Maм 01, 2017 19:47 Asia/Almaty

"Ғанкабут" сүресінің 56-61 аяттарының тәпсірі

«Ғанкабут» сүресінің 56-57 аяттары:

«یَا عِبَادِیَ الَّذِینَ آمَنُوا إِنَّ أَرْضِی وَاسِعَةٌ فَإِیَّایَ فَاعْبُدُونِ»، «کُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ثُمَّ إِلَیْنَا تُرْجَعُونَ»

Әй, иман келтірген құлдарым! Әрине жерім кең. Сондықтан Маған ғана ғибадат қылыңдар. (56) Әрбір жан иесі өлімді татады. Сосын, Біз жаққа қайтарылады. (57)

Ислам дінінің қызық нұсқауларының бірі иманды сақтау үшін мұсылманның хиджрат етуі саналады. Исламның басында мұсылмандар мүшіріктердің қатаң қысымына ұшырап, өздерінің діни міндеттерін еркін орындай алмаған. Сол себепті ислам пайғамбары мен нағыз мүміндер Меккеден Мединеге хиджрат етіп, сол қалада тұрақтаған.

Осы аяттар жалпы бір ереже ретінде былай дейді: «Қала мен отанға тәуелділік пен бір мекенді жақсы көрушілік сендердің имандарыңның дамуы мен жетілуіне және Құдайға табынуға кедергі болмауы керек. Осы әлемде мәңгілік тірі қаламыз деп  ойламаңдар. Сол себепті бұл өмірдегі мақсаттарың байлық жинап, жағдайларыңды сақтап, нығайту болмасын. Егер «ақырет – мәңгілік сарай» дегенге көңіл аударсаңдар, өз қалаларың мен отандарыңа соншалықты тәуелді болмайсыңдар, оның тұтқынына айналмайсыңдар».

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Тұрғылықты жер таңдауда өзіміздің дінімізді сақтап, оны қорғауға назар аударайық.

2.Дінді сақтау үшін хиджрат ету – иман иелерінің міндеттерінің бірі.

3.Қаласы мен өлкесін жақсы көргендіктен ғана бұрмалаушылыққа душар болған адамдардың қияметте сұраған кешірімі қабылданбайды.

4. Өлім – сөзсіз болатын іс. Одан қашып құтылатын жол жоқ. Сондықтан өзіміздің өмірімізді жоспарлағанда өлімнен кейінгі кезеңді де ойлауымыз керек.

«Ғанкабут» сүресінің 58-59 аяттары:

 «وَالَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَنُبَوِّئَنَّهُم مِّنَ الْجَنَّةِ غُرَفًا تَجْرِی مِن تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِینَ فِیهَا نِعْمَ أَجْرُ الْعَامِلِینَ»، «الَّذِینَ صَبَرُوا وَعَلَى رَبِّهِمْ یَتَوَکَّلُونَ»

Иман келтіріп, ізгі іс істегендер, әлбетте оларды жаннаттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да олар онда мәңгі қалады. Ғамал істеушілердің сыйлығы қандай игі. (58) Солар сабыр етіп, Раббыларына тәуекел етеді. (59)

Осы аяттарда Құдай иманды сақтау жолында қиындықтарға шыдамдылық танытып, қажет жағдайда өз қалаларынан хиджрат ететін адамдарға оларды ақыретте жұмақтың ең жақсы жерлеріне орналастырып, оның сансыз нығметтерінен пайдаланатындықтарына уәде береді.

Осы аяттар иман иелеріне оларды Алланың рақымы – жұмаққа жеткізетін ғамал, сабыр және тәуекел деген үш маңызды ерекшелікке сілтеме жасайды.

Түзу ғамалсыз иманның құны жоқ. Ғамал да сабыр мен шыдамдылықсыз нәтижеге жетпейді. Сабыр да Құдайға тәуекелсіз тұрақсыз, әрі қарай жалғаспайды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Жұмақ пен жұмақтық нығметтерге жетудің шарты – иман мен түзу ғамалда.

 2.Мүміндер осы дүниеде өздерінің имандарын сақтау үшін жоғалтатын нәрсені Құдай қияметте орнын толтырып, одан оларға артықты сыйлайды.

3.Өмірдің әртүрді кезеңдерінде қиындықтарды жеңіп, табысқа жетудің кілті – сабыр мен шыдамдылық. Иман адамдары әрдайым дұшпандардың азаптаушылықтары мен қорлықтарына ұшырайды. Сол себепті олар басқалардан көбірек табандылық танытуы керек.

 «Ғанкабут» сүресінің  60 аяты:

 «وَکَأَیِّن مِّن دَابَّةٍ لَّا تَحْمِلُ رِزْقَهَا اللَّـهُ یَرْزُقُهَا وَإِیَّاکُمْ وَهُوَ السَّمِیعُ الْعَلِیمُ»

Өздерінің қорегін қамтамасыз ете алмайтын қаншама жан-жануар бар. Алла (Т) оларды да, сендерді де қоректендіреді. Ол тым естуші, білуші. (60)

Иманды сақтау үшін хиджрат етудің қажеттілігінің жалғасында осы аят былай дейді: «Кәпірлердің жерінен хиджрат ету үшін өздеріңнің жұмыстарың мен кәсіптеріңді тастап, тұрмыстық қажеттіліктеріңді қамтамасыз етуде қиындыққа ұшырайтындықтарыңа бола қорықпаңдар. Егер хиджрат ету қажет болса, хиджрат етіңдер. Құдайдың ырзық үлестіруші екендігін бідіңдер. Жердің бетіндегі жандылар мен аспандағылардың несібесін беруші Құдай сендерді де ұмытпайды. Тіпті, өздерінің қоректерін ұяларына әкеліп, сақтай алмайтын жан-жануарлар мен құстар да күн сайын азық табу үшін ұялары мен індерінен шығуға мәжбүр. Олар да құралақан оралмайды. Олардың қорегін Құдай қамтамасыз етеді. Сол хайуанаттардан кем емес адамдар талпыныстары мен еңбектері арқылы өздерінің нәпақаларын таба алады».

Егер хиджрат пен отаннан жыраққа шығуына байланысты адам жұмысынан айырылса, хиджраттан кейінгі шығынның орнын толтыратын мүмкіндік болады. Бірақ, адам егер өзінің өмірін күпіршілік пен шерк жолында немесе зұлымдық пен үстемшілдікке мойынсұнып, тағұтқа бағынып өткізетін болса, оның орнын толтыру мүмкін емес.Себебі, шерк пен күпіршілік және зұлымдық адамды адами өзектен шығарады.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Құдай жолындағы мүхәжірлер өздерінің ырзықтары мен тамақтарына және тұрмыстық істеріне алаңдамауы керек. Нығметтерінен айырылатындықтарына бола, Құдай жолындағы хиджраттан бас тартпауы керек.

2.Мүмін адам әрдайым Құдайға тәуекел етіп, өзінің міндеттерін орындаудан бас тартпайды.

3.Жаратылыстың Жаратушысы Құдай барлық тіршілік иелері мен адамның да ырзығын қамтамасыз етуге кепілдік береді.

 «Ғанкабут» сүресінің 61 аяты:

 «وَلَئِن سَأَلْتَهُم مَّنْ خَلَقَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضَ وَسَخَّرَ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ لَیَقُولُنَّ اللَّـهُ فَأَنَّى یُؤْفَکُونَ»

) Егер олардан: "Көктер мен жерді кім жаратты және күн мен айды кім іске қосты?",- деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. Сонда олар хақтан қалай бұрмалануда (61).

Меккеде өмір сүріп, пұттарға табынған мүшіріктер Құдайды Жаратушы ретінде қабылдады. Бірақ, олар өз істерін күн, ай және жұлдыздар мен жердегі әртүрлі пұттармен байланыстырды. Олар Құдайды Жаратушы ретінде қабылдағандарымен оған табынбады. Өздерінің тағдырларын, тіпті ырзықтарын Құдайдың қолында емес санап, Құдай рөл атқармайды деп ойлады.

Бүгін де көптеген адамдар Құдайды өздерінің Жаратушысы санағандарымен, оған табынуға және оны тағдырды анықтаушы деп қабылдауға әзір емес. Олар Құдайдың бұйрықтарын орындамайды. Бұл топ «Адам өз өмірінде Құдайға мұқтаж емес. Адам өз қалауы бойынша шешім қабылдап, әрекет етуге құқылы» деп санайды.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Сенім мәселесінде басқалармен ортақ тұстардан бастайық. Мұсылмандардың Меккенің мүшіріктерімен ортақ тұсы олардың Құдайдың жаратушылығына деген сенім болды.

2. Хақтан бұрмалану – баршаға қауіп төндіріп тұрған қатерлер мен нұқсандардың бірі. Құдайдың жаратушылығын қабылдағанмен, оның Құдай екендігін қабылдамау хақтан бұрмаланушылықтың бір түрі.