Maм 28, 2017 16:31 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с) және өмір салты (8)

Барлық имамдардың өмірлерінде көптеп кездесетін ахлақтық принциптердің бірі жомарттық пен дарқандық болып табылады. Бүгінгі бағдарламамызда имам Резаның (ғ.с) жомарттығы мен дарқандығы жайлы сөз қозғамақпыз.

Разавилік өмір салты

Барлық имамдардың өмірлерінде көптеп кездесетін ахлақтық принциптердің бірі жомарттық пен дарқандық болып табылады. Жомарттық сараңдыққа қарсы ұғым, яғни адамның өзінде бар материалдық және рухани мүмкіндіктерін өзі ғана пайдаланбай, олармен басқалармен де бөлісіп, сол адамдардың қиындықтарының бір бөлігін шешу және басқалардың Құдайдың оған берген материалдық немесе білім секілді рухани нығметтерін пайдалануға рұқсат беру дегенді білдіреді.

Имам Резаның (ғ.с) жомарттық туралы ең жақсы әрі ең қарапайым анықтамасы мынадай: "Жомарт адам оның тамағын басқалар да жеуі үшін басқалардың тамағынан дәм татады. Ал сараң адам оның тамағын ешкім жемес үшін, басқалардың тамағынан ауыз тимейді". Имам Резаның (ғ.с) өмір сүру салтын зерттей келе, жомарттық пен дарқандық қасиеттердің көптеп кездесетінін байқаймыз. Ол кісі жасырын түрде көп садақа беріп, мұқтаж адамдарға өз мал-мүлкін тарататын.

Ислам мәдениетінде игілік пен қайырымдылық жасау «ақыретке апаратын өткел», «ақырет жері», «пайдалы мәміле», «жол азық», «илаһи жеңіс», «Аһле бейттің (ғ.с) кең дастарханы» және т.б. деген атаулармен аталған.

Басқаларға көмектесіп, халыққа қызмет ету деген дұрыс жолдар арқылы олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Бұлар материалдық немесе рухани болуына қарамастан, ислам мәдениетіндегі ең маңызды ғибадаттардың бірі саналады.

Бір хадисте имам Резаның (ғ.с) Арафа күні өзінің бір жыл бойы жинаған дүние-мүлкінің барлығын мұқтаж адамдарға бөліп бергені жайлы айтылған. Сонда бір кісі имамға: "Мұндай жомарттық зиян",- деген екен. Хазірет имам Реза (ғ.с) болса: "Мұндай жомарттықтың зияны мен зарары жоқ. Керісінше, бұл – олжа. Осындай іс арқылы марапат пен жомарттық сұрасаңыз, сізге ешқашан зиян келмейді",- деп жауап берген екен.

Келесі бір хадисте, имам үшін дастархан жайып, оған кесе ұсынған кезде ол кісі тағамның әр түрінен кесесіне аздап қана салып, қалғанын кедейлер мен жарлыларға таратып беруге бұйырып: "Құдай адамдардың барлығының құлды азат ете алмайтынын біледі. Сол себепті оларға басқа жол берген: ол – кедей мен жарлыға тамақ беру",- деп айтқан.

Имам Резаның (ғ.с) өмір сүру тәсілі бойынша, имам Реза (ғ.с) адамға жомарттық жасаған кезде ол адамды ұялтпай жасаған екен. Бір хадиске сәйкес, ол кісі жолдастарымен бірге бір жиында сұхбаттасып отырады. Жиынға халық көп жиналыпты. Кенет жиынға ұзын бойлы, қара торы жігіт кіріп келіп, хазіретпен сәлемдесіп: "Мен сіздің әкеңіз бен ата-бабаларыңыздың серіктерінің бірі боламын. Мен қажылықтан қайтып бара жатқан едім. Жолда бар ақшамды жоғалтып алдым. Егер сіз маған көмектессеңіз, мен өз отаныма жеткенде, сіз берген ақшаны сіздің атыңыздан садақа беру арқылы қайтарамын",- деп айтыпты. Хазірет: "Отыр",- депті. Жиынға жиналған халық тарап, бірнеше адамнан басқа ешкім қалмағанда, имам өз бөлмесіне барып, біраз уақыттан соң қайта оралыпты. Хазірет қолын жоғарыдан сыртқа шығарып, "Ан ер кісі қайда?",- деп сұрапты. Ол ер: "Мен мұндамын",- деген. Хазірет: "Резаның (ғ.с)

Мына екі жүз алтын ақшаны ал да, керегіңе жарат. Менің атымнан садақа беру қажет емес. Енді бар, тек бір-бірімізді қайта көрмесек болғаны",- деп айтқан екен.

Ол кісі кеткеннен кейін сол жерде болған басқа кісі имам Резаға (ғ.с): "Сіз бұл кісіге ізгілік пен жомарттық таныттыңыз. Бірақ сіздің бір-біріңізді енді қайтып көрмеу туралы айтуыңыздың себебі неде?",- деп сұрапты. Ол хазірет: "Ол кісінің ұялғанын көрмес үшін.  Құдайдың елшісінің (с.ғ.с) "Жасырын жасаған жақсылық қажылық жасағаннан мың есе артық" деген сөзін естідіңіз бе",- деп жауап беріпті.  Имам Резаның (ғ.с) бұл амалы бізге егер адам бір нəрсені кедей не қайыршыға берсе, оның жомарттық емес, Құдайдың оған берген нығметтеріне шүкіршілік ету екенін түсінеміз. Адам өзінің міндетті ақысын төлемейінше, оған үлкен қатер төніп тұрады. Имамның жомарттығы басқалармен достасу үшін емес, Құдайдың оған берген нығметтеріне шүкіршілік жасағаны үшін.

Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с):"Мүмін бауырының қажеттілігін өтеген адам бүкіл өмірін Құдайға ғибадат етуге арнған адам тəріздес",-депті. Имам Реза (ғ.с) да түрлі жағдайларда осы ізгі дəстүрді игілік деп атап, мұны ұлы іс деп бағалаған. Хазірет басқаларға жақсылық жасаудың адам өмірінің ұзаруына себеп болатынын айтып, қайырымдылық жасау мен садақа беруге кеңес берген.

Хазірет Реза (ғ.с) өзінің құрметті ата-бабаларының (ғ.с) сөздеріне сілтеме жасап: "Адамның ең игі әрі ең пайдалы жинаған қоры – садақа беру",- деген. Түрлі хадистерге сәйкес, имам Реза (ғ.с) садақаның әсерлері мен оның түрлері жайлы: "Аз мөлшерде берілсе де садақа беру жақсы. Себебі, аз ғана болса да, Құдай жолында адал ниетпен берілген кез келген нәрсе үлкен және бағалы саналады. Садақа беру арқылы Құдайдан көбірек ризық пен сыбаға сұра. Дерттеріңді садақ беру арқылы емдеңдер. Кез келген игі іс садақаның бір түрі саналады. Оған берілетін сый – садақа. Әлсіздер мен мақұрымдарға көмектесу садақаның ең жақсы түрі болып табылады",- деді. Имам Реза (ғ.с) келесі бір хадисте басқалардың өмірін қамтамасыз ету мен мұқтаж адамдарға көмектесуді мінсіз өмір деп атап: "Ең игі және жақсы өмір – өзінің өмірімен қатар басқалардың өмірін қахеттіліктерімен қамтамасыз ету",- деп айтқан.

Бір хадисте бір кісінің хазірет Али ибн Мұса ар-Резаға (ғ.с): "Кең пейіліңізге сай маған сыйлаңыз",- депті. Хазірет: "Мұндай көлемде беру менің қолымнан келмейді",- деп жауап беріпті. Сонда әлгі кісі: "Онда менің пейіліме қарай сыйлаңыз",- десе, хазірет: "Мұндай көлемде сыйлауға болады",- депті. Содан кейін өз қызметшісіне 200 ашрафи көлеміндегі ақшаны сол кісіге беруді бұйырыпты.

Сонымен қатар, имам Резаның (ғ.с) жомарттығы ақындар мен поэзия сүйер қауымның хал-ахуалын да қамтыған екен. Имам Резаның (ғ.с) қарапайым болғаны соншалықты, хазіретке тамақ әкелген кезде, ол кісі өзінің құлдары мен қызметшілерін, тіпті күзетші мен қақпашыны да дастархан басына отырғызып, солармен бірге тамақтанған екен.

Тегтер