Маусым 06, 2017 16:45 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 12

Қасиетті әрі берекеге толы ай – ислам әлемнің жер-жеріндегі мұсылмандардың бірлігінің белгілерінің бірі. Әртүрлі елдер мен әртүрлі ұлттардың мұсылмандары бұл қасиетті айды қуаныш және құрметпен қарсы алады.

Бүгін қасиетті рамазан айының он екінші жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбарының хиджратының бірінші жылындағы мұхаджерлер мен ансарлардың арасындағы бауырмалдық келісімінің жылдығы. Мұсылмандардың  бұл екі тобының ұлты, кәсібі мен тәрбиеленген ортасы әртүрлі болғандықтан, олардың ойларында өткеннің мәдениеті мен ой-пікірлері қалып, қайшылықтар мен іріткілерге себеп болады деген алаңдаушылықтар болды. Сол себепті Исламның ұлық пайғамбары бұл маңызды шешімді қабылдады. Хазірет мұхаджерлер, яғни Мекке халқы мен ансарлардың, яғни Медине халқының  арасында бауырмалдық келісім орнатқан соң Әли бен Абиталеп (ғ.с.)-ды бауыры деп атады. Пайғамбар үкімет пен исламдық қоғам құру үшін ұлтаралық және тайпалық айырмашылыққа ие мұсылмандардың арасындағы бауырмалдық келісімді қажет етті. Мұсылмандарды  бір-біріне жақындатып, бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнату пайғамбарға мақсаттарына жетуге көмектесті. Пайғамбар бауырмалдық келісімді мұхаджерлерге экономикалық көмек көрсету үшін пайдаланды. Өйткені, әрбір ансар  өзінің жаңа бауырына көмектесуді міндеті санады. Бұдан бұрын халық надандық кезінде бір-бірін қорғап-қолдау үшін тайпалары  және отбасы мүдделері негіздері бойынша тайпалық келісімдерге келген. Пайғамбар  мұсылмандардың арасында бауырмалдық келісім орнатып, олардың арасындағы қарым-қатынас деңгейін  өзгертіп, одан жақсырақ илаһи қарым-қатынас орнатты.

Мұсылмандар арасындағы бауырмалдық келісім

Қасиетті әрі берекеге толы ай – ислам әлемнің жер-жеріндегі мұсылмандардың бірлігінің белгілерінің бірі. Әртүрлі елдер мен әртүрлі ұлттардың мұсылмандары бұл қасиетті айды қуаныш және құрметпен қарсы алады. Рамазан айындағы ораза тұту – хазірет Ибрахимнің қажылық рәсімі сынды әртүрлі мазхабтардың мұсылмандары үшін бірлік рәсімі. Мұсылмандар ислам үмбеті деп аталып, бірге бас қосады. Рамазан айында ораза тұту мен басқа исламдық міндеттер ахкамы барлық жерлерде бірдей болғандықтан географиялық шекаралар мұсылмандардың арасына қашықтық тудырмайды. Рамазан айында жүректер жақындап, мұсылман халықтар бірігіп,  әрбір мұсылман  өзін біртұтас қоғамның мүшесі санайды. Сондықтан бұл айда қайшылықтардан алыстап, қиямет күні Алла мен  Оның пайғамарының (с.ғ.с) алдында ұятқа қалмау үшін исламдағы бұрмаланған ағымдармен қарсыласуымыз керек.

            *********************************

 

«Ағраф» сүресінің 201-ші аяты:

إِنَّ الَّذینَ اتَّقَوْا إِذا مَسَّهُمْ طائِفٌ مِنَ الشَّیْطانِ تَذَکَّرُوا فَإِذا هُمْ مُبْصِرُونَ

«Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді».

Бұл аятта шайтанның күдік-күмәндарымен бетпе-бет келген кезде Алланы естеріне алып, зікір айтып, өздерін солардан алыстататын тақуа адамдар туралы айтылған. Тақуалық Құранның көзқарасы бойынша немқұрайдылыққа қарсы қалыптасады. Тақуалық, яғни адамның  өзі мен өзінің әрекеттерін бақылауға алуы. Негізінде,  өмір – екі жағы терең ор тайғақ жолдан өту. Тақуалыққа немқұрайдылық танытқан сәт, егер тас пен талға немесе оның бұтағына ілініп қалмаса, орға құлауға себеп болу мүмкін.

Күнәһар адам көптеген күнәларына байланысты шайтандық күмәндардың жүрегіне енгенін  сезбейді. Иманды адам оларға қарсы тұрады. Кішкентай күнә жасаған кезде ол соны түсініп, ол тәубе етіп, қатесін түзетуге талпынады. Бұл адам шайтан қасынан өткен кезде Жаратушыны еске алады, шайтан алыстаған кезде Алланы пана тұтады. Иманы бар мүмін адам микробтарға ішкі кіруге рұқсат етпейтін, ал кірген жағдайда иммунитетінің жоғары болуына байланысты соларды жойып жіберетін дені сау организм сынды. Сондықтан шайтандық күмәндар тақуа мұсылманның жүрегіне кірмейді. Кірген күннің өзінде  жылдам шығарылады.

Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сиынамын

Ходже Абдолла Ансари бұл аят туралы: «Дұрыс жолға түскен адамға шайтан әер ете алмайды. Исламның алғашқы кезінде бір жігіт кешкі намазын оқып, қайтып келе жатқан кезде жолда бір әйелді көреді. Әйел өзін таныстырып, оны бұзақылыққа итермек болады. Жігіт әйелдің соңынан еріп, сарайына жетеді. Бір сәт аялдап, осы аятты оқиды. Сол кезде есінен танып қалады. Мұны көрген әйел қызметші әйелді шақырып, екеуі көтеріп жігітті үйіне жеткізеді. Жас жігіттің қарт әкесі болған. Ол үйінен сыртқа шығып, ұлын көріп, үйіне кіргізіп, не болғанын сұрайды. Ұлы болған оқиғаны айтып, «Тақуаларға шайтан тарапынан бір сыбыс тисе, олар Алланы еске алады да қырағылық істейді» деген аятты оқып, дүниеден озады.

           **********************************

 

Исламдық тағылымдарда тамақтану – әдеп-ғұрыптарға ие қоғамдық өмірдің бір бөлімі. Егер соларды сақтасақ, денсаулық нығметіне бөленеміз. 

Осы уақытқа дейін әртүрлі жерлерге тамақтануға барған кездері кейбір адамдар дұрыс тамақтану әдебін сақтамай, сіздердің көңілдеріңізге кірбің ұялатқан болар. Біз  күнделікті әртүрлі лас заттарды қолымызбен ұстаймыз. Сондықтан әртүрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Имам Әли (ғ.с.) тамақтанудан бұрын қолымызды жууды насихаттап: «Тамақтан бұрын қол жуу ырзықты арттырып,  көзді нығайтады»,- деген. Келесі мәселеге тамақтануды адамды әртүрлі пайдалы азықпен қамтамасыз ететін мейірімді Жаратушының атымен бастау керектігі жатады. Имам Әли (ғ.с.): «Тамақтанған кезде Алланы ұмытпаңдар және бос сөйлеуден тартыныңдар. Өйткені, тағам – Алланың нығметі мен ырзығы. Сондықтан Алланы еске алып, шүкіршілік айтса дұрыс болады»,- деген. Ас ішкенде жеңіл тамақтан бастаңдар. Сондай-ақ, рауаяттарда тамақтануды тұзбен бастау денсаулық үшін жақсы деп көрсетілген. Алайда, адамның қан қысымы  жоғары болмауы керек. Медицина ғылымы ыстық тамақтың организмге зиян келтіретінін ескертеді.  Имам Әли (ғ.с.): «Ыстық тамақты суып, жеуге келгенше күтіңдер»,- деген.

Тамақты оң қолмен жеу керек. Тамақты аз-аздап, асықпай жеген дұрыс. Хадистердің бірінде тамақтануды тоймастан бұрын тоқтатуға кеңес берілген. Тамақтанудың соңы да басы сынды адам үшін пайдалы әдептерге ие. Оларды мистикалық, қоғамдық және гигиеналық әдептер деп бөлуге болады. Мистикалық әдептерге нығметтер Иесі Аллаға шүкіршілік айту және ырзық берекесіне ие  болу үшін жатады. Қоғамдық әдептерге аш адамдарды еске алу кіреді. Адамдар қоғамдағы кедейшілік пен аштықты азайту үшін  мүмкіндіктеріне қарай әрекет жасауға міндетті. Гигиеналық әдептердің қатарына тамақтанып болған соң қолды жуып, тісті тазалау, шалқасынан жатпау және бірден ұйықтамау кіреді.