Maм 01, 2017 17:41 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 116

Жала жабу – әртүрлі өтіріктің ең жаман түрі. Өйткені, өтірікпен бірге ғайбат айту және басқаларға зұлымдық пен зорлық-зомбылық көрсету қатар келеді.

Рауаяттарға сәйкес, Алла елшісі күндердің бірінде сахабаларының ортасында отырған кезде: «Сендерге ең жаман адамның кім екенін айтайын ба?»- деп сұрағанда « Иә, Алланың елшісі»,- деп жауап берген. Сонда хазірет: «Ең жаман адам басқалармен барымен бөліспейтін, қолында барын тек өзі пайдаланатын адам»,- деген. Сахабалары хазіреттің бұл сөзін естіп, айтқан адамднан жаман адам жоқ деп ойлайды. Бірақ, хазірет: «Олардан да жаманның кім екенін айтайын ба?»- деп сөзін жалғастырғанда сахабалар: «Айтқан тобыныздан жаман адам жоқ деп ойладық»,- деді. Алла елшісі: «Тілі ащы, басқаға тіл тигізетін, абыройдан жұрдай адам айтылғаннан да жаман»,- дейді. Біреуге тіл тигізу ең жаман іс саналып, Ислам діні оны айыптайды. Алла Тағала «Ниса» сүресінің 112-ші аятында: «Тағы да біреу бір қателік немесе күнә істесе, оны ақ біреуге жапса, расында ол жаланы қойып, ашық күнә жүктеп алған болады»,- деп айтылған. Кейбір кезде адамның қоғамдық, экономикалық немесе жеке саяси жағдайының жоғары көтерілуі кейбіреулерге зиян келтіреді. Сондықтан оның дамуының себебі ұрлық, заңсыз жұмыстар  мен басқа да ондаған жаман әрекеттер болып табылады. Өз сөзін дәлелдейтін ешбір құжат пен дәлел болмаған кезде тек өтірік айтып, жеке адамның дамуына күдік-күмән тудырады. Исламда бұл әрекет жала жабу деп аталады. Ислам дініне сәйкес, тіл тигізу – үлкен күнәлардың бірі. Имам Садық (ғ.с.): «Мүмін өзінің мүмін бауырына жала жауып, оған тіл тигізген сайын суда еритін тұз сынды оның жүрегінен иманы кетеді. Мүміннің иманы кетіп, жүрегінде иманының ізі де қалмаған кезде мекені тозақ болады»,- деп айтқан болатын. («Усул Кафи», 2-ші том). Жала жабу айыптаушы адамның иманының жойылуына себеп болады. Иман әділет және шындықпен бірге болса, тіл тигізу басқалар туралы өтірік айтумен қатар жүреді. Сондықтан басқаларға тіл тигізіп, басқалар туралы өтірік айтуға әдеттенген  адам шындықты білгісі келмейді. Сөйтіп айыптаушының иманы бірте-бірте жойылып, иманының әсері қалмай, оның орны тозақ болады. 

Жала жабу – әртүрлі өтіріктің ең жаман түрі. Өйткені, өтірікпен бірге ғайбат айту және басқаларға зұлымдық пен зорлық-зомбылық көрсету қатар келеді. Күндердің бірінде имам Садық (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі имамның қасына келеді. Қызметшісі олардан артта қалып қойған кезде имамның серігі оны шақырады. Бірақ қызметші жауап қайтармайды. Ол үшінші рет шақырғанда да жауап естілмейді. Ер адам ашуланып, қызметшісін айыптап, шын мәнінде оның анасына тіл тигізеді. Имам Садық (ғ.с.) жаман сөзді естіп, ренжіп, оның жағымсыз екендігіне назар аудартады. Бірақ ол айыптағанын қабылдаудың орнына өз әрекетін ақтауға кіріседі. Имам Садық (ғ.с.) оның айыптау сынды күнәсін қабылдамауын көріп, оған: «Енді менімен араласуға құқығың жоқ»- дейді. Ислам жала жабуды харам санап, мүміндерден одан тартынып, дәлелсіз ешкімді кемшілігіне бола айыптамауды талап етеді. Басқа жақтан, оларға  өздерін айыптау қатеріне тіремей, басқалардың күнәсына себеп болмауға бұйырады. Хазірет Әли (ғ.с.) бұл жөнінде: «Өздерін айыптардың қатеріне тірейтін адам күмәнданғен адамын айыптамауы қажет»,- деген болатын. Сондықтан ең жақсы тәсілдің бірі адам өз іс-әрекетіне ұқыпты болып, қарсыластарына сылтау бермеуі керек. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Бос айыптап, күмән тудыратын мекендерге бармаңдар, өйткені жаман дос өзінің қасындағыны алдайды»,- деп ескерткен. Имам Садық (ғ.с.) да бұл ерекшелікті ақылдың белгісі деп атап: «Ақылды адам еш уақытта ақылға сыймайтын сөз айтпайды, өзін айыптауға душар ететін іс жасамайды. Әрқашан ақылға сай әрекет етеді»,- деген болатын.