Maм 09, 2017 16:08 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 117

Балағаттау деп, айтып отырған адамға оның өтірік екені айқын сөзге айтылады.

Имам Садық (ғ.с.): «Балағаттаудың салмағы мықты таулардың салмағынан да ауыр»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 78-ші том). Балағаттау мен жала жабудың айырмашылығы туралы: «Жала жабуда адам сөзінің жалғандығына сенімді емес. Адам тек өз ойынан шығарып, екінші жақты айыптайды. Алайда балағаттау деп, айтып отырған адамға оның өтірік екені айқын сөзге айтылады. Рауаяттардың бірінде балағаттаудың барлық нәрседен ауыр күнә екені  және тек Аллаға күпірлік білдірудің күнәнің салмағының оған тең екені туралы айтылған. Исламның ұлық пайғамбары: «Балағаттау – Аллаға күпірлік білдірумен тең»,- деген. Сондықтан балағаттаушы ең жаман адам саналады. Ол қияметтте тозақ азабына ұшырайды»,- деген. Құран Кәрімде: «Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер, әрине олар жала жауып, ашық күнә жүктеп алды»,- деп айтылған («Ахзаб» сүресі, 58-ші аят). Осыған орай Алла елшісі мұсылмандарды бұл күнәдан алыстату үшін: «Мүмін ер мен әйелді балағаттаған әр адамды Алла Тағала қиямет күні күнәләрынан тазаланғанша, оттың жалынының үстінде ұстайды»,- деген болатын. «Ниса» сүресінің 20-шы аятынан: «Егер бір жұбайды (ажыратып) орнына басқа жұбай алғыларың келсе, оған толып жатқан мәһер берген болсаңдар да, одан еш нәрсе алмаңдар. Оған жала жауып, ашық күнәлы болып аласыңдар ма?»- деп оқимыз. Исламдық қоғамда құпия, сыр сақталуы  керек. Егер, тіпті жаман оқиға орын алса да, қоғамның ахлақи қауіпсіздігі сақталуы үшін оны таратпаған жөн. Исламның ұлық пайғамбары исламдық қоғамның басшысы ретінде жалған  хабардың таратылуымен күресіп: «Басқалар туралы жамандық естіп, оны таратқан адам жаман іс жасағанмен бірдей»,- деген. Имам Садық( ғ.с.) бұл туралы: «Алла Тағала «Нұр» сүресінің 19-шы аятында мүмін туралы көргені мен естігенін айтатын адам туралы «Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздықтың жайылуын жақсы көргендерге дүние, ақыретте күйзелтуші азап бар»,- деген. Балағаттап, жала жабу күнә, кейде қылмыстық, сондай-ақ құқықтық және діни салдарларға ие болатындықтан, оны орындамақ түгілі тыңдамаған жөн. Имам Әли (ғ.с.) балағатты тыңдаушыларға: «Халайық, бауырыңның дін мен дұрыс жолға табанды екендігіне  көзің жетсе, халықтың ол туралы айтатынын тыңдама. Кейде мергеннің оқ атқанда оғының қате тиетіндігі  болатынын ұмытпаңдар. Шындық пен жалғандықтың арасында тек төрт саусақ қашықтықтың бар екенінен хабардар болыңдар»,- деген. Имамнан сөзінің мағынасы туралы сұраған кезде ол саусақтарын бір-біріне жақындатып, өзінің көзі мен құлағының арасында жақындатып: «Естідім деген өтірік, көрдім деген  шындық»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том). Басқаша айтқанда, имам естігенге көп сенім артпай, көргенге көңіл бөлу қажеттігін қуаттады. Балағат тыңдаушының екінші міндеті – мұсылмандардың абыройын қорғау. Алла Тағала «Нұр» сүресінің 16-шы аятында: «Егер оны естіген сәтте: “Бұны біздің айтуымызға болмайды. Алла сақтасын. Бұл бір ірі жала" деген болсаңдар еді»,- деп айтылған. Алла елшісінің мұсылмандардың абыройын қорғау туралы: "Мұсылман бауырының абыройын қорғаған әр адам үшін жәннәт уәжіп болады»,- деп айтылған. Сонымен қатар «Айыптау нысанасына алынған адам өзін қорғап, басқаға жала жабу мен балағаттаудан алыстағаны жөн»,- деген рауаят та бар. Имам Реза (ғ.с.) балағаттаушылардың алдында сабырлы болуға шақырып: «Қияметте сабырдың  құны артып, жақсылықтары аз адамдардың таразыларын ауырлатып, оларды құтқарады»,- деді.