Ислам және денсаулық 2
Гигиена деп адамның немесе қоғамның денсаулығын жақсартып, мүмкіндіктерін арттыратын іс-әрекеттерге айтылады. Бұл топтамаға жеке адам мен қоғамның саулығына көмектесетін білім мен тәсілдер кіреді. Құран Кәрім бұл салада пәктік (тайебат) пен тазалық (тахарат) және солардан туындаған терминдерді пайдаланды.
Гигиена деп адамның немесе қоғамның денсаулығын жақсартып, мүмкіндіктерін арттыратын іс-әрекеттерге айтылады. Бұл топтамаға жеке адам мен қоғамның саулығына көмектесетін білім мен тәсілдер кіреді. Құран Кәрім бұл салада пәктік (тайебат) пен тазалық (тахарат) және солардан туындаған терминдерді пайдаланды.
Алла Тағала бір өзіне құлшылық етуді, жақсылық жасап, пәктік талап ету мен ластықтан алыстауды адамның болмысында қалыптастырды. «Рум» сүресінің 30-шы аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді»,- деп айтылған.
Ислам мұсылмандарға денсаулық пен гигиенаға қатысты нұсқаулар беретін, жалпы адам өмірінің барлық тұрғыларының жол көрсеткіші болып табылады. Құран кейбір істерді харам, кейбірін мубах және халал деп атады. Бұл ақыл-кеңестің барлығы адамның жаны мен физикалық жағдайына қатысты айтылды. Құранда харам болып анықталған нәрсенің материалдық немесе рухани тұрғыдан халыққа зиян келтіретіндігі күмәнсіз. Сондай-ақ, Құранда халал және мубах болып көрсетілген әр нәрсе дене мен рухқа оң әсер етеді. Осыған орай исламның заңдары табиғи негіздер бойынша қалыптасып, адамның халал мен харамнан және жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан жирендіруден қандай әсер алатындығына назар аударған. Имам Мохаммад Бақер (ғ.с.): «Исламдық тағылымдардан гигиена мен тамақтану тұрғылары бойынша көретініміз адамның ұрпағын жалғастыру үшін саулықты қажет ететіндігіне кепілдік беруі болды. Ислам қылмыс пен жамандықтарға тыйым салып, тазалықты халал етіп және теңдікті ұстанып, аталмыш мақсатқа жетуге жағдай тудырды»,- деген.
Құран Кәрім өз жақтастарын таза және қауіпсіз ортада өмір сүріп, жеке және қоғамдық гигенаны сақтауға шақырады. Алла Тағала Исламның ұлық пайғамбарының беғсатынан кейін хазіретке: «Киіміңді тазала!» деп үйреткен. («Мудассир» сүресі, 4-ші аят). Осыған орай үмбетін өз дініне шақырып, пәктерді мадақтап: «...Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді», - деген. («Бақаре» сүресі, 222-ші аят). Құран тазалық сақтаудағы судың рөлі туралы: «...Аспаннан тап-таза жаңбыр жаудырдық»,- деді. («Фурқан» сүресі, 48-ші аят).
Негізінде исламның әр намаздың алдында вузу алуды уәжіп етуі және тәулік бойы вузу алуды мұстахаб етуі немесе уәжіп және мұстахаб ғұсыл құйынуды қуаттауы ислам тағылымдарының тазалықты маңызды санауының белгісі. Ғұсл мен вузу алған кезде су теріге жетуі керк. Бұл дененің тазалығына себеп болады. Алла Тағала «Мәида» сүресінің 6-шы аятында: «...Алла сендерге ауыршылық қаламайды. Бірақ, сендерді тазартуды, сондай-ақ шүкірлік етулерің үшін сендерге нығметтерін тамамдауды қалайды»,- деп айтқан болатын. Исламның гигена саласындағы заңдары адамның болмысына қайшы келмейтіндей қалыптасқан. Гигиена мен тазалықтың діннің болмысында қалыптасуы Алланың пәктікті талап етіп, физикалық, психикалық ластықтардан алыс болуды қалайтындығына қатысты болар. Діни тағылымдардағы ақыл-кеңестер де бұл табиғи істі баяндайды.
Исламда барлық жұмыстар адамның жаратылу философиясы мен мақсатына көңіл бөлініп, жобаланады. Өйткені, әлем босқа жаратылмаған. Барша илаһи міндеттер мен бір-біріне қатысты және қоғамның алдындағы міндеттеріне жауапты. Сондықтан гигиеналық саладағы мәселелер мен ауруды тауып, оны бақылауға алу және халықты солардан хабардар ету адамдардың арнайы тобының міндеті болып табылады. Барлық мұсылмандар үшін барлық салаларда исламдық қоғамның мүдделерін сақтау қажет. Жеке адам мен қоғамның қауіпсіздігімен бірге қоғамның саулығын қамтамасыз ету мұсылмандардың ең маңызды мақсаттарының бірі болып, қоғамның дамуы мен тыныштығы және тұрмысына сындарлы әсерін тигізеді. Бұл көзқарас бойынша қажет кезде гигиена істеріне инвестиция салу қажет. Ең маңызды және ең қаржысы төмен инвестиция халықтың гигиена туралы білімін арттыруға салған инвестиция саналады. Бұл мақсатқа жету үшін гигиена негіздерінен хабардар болуды діни және саяси мәселелердің қатарында баяндаған жөн.
Медицина мен оған қатысты мамандар қазіргі таңда гигиена саласы мен адамзат қоғамының бірінші қажеттілігі саналады. Исламның мақсаты қоғамның қажеттіліктерінің бір бөлімін қамтамасыз етуден жоғары болғанымен гигиена, тамақтану мен басқа салалар бойынша адамға көп нәрсені үйретеді.