Аптаның экономикалық журналы (104)
Бүгінгі бағдарламада Иранның басты экономикалық жаңалықтарына тоқталамыз. Осы аптада Теһранда Мұнай-химия өнеркәсібінің 13-ші халықаралық конференциясы өтті.
Мұнай-химия өнеркәсібінің 13-ші халықаралық конференциясы жергілікті 385 компания және 18 елден жиналған 76 шетелдік компанияның қатысуымен өтті.
Бұл конференцияға еуропалық және азиялық елдерден, соның ішінде, Франция, Ұлыбритания, Дания, Германия, Бельгия, Норвегия, Үндістан, Бахрейн, Ливан, Түркия, Румыния, Сингапур, Швецияжәне Жапония елдерінің компаниялары қатысты. Иранның мұнай-химия өнеркәсібінің халықаралық конференциясы ішкі және сыртқы инвестицияларды тартып, әріптестіктерді кеңейтіп, ішкі мүмкіндіктермен таныстыру, осы өнеркәсіптегі жаңа технологиялармен қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.
Иранның Мұнай министрі Бижан Зангане Мұнай-химия өнеркәсібінің 13-ші халықаралық конференциясының ашылу салтанатында Иранның көмірсутек қоры тұрғысынан әлемде бірінше орында тұрғанын мәлімдеп: «Ешбір елде Ирандағыдай мұнай-химия өнеркәсібіне қажет шикізат мөлшері жоқ» деді.
Иранның мұнай-химия өнімдерінің өндіріс мөлшері 2013 жылғы 55,7 миллион тонналық деңгейден 2017 жылы 62 миллион тоннаға дейін жетті. Биыл 9 миллиард доллар көлемінде инвестиция салынған 7 мұнай-химия жобасы іске қосылатын болады. Бұл жобалардың өнімі айналымға енгеннен кейін елдің мұнай-химия өндірісінің мөлшері 72 миллион тоннаға жететін болады.
Табиғи газды шикізат ретінде пайдалану басымдылығына ие болуына байланысты Иранның мұнай-химия өнеркәсібінің көптеген инвестициялық мүмкіндіктері бар. Осы аяда пайдалануға болатын 2,34 триллион метр куб табиғи газ қорына ие Оңтүстік Парс газ алаңы әлемнің газ қорының шамамен 19 пайызын иеленіп отыр. Бұл мұнай-химия бөліміне инвестиция тарту үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.
Мұнай мен газдың бай қоры, газдың бәсекеге қабілетті бағасы, еркін суларға қолжетімділік, Иран үкіметінің шетелдік серіктестіктер мен ортақ инвестицияларды қолдауы – осының барлығы Иранның мұнай-химия өнеркәсібіндегі мүмкіндіктері болып табылады. Еркін сауда аймақтарына шетелдік инвестицияларды тарту үшін аймақтың жағдайына байланыста салықтан 10-20 жылға дейін босату және 100 пайыз көлемінде инвестиция салу сияқты жеңілдіктер қарастырылған.
Осы аптада Иран мен Ресей де Иранның газ алаңдарын пайдалану жайлы келіссөздер өткізді. Бұл келіссөздер Парсы шығанағындағы «Фарзад-Би» газ алаңын кеңейту мақсатында өтті.
Иранның Мұнай министрі Мұнай-химия өнеркәсібінің 13-ші халықаралық конференциясы аясында барлық ортақ алаңдарды кеңейту және олардың мұнай беру мөлшерін көтеруді қуаттап: «Ресейдің Газпром компаниясының Парсы шығанағындағы «Фарзад-Би» алаңында жұмыс істеуге қызығушылығына байланысты осы алаңды кеңейту мақсатында ресейлік тараппен келіссөздер өткізіле бастады. Иран ресейліктермен келіссөздер өткізбес бұрын үндістандықтармен келіссөздерге көп уақыт жоғалтып алды. Бірақ, Теһран мен Нью-Дели келісімге келе алмады» деді.
«Фарзад-Би» ортақ алаңы 12,5 триллион фут куб көлемінде газ қорына ие. Бұл газ алаңын 2008 жылы Үндістанның ONGC Videsh компаниясы Парсы шығанағының геологиялық барлау блогында ашқан болатын. Иран Үндістанға бірнеше кезеңге осы алаңды пайдалану мүмкіндігін берген. Үндістан үш дамыту фазасында осы алаңның өндіріс мөлшерін 2,2 миллиард фут кубқа жеткізуге міндеттелген. Алайда бұл мақсатқа қол жеткізілмеді. Осындай жағдайда Иран мен Үндістан арасында жасалған келісімге сәйкес, 2016 жылдың қыркүйек айына дейін үндістандық тарап «Фарзад-Би» газ алаңын кеңейтуге қатысты қорытынды ұсыныс жасайтын болып келісіген, алайда бұл мерзімге дейін Үндістан ешқандай ұсыныс жасамады. Осындай жағдайда Иран Үндістанға жылдың соңына дейін уақыт берген болатын. Бірақ Нью-Делидің ұсыныстарыИранды қанағаттандырмады.
Осы аптада Теһран Грузияның премьер-министрін қабылдады. Иранның Сыртқы істер министрінің Тбилисиге сапарынан көп ұзамай орын алған бұл сапарда бірнеше ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Грузияның премьер-министріГеоргий Квирикашвили жоғары дәрежелі саяси-экономикалық делегацияны бастап, Теһранға келді.
Грузияның премьер-министріТеһранға жасаған бір күндік сапарында ирандық басшылармен екіжақты байланыстарды кеңейту мен аймақтық және халықаралық мәселелер жөнінде сұхбаттасты.
ИИР президенті Хасан Рухани Грузияның премьер-министрі Георгий Квирикашвилиді қабылдауында: «Бүгінде аймақтағы транзит ерекше маңыздылыққа ие. Иран темір жолдарының Астара мен Әзірбайжан Республикасына қосылуы, сондай-ақ, Грузиядағы темір жол және күре жол қатынастарының жақсы деңгейде болуына байланысты Теһран-Тбилисидің осы саладағы ынтымақтастықтарын кеңейту аймаққа өзгеріс әкеле алады» деді.
Тасымал, энергетика, мұнай және газ, өнеркәсіп, оқу-білім, ауылшаруашылық пен туризм салаларындағы ынтымақтастықтарды кеңейту Грузия премьер-министрі мен Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангиридің арасында өткен келіссөздердің басты тақырыптарының қатарын құрады. Ирандық және грузиялық делегацилардың келіссөздерінен кейін екі ел арасында бірнеше ынтымақтастық құжатына қол қойылды. Ауылшаруашылық, байланыс және ақпараттық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік меморандумы, Грузияда мұнай өңдеу кешенінің құрылысы туралы меморандум осы кездесуде қол қойылған құжаттардың қатарына енді. Қазіргі таңда ирандық компаниялардың Грузияға инвестиция салуы үшін көптеген мүмкіндік бар. Оның арасынан технология мен ауыршаруашылығы бөлімдеріндегі инвестицияны атап өтуге болады.
Иран мен Грузия арасындағы барыс-келістердің көбеюі екі тараптың байланыстарды кеңейтуге деген ынтасын көрсетеді. Өткен аптада Иранның Сыртқы істер министрі Зариф Орталық Азия мен Кавказға сапары шеңберінде Тбилисиде де болып қайтты. Зариф Грузия сапарында транзит саласындағы, әсіресе, Парсы шығанағы-Қара теңіз дәлізіне қатысты ынтымақтастықтар, екі ел арасындағы өнеркәсіптік және газ қуаты қалашықтарының құрылыс мәселелері талқыланды. Иран мен Грузия технология мен өндіріс бөлімдерінде ынтымақтастық жасап, бір-бірін толықтыра алады. Екі елдің арасында әлі дұрыс пайдаланылмаған көптеген мүмкіндік бар.
Осындай жағдайда екі елдің тасымал саласындағы ынтымақтастықтары соңғы жылдары кеңейе түсті. Қазір екі ел жүк тасымалына арналған темір жол желілерін қосуды күн тәртібіне қойып отыр. Осы аяда ортақ жоба да құрды. Бұл жоба іске асқан жағдайда тауарларды Орталық Азия, Иран мен Грузиядан Еуропаға жеткізуге жол ашылады. Екі елдің дипломатиясында байланыстарды кеңейтудің мақсаты екіжақты және аймақтық ынтымақтастықтарды нығайту болып табылады. Сол себепті Иран мен Грузияның экономикалық саладағы қарым-қатынастары қазіргі кезде қарқындай түскен. Грузия премьер-министрінің сапары да осы аяда бағаланады.
Қазіргі таңда аймақта бірнеше маңызды элемент Иран мен Грузияның экономикаларын байланыстыра алады. Оның ең бастысы транзит, әсіресе, тауар транзиті болып табылады. Іске қосылғаннан кейін аймаққа пайдасын тигізетін жолдардың бірі Иранның Әзірбайжан мен Грузиядан өтіп, Қара теңізге қосылатын транзит жолы. Осы тұрғыдан, Грузия Иранды Еуропаға қосатын көпір саналады. Георгий Квирикашвили Теһрандағы келіссөздерінде Иран мен Грузияның тауар транзиті мен тасымалы салаларындағы байланыстарын кеңейтуді маңызды деп атап, Тбилисидің Парсы шығанағын Иранның темір жол және күре жолдары арқылы Қара теңізге қосуға мүдделік танытты.
Бұл Парсы шығанағын Қаратеңізге қосатын қатынас жолы жүзеге асырылған жағдайда аймақтағы елдерді бір-біріне жақындастыра түсетін және тауар тасымалына кететін шығынды азайтатын жобалардың бірі.
Иран мен Грузия мәдени тұрғыдан да ерте заманнан бері байланыстарға ие. Грузиялықтардың бір тобы Иранға келіп, қазіргі кезде Иранның түрлі жерлерінде өмір сүріп жатыр. Олар «грузин ирандықтар» деп аталады. Осы мәдени тәжірибе де екі елдің халықтарын бір-біріне жақындастырады.
Иран мен Армения осы аптада Арменияда Арас өкілдігінің ашылғанын мәлімдеді.
Иранның Шығыс Әзірбайжан облысындағы Арас еркін сауда аймағының бас директоры Мохсен Хадем Араббағи Арменияның Сауда палатасының төрағасы Андраник Алексанянмен кездесуінен кейін осы хабарды мәлімдеп: «Армениядағы Арас өкілдігі Иран мен Арменияның экономикалық қатынастарын жеңілдету және арттыру мақсатында ашылды» деді.
Армения Сауда палатасының төрағасы өткен аптада осы елдің өндірістік компанияларының басшыларынан құралған делегацияны бастап, Арас еркін сауда аймағымен экономикалық байланыстарды кеңейту үшін осы аймаққа сапармен келді.
Иран мен Армения бұдан бұрын ынтымақтастықтарды кеңейту үшін бір еркін сауда аймағын құратындарын мәлімдеген болатын. Арменияның Даму және инвестиция министрінің орынбасары Ованес Азизян біраз бұрын бұл жайлы: «Иран мен Арменияның дамуға бет алған сауда байланыстары мен оның Ереван үшін маңыздылығына байланысты бұл аймақ екі елдің шекарасында ораналасқан Сюник облысында құрылады. Бұл шара Иран мен Арменияның сауда-экономикалық ынтымақтастықтарын қарқындату, аймақтық сауда-саттық және екі елдің шекарасындағы облыстардың дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады» деді.
Осы аймақта 120 компания жұмыс жасайды деп болжануда. Қазіргі кезде пұрсатты сауда келісіміне қол қою және Арменияның оның бір мүшесі болып табылатын Еуразиялық экономикалық одағына Иранның мүше болуы үшін қажет жағдайлар жасалып жатыр. Арменияның Сюник облысында еркін сауда аймағын құру осы саладағы алғашқы қадам болмақ.
Иран мен Армения Бандар-Аббас портынан Грузияның Поти портына дейін құрамдастырылған жүк тасымалы мәселесін күн тәртібіне қойған. Арменияның Тасымал және байланыс министрі Ваган Мартиросян мен ИИР-ның Армениядағы елшісі сейіт Казем Саджади жуырда Бандар-Аббас портынан Грузияның Поти портына дейін құрамдастырылған жүк тасымалы және «солтүстік-оңтүстік» дәлізі шеңберінде бұл жолды Еуропаға дейін жалғастыру мәселелерін талқылады. ИИР президенті Хасан Руханидің өткен жылғы желтоқсан айындағы Арменияға сапары барысында екі елдің басшылары Иран мен Арменияның түрлі бөлімдері, соның ішінде, транзит, электр энергиясынжөнелту және Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында еркін сауда аймағын құру туралы сұхбаттасты.