Maм 30, 2017 16:17 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 5

Рамазан айы - Алланың айы, тазартатын ай, оттан босайтын ай, сабыр айы, береке айы, кешірім айы, рақым айы, тәубе айы, ғибадат айы, мүміннің ырзығы арттатын ай.

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) ыстық әрі ұзақ күнгі  оразаның ерекшеліктері туралы: «Алла үшін ыстық күндері ораза тұтып, шөлмен бетпе-бет келген адамға Алла Тағаланың  мың періштені оның бетіне мәсіх тартып, оған ауызашар кезінде Жаратушының «Сенің рухың мен мінезің қандай жақсы. Періштелерім, менің оны кешіргенімге куәлік етіңдер» деген сүйінші хабары туралы айтты»,- деген болатын.

 «Рамазан» сөзінің лексикалық мағынасы «күннің қатты қызуынан ысыған тас» дегенді білдіреді. Сондай-ақ, күздің басында жауып, ауаны жаздың шаң-тозаңынан тазартатын бірінші жаңбырды да «рамазан» деп атайды.  Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде бұл айдың аталуының себебі: «Күнәлар жойылатын болған соң бұл ай рамазан деп аталды»,- деп аталған. Келесі бірнеше рауаятта бұл айдың атауына рамазан айының жан-дүниемізді күнәлардан, психиканы қателіктерден тазартауы себеп болғаны айтылған. Көптеген хадистерде қасиетті рамазан айы әртүрлі атаулар және әртүрлі сипаттармен баяндалды. Мұның барлығы бұл айдың қасиеттілігін және адамның кемелдікке жетуіне оң әсерін тигізетіндігіне байланысты. Бұл айдың кейбір атаулары мен сипаттары төмендегідей:  Алланың айы, тазартатын ай, оттан босайтын ай, сабыр айы, береке айы, кешірім айы, рақым айы, тәубе айы, ғибадат айы, мүміннің ырзығы арттатын ай. Бұл айдың әдеп-ғұрыптарын орындау бойынша діннің әйгілі тұлғаларының көптеген өсиеттері бізге рамазан айын дұрыс пайдалануға көмектеседі. Тыйым салынған нәрселерді пайдаланбаудан басқа халал тағамдарды пайдалануға назар аудартылған. Намаздарды дер уақытында оқып, тәулікте бірнеше рет Құран оқу насихатталған. Мәселен, күндіз 15 минут, кешке 15 минут Құран оқимыз. Дұғаларды да бөліп, тәулік бойында бірнеше рет оқып, түндерді көбірек дұғамен өткізу керек. Уақытты дұрыс  пайдалану үшін жүрген кезде зікір айтып, бірте-бірте зікірді тілмен айтудан жүрекпен мағынасын сезуге жеткізейік. Үнемі вузу алып жүруіміз дұрыс. Мәселен, ұйықтаудан бұрын да вузу аламыз. Бұл айда түнгі ғибадатқа немқұрайдылық танытпайық. Шариғатқа қатысты жиындарға қатысайық. Өйткені,  діни жиындарға қатысу илаһи рақым самалына бөлену саналады. Энергиямызды орынсыз пайдаланудан тартынайық. Сонымен қатар, орынсыз сөйлеп, қажетсіз істермен айналыспайық. Бұл қасиетті айда Алланың барлық істеріміздің бақылаушы екенін ұмытпай, жақсылық жасауға талпынайық.

 

                     ********************************************************************

 Құран Кәрімнің «Бақаре» сүресінің 285-ші аяты:

آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنزِلَ إِلَیْهِ مِن رَّبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ کُلٌّ آمَنَ بِاللّهِ وَ مَلآئِکَتِهِ وَ کُتُبِهِ وَ رُسُلِهِ لاَنُفَرِّقُ بَیْنَ أَحَدٍ مِّن رُّسُلِهِ وَ قَالُواْ سَمِعْنَا وَ أَطَعْنَا غُفْرَانَکَ رَبَّنَا وَ إِلَیْکَ الْمَصِیرُ

Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді. Мүміндер де барлығы Аллаға, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді. «Елшілердің араларын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың» деді.

Құранның ең үлкен сүресі – Бақаре сүресі. Бұл сүре мұсылмандарды тауһид, ақырет, періштелер, пайғамбарлар  мен илаһи кітаптарға иман келтіруге шақырады. Бұл сүренің ең маңызды аяттарының бірі 285-ші аяты. Бұл аят басында пайғамбар мен мүміндердің тақуалығына тоқталып: «Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді»,- деп, содан соң мүміндерге Исламның ұлық пайғамбарын құрметтуге тоқталады. Құран әрбір жерде Алланың елшісіне құрметін көрсетеді. Мәселен, «Фатх» сүресінің 26-шы аятында: «...Алла Тағала Елшісі  әрі мүміндерге тоқтау салды да, оларға тақуа сөзін жүктеді», немесе «Тахрим» сүресінің 8-ші аятында: «...Алла ол күні Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді»,- деп айтылған. Алла елшісінің жеке түрде айтылғаны  хазіреттің дәрежесінің басқа мүміндерден жоғары  екенін көрсетіп, Алланың жолдауына иман келтірген бірінші адамның елшінің өзі екенін еске салады. Пайғамбар илаһи бұйрықтарды орындап, мүміндер одан үлгі алатын. Бұл аятта мүміндер пайғамбар (с.ғ.с.) сынды Аллаға, періштеге, илаһи кітаптар мен Оның елшілеріне иман келтіріп, еш уақытта  пайғамбарды жалғыз қалдырмаған адамдар. Олар пайғамбарларды бөліп-жарып, алаламаған: «...Елшілердің арасында айырмашылық жоқ, естідік те бой ұсындық»,- деді. Содан кейін: « Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың»- деді.

Ходже Абдолла Ансари: «Пайғамбардан  миғрадж түні қандай сый берілгенін сұраған кезде: ««Хамд» сүресі мен «Бақаре» сүресінің соңғы аяты. Бұл екі сый менен бұрын ешкімге берілмеген»- деп жауап берген»,- деп айтқан болатын.

                         *****************************************************************

 

Дәрігерлердің рамазан айына қатысты ақыл-кеңестері

Барлығыңыз білетіндей, құрма – ауызашар дастарханының зейнеті. Ораза тұтқан адамның құрмамен ауыз ашуы мұстахаб саналады. Құрма ағашы ежелден келе жатқан әрі қасиетті ағаш. Оның атауы Құранда 42 рет қайталанды. Мұсылмандар оны жаннат жемістерінің бірі санайды.

Хадистер мен рауаяттарда құрманы жеу насихатталады. Бұл қасиетті рамазан айында құрма жеудің маңыздылығын көрсетеді. Исламның ұлық пайғамбары: «Халал құрмамен ауыз ашқан әр адамның намазының сауабы 400 есе артады»,- деген.

Имам Садық (ғ.с.)-ның сөздерінің бірінде: «Алла елшісі ораза тұтқан сайын ауызын құрмамен ашатын",- деп айтқан.

Құрма

Диетологтар ораза тұтқан адамға ауызын құрмамен, ыстық су, қою емес шәй және сүтпен ашуды ұсынады. Өйткені, айтылған бұларды жеп-ішу арқылы дененің қантты қажет етуінің мөлшері қамтамасыз етіліп, басқа нәрселермен тамақтану үшін жақсырақ негіз дайындалады. Диетолог доктор Сара Ахмадпур былай деді: «Рамазан айында құрманы жеу шаршағанды басады, ас қорытуды жеңілдетеді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері құрманың қасиетті рамазан айында орза тұтушылар үшін ең жақсы тамақ екенін көрсетеді. Күннің соңында қандағы қант мөлшерінің төмендеуі миға әсер етіп, әлсіздікке себеп болады. Құрма жегеннен 20 минуттан кейін ораза тұтушының халі жақсарады. 3-5 құрма ғана жеп, басқа тәтті-тағамдар сынды оны да көп жеуден тартыну керек. Құрма – А-В-С-Е витаминдеріне толы жемістің бір түрі. Шамамен әр 100 грамм құрмада 14 милиграмм С витамині бар. Сонымен бірге құрманың құрамында адамның саулығына қажет фосфор, калций, темір, йод және магний кездеседі. Ол рамазан кезінде демалатын ас қорыту жүйесіне көмектеседі. Адамның иммунитетін көтеріп, қан қысымының артуы немесе төмендеуінің алдын алу, ішектің жұмысын жақсартып, ашу-абыржуды төмендету және жүкті әйелдердің тыныштығына себеп болуы құрманың келесі ерекшеліктеріне жатады».