Имам Реза (ғ.с) және өмір салты (6)
Бүгінгі бағдарламамызда разавилік өмір салтындағы отбасының орны мен маңызын қарастырамыз.
Ислам дінінде отбасы өте маңызды рөл атқаратындықтан, отбасыға ерекше мән беріледі. Отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасаудың жоғары маңызы мен құндылығын пайғамбар әулеті мүшелерінің сөздері мен әрекеттерінен жақсы байқауға болады. Пайғамбардың пәк шөбересі имам Реза (ғ.с) өзінің жұбайы, перзенттері, бауыры және таныстарымен қарым-қатынас жасауда Аллаға иман келтірген адамдар үшін дұрыс жол көрсетіп кеткен. Имам Резаның (ғ.с) осы мәселеге байланысты ақыл-кеңестері мен ғамал, әрекеттері хазіреттің өз уақытының адамдары үшін үлгі болған. Қазіргі заманда да біздің жолымыздың шырағы бола алады.
Имам Реза (ғ.с) өмірінде жұбайы мен отбасын құрметтеп, олармен жақсы қарым-қатынас орнатып, игі істер жасаған адамдардың орны мен мәртебесі туралы: "Қиямет күні маған ең жақын болатын адам – өз отбасымен жақсы қарым-қатынас жасаған адам",- деп айтқан екен. Келесі бір хадисте былай деген: "Иман тұрғысынан ең ізгі адам болып, өз отбасы үшін ізгі істерді көбірек жасаған адам саналады",- деген.
Имам Резаның (ғ.с) пікірінше, өз өмірін отбасына мейірімділік танытуға арнаған адам қиямет күні иманның ең жоғарғы деңгейінен орын алады. Яғни, әлемдегі мүміндердің ішіндегі ең жоғарысы саналатын имам Резамен (ғ.с) қатарлас болады. Ол кісінің өмір сүру салтындағы отбасымен жақсы қатынас жасауды, орынсыз қаталдық танытпау мен перзенттерді дұрыс тәрбиелеуді, халал тағам әзірлеп, салыстырмалы түрде және мүмкіндігінше жайлы жағдай жасауды отбасыны құрметтеудің мысалдары ретінде атауға болады.
Имам Реза (ғ.с) сапарға кеткен кезде өз ұлы имам Джавадқа (ғ.с) тәкаппарлық, жомарттық пен қайырымдылық жайлы хат жолдаған. Ол хатта: "Ұлым, Абу Джафар! Маған сен үйден шыққан сәтте сенің құлдарың мен қызметкерлеріңнің үйдің кішкентай есігін ашып, сол арқылы сенімен бірге үйден шығатыны туралы хабар жетті. Бұл әрекет олардың төмендігі мен ашкөздіктерінен емес, сенің кедейлермен кездесіп, оларға жақсылығың жетпес үшін жасалынып отыр.
Сенен әрдайым үйдің үлкен есігінен кіріп, шығуыңды сұраймын. Жолға шығатың ойың болса, қалтаңа үнемі алтын, күміс тиын салып жүр. Кімде-кім қолын созып, көмек сұраса, қолын қайтармай, оған бер",- деп жазған.
Имам Резаның (ғ.с) өмір салты бойынша отбасыға құрмет көрсету тек мейірімділік танытумен шектелмеген. Ол кісі отбасы мүшелері қасиеттерінің дамып, өркендеу мәселесіне үнемі назар аударып отырған. Мұндай істі орындамауды отбасыға қатысты зұлымдық деп санаған.
Ходжат ул-ислам Маһди Ғоламалидың "Имам Реза (ғ.с) және өмір" атты кітабында имамға қызмет еткен бір қызметкер әйелдің сөзін келтірген: "Имам Реза (ғ.с) Хорасан жеріне келгеннен кейін Мамун мені сол кісіге қызмет етуге жіберді. Имамның үйі өте қарапайым болды. Бұл үйде сарайдағы секілді жақсы жағдай болмады. Жақсы жағдайға үйренген мен үшін имамның қарапайым тұрмысына шыдау өте қиынға соқты. Алайда, бұл үйде маған көптеген рухани байлық бұйырды. Имам Реза (ғ.с) бізді тәрбиелеуге бір әйелді алды. Ол кісі түнде бізді ғибадат ету үшін оятатын. Имам Резаның (ғ.с) үйінде ешкімге, тіпті жасы үлкендерге де айқайлауға, немесе дауыс көтеруге рұқсат етілмегені есімде жақсы қалған. Имамның өзі халықпен ақырын, сыпайы және анық сөйлейтін.
Осы айтылған мәселелер бүгінгі бағдарлама барысында назарларыңызға ұсынған шексіз білім теңізінің кішкентай бөлігі болды. Имам Резаның (ғ.с) өмір сүру салтында отбасының құрметінің қаншалықты айқын таныстырылғанын айтуға болады. Ол хазірет мейірімділік таныту, илаһи қасиеттерді дамыту мен өркендету, отбасыға лайықты түрде қаржы жұмсау және отбасында шаттыққа толы кеңістік құру мен басқа да ізгі қасиеттерді қалыптастыру, жұбай мен баларына құрмет көрсету секілді түрлі мәселелерді қатты бағалаған.