Maм 27, 2017 16:31 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 1

Алланың қасиетті рамазан айы әлемнің барша мұсылмандары үшін мүбәрәк болсын! Бұл айда илаһи нығметтерге бөленіп, өз болмысымызды ластықтардан тазарып, рухымызды илаһи нұрмен толтырайық.

Хиджри қамари күнтізбесі бойынша, 1438 жылдың қасиетті рамазан айының бірінші күні келіп жетті.

Осы қасиетті айға жеткізіп, оның нығметтерін пайдалануға мүмкіндік берген Аллаға шүкіршілік білдіреміз. Рамазан айы тек өзіне ғана лайық ерекшеліктерге ие болып, біздің рухымыз, ойларымыз бен істеріміз ең әдемі рухани тәжірибелерге бөленеді. Қасиетті рамазан айы – құлшылық жасау үшін жаттығатын мұрсат. 

Алланың қасиетті рамазан айы әлемнің барша мұсылмандары үшін мүбәрәк болсын!

Қасиетті рамазан айына арналған бағдарламамыздың бірінші бөлімін Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) осы қасиетті ай туралы сөзімен бастаймыз: «Уа, халайық! Алланың айы берекесі, рақымы және кешірімімен сендерге бет бұрды. Бұл ай – Алланың алдындағы ең жақсы айлардың бірі, күндері – ең жақсы күндер, түндері – ең жақсы түндер, сағаттары – ең жақсы сағаттар. Алланың қонағы болуға шақыратын бұл айда демдеріңіз – тәсбих, ұйқыларыңыз – ғибадат саналып, іс-әрекеттеріңіз қабыл болып, дұғаларыңыз орындалады. Бұл айдағы аштық пен шөлдің арқасында  қиямет күніндегі аштық пен шөлді еске алып, мұқтаждар мен кедейлерге садақа беріңіздер, үлкендеріңізді құрметтеп, кішкентайларыңызға аяушылық білдіріп, жақындарыңызға жақсылық жасаңыздар. Сөздеріңізге абай болып, көздеріңізді харам  нәрселерден сақтаңыздар. Халал емес нәрселердің алдында көздеріңізді жұмыңыздар. Жетімдерге мейірім білдіріңіздер. Сонда олар де сіздерге мейірім білдіреді. Жасаған күнәләріңіз үшін Алладан кешірім сұрап, тәубе етіңдер. Намаз кезінде қолдарыңызды аспанға қарай жайып, дұға тілеңіздер. Өйткені, намаз уақыты – ең жақсы сағаттар. Сол кездері Алла Тағала пенделеріне рақыммен қарайды. Ақ ниеттеріңіз және пәк жүректеріңізбен Жаратушыдан ораза тұтып, оның кітабын оқуға көмектесуді сұраңыздар. Өйткені, бұл үлкен айда илаһи кешірімнен мақұрым қалатын адам қандай бақытсыз. Уа, халайық! Бұл айда ахлағын жақсартқан адам үшін Сират көпірінен өтетін мүмкіндік туады. Алла Тағала қиямет күні бұл айда басқаларға қорлық жасамаған әрбір адамды өз азабынан құтқарады».

                         ***********************************************************

Бұл айдың жақсы әдеп-ғұрыптарының бірі хикметке толы аяттарды оқу арқылы Құранға жақындау болып табылады.

Бағдарламаның бір бөлімін Құранның нұрлы аяттары мен олардың тәпсірлеріне арнаймыз.

"یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا کُتِبَ عَلَیْکُمُ الصِّیَامُ کَمَا کُتِبَ عَلَى الَّذِینَ مِنْ قَبْلِکُمْ لَعَلَّکُمْ تَتَّقُونَ"

 «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз етілді. Әрине, сақсынарсыңдар». («Бақаре» сүресінің 183-ші аяты)

Қасиетті рамазан айы – Құран жіберілген ай. Бұл қасиетті кітап иман келтіргендерге осы айда ораза тұтуды бұйырады. Рамазан айында ораза тұту туралы аяттардың барлығы «Бақаре» сүресінде бір-біріне жақын орналасқан. Солардың біріншісі – «Бақаре» сүресінің 183-ші аяты.

Ораза – мұсылмандардың ең маңызды уәжіп ғибадаттарының бірі. Ораза мүміндер үшін барлық салалар бойынша тақуалық рухын тәрбиелейтін ең әсерлі факторлардың бірі ретінде таныстырылған. Айта кететін жайт, мұсылмандардың сезімдерін жігерлендіріп, илаһи бұйрықты қабылдауға дайын болуы үшін оларға «Уа, иманы барлар» деп айтылып, материалдық ләззаттардан айрылып, аштық пен шөл қиындығымен бетпе-бет келтіретін  Алла тарапынан жіберілген әр бұйрықты қабылдауы керек екендігі баяндалады.

Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: ««Уа, иман келтіргендер» деп айту бұл ғибадаттың ауыртпалығын жойғандай»,- деген болатын. Негізінде, бір қарағанда ораза тұту туралы бұйрық ауыр көрінгенімен, «уа, иман келтіргендер» деп айту арқылы мазасыздықтарды жояды. Содан соң ораза тек мұсылмандарға ғана қатысты емес, оларға дейінгі үмбеттерде де болған деп тоқталып, оразаның барлық діннің барлық адамдарының міндеті екендігі айтылып, оны тұтуға жігерлендіреді. Сондықтан: «Бұл ғибадат тек сіздер үшін уәжіп етілмеді. Бұл ғибадат барлық үмбеттер үшін болды»,- дейді. Содан соң оразаның философиясын баяндайды. Ораза адамның болмысында тақуалықтың қалыптасуына себеп болады. Ораза тұтушы адам Алла жолында физикалық ләззаттардан тартынып, өзін солардан мақұрым етеді. Ол өз нәпсісін бақылауға алып, бір ай бойы жаттығуын қайталап, күнә жасамай, басқалардың мүлкін жеуден, халықтың құқықтарына шабуыл жасаудан тартынады.

«Алланың айы» деген бағдарламалар топтамасында рамазан айындағы тамақтанудың маңыздылығы мен денсаулық туралы айтамыз. Әйел адамның ана және өмірлік серік ретінде отбасының тамақтануында маңызды рөл атқаруына орай бүгін ирандық әйелдің қасиетті рамазан айында қалай тамақтану керек екендігі туралы ақыл-кеңестерін ұсынамыз:

Aуызашар дастарханы

«Рамазан айының бірінші күні мен ауызашар дастарханын дайындап жатырмын. Ғибадат пен дұға рамазан айының рухани кеңістігін екі есе арттырады. Бүгін мен дастарханды махаббатпен жайып, дайындадым. Әжеміз дастарханның қасында дұға жасап отыр, ол әлсіздігіне байланысты ораза тұта алмағанына жылап отыр. Қызым Заһра биыл бірінші рет ораза тұтуда. Ол әженің қасында отырып, дастарханға қуана қарап, азанды күтуде. Дұға үйіміздің рухани кеңістігін ерекше көңіл-күйге бөлейді.

Мен бүгін көже пісіріп, дастарханға нан мен ірімшік және көкөніс қойдым. Қасиетті рамазан айында тамақтану тәсіліміз өзгереді. Дәрігерлердің ақыл-кеңесі бойынша ораза тұтушы адамдар ауызашарды ыстық сүт сынды ыстық сусын және ірімшік, жаңғақ, көкініс және әр түрлі көжелермен бастайды. Бұл айда адамдардың көбі зиян келтіретін нәрселерден тартынады. Мәселен, темекі шегетіндер темекіні қойып, немесе зиянды шарап ішуден тартынады.

Доктор Маджид Ходжи Фараджи рамазан айында көкініс пен жеміс жеу қажеттігін  қуаттап: «Рамазан айының  жаз айларына түсуіне байланысты қан қысымның төмендеуі мен шөл мен аштықпен бетпе-бет келмеу үшін ауызашар, сәресі мен кешкі тамаққа дұрыс назар аудару қажет. Егер, қасиетті рамазан айында бұл мәселелерге көңіл бөлінбесе, күнделікті  тұтынатын тағамдардың калория мөлшері артып, адамдардың бұл айда семіруіне себеп болады. Рамазан айында адам аштық және шөлмен бетпе-бет келетіндіктен, көкіністі пайдалану біздің денеміздегі орынды өзгерістерге әкеледі. Рамазан айында пісірілген жемістер мен көкіністер денемізді су қорымен қамтамасыз етуге көмектеседі»,- деді.