Maм 28, 2017 20:20 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 119

Алла Тағаланың адамға сыйлаған құнды нығметтерінің бірі тіл саналады. Алайда әрбір нығмет сынды тілді дұрыс және бұрыс жолда пайдалануға болады. Яғни, тілмен Аллаға зікір айтып, көркем әрі жағымды сөйлеуге болады, сонымен қатар өтірік, ғайбат, қарғыс айту арқылы басқаларды азаптауға болады. Тілді бұрыс пайдалану көп кездеседі. Тіпті тілмен жетпіс күнә жасалады деп айтылған. Солардың бірі – қарғыс.

Балағатжамандық, жаман іс, былапыт, қарғыс. Лексикалық тұрғыдан адамды кемсітіп, оны азаптап, адамның абыройын төгетін жаман сөздер былапыт сөз деп айтылады.  Имам Садық (ғ.с.): «Бос сөйлеу – азаптау, ал азаптаушының орны тозақта»,- деп айтқан болатын. Алла Тағала жаман сөйлеп, былапыт сөз айтатын адамдарды ақыретте азаптайды. Исламның  ұлық пайғамбары: «Тозақтағылардың азаптарының артуына себеп болатын төрт адамның бірі – былапыт сөз айтатын адам. Тозақта олардың ауыздарынан тоқтамай ірің ағып, тозақтағылардың азаптарын арттырады»,- деген болатын. («Мостадрак әл-васаел», 12-ші том). Негізінде қарғыс пен балағат адамды Ислам дінінен алыстатып, күпірлікке жақындатады. Алла елшісі: «Бос сөз бен балағат исламның сипаттарынан емес», сондай-ақ келесі бір сөзінде бос сөзді екіжүзділіктің белгілерінің бірі деп атаған. Адамның балағат және былапыт сөздерінің тамыры оның адамгершілік жолынан бұрмаланып, жамандыққа бет бұруында. Адам адамгерішілік жолынан ауытқымағанша жаман сөздерді айтудан тартынады. Ал адамгершілік өзегінен алыстаған соң жамандыққа бет бұрып, жаман сөз айту ол үшін әдетке айналады. Имам Әли (ғ.с.)-ның айтуынша жаман адамдардың әдеті жаман сөйлеу саналады. Исламның ұлық пайғамбары: «Алла Тағала айтқанынан және оған айтылған қарғыстан қорықпайтын былапыт сөйлеушіге жаннатты харам етті»,- деген. Сонымен бірге: «Былапыт сөйлеушіге жаннатқа кіру – харам»,- деген. Балағаттау махаббат пен достықтың орнына кек пен дұшпандық әкеледі. Бір жаман сөз үшін екі достың немесе тіпті екі бауырдың қарым-қатынасының үзілетіні қандай өкінішті. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Бани Тамим тайпасының ер азаттарының біріне айтқан өсиетінде: «Халыққа қарғыс айтпа, өйткені олар сендерге кек  пен дұшпандық білдіретін болады»,- деген. («Әл-қафи», 2-ші том). Имам Әли (ғ.с.) өз өсиетінде: «Қарғыс айтпаңдар, өйткені жаман сөз біздің әулетіміз бен біздің жақтастарымыздың тілі емес. Былапыт сөйлеуші дос болуға лайық емес»,- деген. («Мастадрак әл-васаел», 12-ші том). Бос сөйлеп, балағат айту адамның өмірінен берекені алыстатады.  Имам Садық (ғ.с.): «Діни бауырын балағаттайтын адамды Алла ырзығының берекесінен айырып, жалғыз қалдырып, өмірін қысымға тірейді. («Әл-Кафи», 2-ші том). Имам Әли (ғ.с.): «Тілі жаман әрі жағымсыз адам жаман өмір сүреді»,- деп айтқан болатын. Жаман сөз бен қарғыс айтатын адамдар бұл дүниеде жақсылық пен береке көрмеуімен бірге, ақыретте де азап көреді. Алла елшісі айтқандай, «Тозақта олардың ауыздарынан тоқтамай ірің ағады». Алла Тағала «Фұрқан» сүресінің 63-ші аятында: «Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді»,- деп айтқан. Осыған орай мүміндер мүмкіндіктеріне қарай былапыт сөйлеушілерге реакция білдірмей, тіпті мейіріммен оларды дұрыс жолға нұсқау міндетіне ие. Рауаяттардың бірінде бір адам пайғамбардың қасына келіп, Әбубәкірді қарғағанда хазірет үнсіздік танытады. Әбубәкір әлгі адамға жауап қайтара бастаған кезде пайғамбар орнынан тұрып, оған: «Періште сенің орнына ана адамға жауап беріп жатты. Сен сөйлей бастаған соң, періште кетіп, шайтан келді. Шайтан қатысатын жиында мен отырмаймын»,- дейді. Имам Әли (ғ.с.) Сефейн соғысы кезінде сарбаздарының бір тобының Муавие мен оның жақтастарына қарғыс айтып жатқанын естіген кезде: «Сендердің былапыт сөздеріңді мен ұнатпаймын. Сендер оның орнына олардың жағдайдалары туралы айтсаңдар, шындыққа жақынырақ әрі міндеттеріңді орындауларың үшін жақсырақ болады»,- деген («Наһдж ул-Балағе», 199-шы құтпа).