ханиф дінін ұмытып, толық пұтқа табынушыларға айналуына сеебп болды. Арабтардың көбі Алланы әлем мен адамның Жаратушысы санап, оған сенім артқанымен, оған серік іздеген. Серіктерінің саны басында аз болып, бірте-бірте олардың саны артып, Исламның ұлық пайғамбары беғсатын бастаған кезде бір жылдағы күндердің санына жуықталған, яғни 360-тан астам пұт Қағбада жинақталған еді. Олардың арасындағы ең танымалы үшеу болды: Лот, Манат және Узи. Оларды құдайдың қыздары деп атаған. Надан арабтар сол пұттарға табыну құдайдың көңілінен шығады деп санады.

Арабстанда білім беру жүйесі мағынасыз болып, оқу мен жазу таралмай, тек бір азғантай адам ғана жазу білген. Сондықтан ол жерде адамдар кітап оқып, олардың білімдері артып, ғылымдары алға ілгеріледі деп күтуге болмайтын. Араб тайпалары арасында құдырет пен сүннеттен басқа еш нәрсе қоғамдық әрекетке айналмады. Күштің көптеген құны бар. Күштің құндылығы – ердің артық болуы мен ердің билігінде. Ер адам әйелі мен перзенттерінің иесі болып, оларға қатысты шешім қабылдай алады. Надандық арабтардың өмірінің барлық тұрғыларына таралған. Сән-салтанат, талан-тараж, нәсілшілдік, дүниеқұмарлық пен пұтқа табынушылыққа ластану надандықтың сыртқы көріністері болды. Олардың наным-сенімдері мен ахлағы дұрыс болмады. Кейбір араб тайпаларының өз қыздарына жасаған зұлымдықтары олардың надандықтарының белгілерінің бірі еді. Құран Кәрімде Алла Тағала егер сол кезде ер адамға әйелінің қыз туғаны туралы хабарлаған кезде оның ызаланып, жүзінің қарайып кететіндігін баяндайды: «Егер, олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды». («Наһл» сүресі, 58-ші аят) және «Олардың біреуіне Аллаға арнағанының ұқсасы сүйіншіленсе, (қатынын қыз тапты делінсе), беттері қарайып, оны ашу кернейді». («Зухруф» сүресі, 17-ші аят). Өйткені ол қызын «..Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе?» екенін білмеді. (“Наһл» сүресі, 59-шы аят). Олар қызды қабылдай алмай, тірідей көметін.

Аятолла Хаменеи Исламның ұлық пайғамбарының беғсатына дейін адамзат қоғамын шырмаған надандық туралы: «Бір жақтан қоғамды нәпсілік және жыныстық шаһуат пен соған ұқсас сипаттар биледі, басқа жақтан адамдар шаһуаттарына бағынып, шектен шығып, тіпті өз балаларын өлтірген»,- деді.
Араб аралының айналасындағы сол кездегі Иран мен шығыс Рим империяларының жағдайы тыныш болмады. Бұл кезеңде әлемнің үлкен бөліміне билік жүргізген бұл екі үлкен әрі құдыретті үкімет әлемге толығымен өз билігін орнату үшін бір-бірімен соғысатын. Ирандықтар мен римдықтардың арасындағы көптеген соғыстар 531-589 жылдардағы Ануширван билігі кезінен басталып, Хосроу Парвиздің кезіне дейін 24 жылға созылды. Ұзаққа созылған соғыс Иран мен Римге ауыр шығын келтірді. Саид Нафиси «Иранның қоғамдық тарихы» атты еңбегінде Ислам пайда болған кездегі ирандықтардың жағдайы туралы: «Иран халқының арасына айырмашылық әкелген мәселе Сасани билігінің Иранда орнатқан таптар арасындағы айырмашылық, кейбіреулерінің көптеген артықшылықтарға ие болуы болды. Оның тамыры бұрынғы өркениеттерде қалыптасты. Бірақ Сасани билігі кезінде қиындықтар арта түсті. Жеті ақсүйек жанұя, олардан кейін бес тап басымдылықтарға ие болып, жалпы халық мақұрым қалды. Бүкіл мүлік жеті отбасының ықтиярында еді»,- деп жазды. Басқа жақтан сол кезде ең үлкен әрі ең күшті үкіметтердің бірі болған шығыс Рим империясы (Византия) түбектің шекараластарының бірі ретінде алтыншы ғасырда Юстиниан императорының басқаруымен қантөгістерге шырмалды. Римның бұл императорының алтыншы ғасырдағы саясаты халқының нашар жағдайда күй кешуіне себеп болды. Көбі христиан дінін қабылдаған Византия халқы өз билігін Құдайдың қалауы деп санаған Юстинианның кезінде көптеген қиындықтармен кезікті.

Осындай жағдайда Ислам жаман шындықтарға қарсы тұрып, бүкіл әлемге ескерту жасап, илаһи жолдауға ие қасиетті тұлғаны жіберіп, әлемді өзгертті. Ол тауһид дауысын көтеріп, үміт пен өмірдің нұрын жүректерге қондырды. Мұхаммад деген ұлы тұлға келді. Құран оны жарқыраған шырақ деп атайды