Рамазан – Алланың айы 16
Егер, адам Жаратушының шексіз құдыретіне иман келтірген болса, еш уақытта оның мейірімінен үмітсіз қалмайды.
Рамазан айының жетістіктерінің бірі – илаһи рақымдылыққа деген үміттің артуы. Осы әдемі рухани жағдай өміріміздің басқа күндері де сақталса қандай жақса болар еді. Құран Кәрім өзінің көптеген аяттарында адамдарды илаһи рақымға үміттендіреді. «Юсуф» сүресінің 87-ші аятында: «Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланың рахметінен қарсы болған қауым ғана күдер үзеді…»,- деп айтылған.
Негізінде, кейбір адамдар кейбір нығметтерден айырылып немесе қиындықтарға шырмалып, үмітсіздікке салынады. Кейбіреулер имандарының әлсіздігі және Алламен қарым-қатынас болмағандықтан шүкірсіздік білдіреді. Егер, адам Жаратушының шексіз құдыретіне иман келтірген болса, еш уақытта оның мейірімінен үмітсіз қалмайды. Пайғамбар Юнусты теңіздің түбінен шығарып, балықтың ішіне салған Алла Тағаланың иман келтіргендердің дұғаларын орындай алатындығына күмән тумайды.
Лобаиб деген адам былай деп есіне алатын: «Жас кезімде қолымды жылан шақты. Жылан шаққан қолым жансыз болып қалды. Біраз уақыттан кейін екінші қолым да жансызданып қалды. Көп ұзамай екі көзім көрмей, тілім күрмеліп қалды. Мен төсек тартып жатып қалдым. Бүкіл сезім мүшелерім жұмыс істемейтін болды, тек есту мүмкіндігім ғана қалды. Көп уақыт шөлдеп жататынмын, бірақ маған ешкім су бермейтін. Ешкім менің қажеттіліктерім мен дертімнен хабарсыз болды. Сөйтіп бір жыл өтті. Өмір сүру мен үшін өлімнен жаман болды. Бір күні әйелімнің қасына бір әйел келіп: «Лобаиб қалай?»- деп сұрады. Әйелім шағымданып, менімен өмір сүрудін шаршағанын айтты. Мен қатты күйзелдім, бірақ Аллаға деген үмітімді үзбедім. Мен қарапайымдылығыммен Алладан құтқаруды сұрадым. Кенет, бүкіл денеменен қатты дертті сезіп, біраздан кейін ұйықтап кеттім. Оянған кезде қолымды қозғалта алатынымды сездім. Күмәнданып, қолымды тағықозғалттым. Содан соң аяғымды қозғалтып, орнымнан тұрдым. Бір жылдан кейін аспандағы жұлдыздарды көрдім. Қуанғанымнан есімнен айырыла жаздадым. Тілім сөйлеуге келіп, Алла Тағалаға: «Уа, жақсылықтардың Иесі! Өзіңе шүкіршілік білдіремін»,- дедім».
Сөйтіп, Лобаиб Алланың рақымы мен қайырымдылығынан үмітсізденбегені үшін Алла оған жақсылық сыйлады.
********************************
«Наһл» сүресінің 97-ші аяты:
"مَن عَمِلَ صالِحًا مِن ذَکَرٍ أَو أُنثیٰ وَهُوَ مُؤمِنٌ فَلَنُحیِیَنَّهُ حَیاةً طَیِّبَةً ۖ وَلَنَجزِیَنَّهُم أَجرَهُم بِأَحسَنِ ما کانوا یَعمَلونَ."
«Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз».
Бұл аят «жақсы тіршілікке» тоқталады. Жақсы тіршілік, яғни пәктік. Әр адам табиғи түрде пәктікті қалайды. Адам ластыққа жиіркеніш білдіреді. Сол себепті, лексикалық тұрғыдан жақсы тіршілік – ластықтардан таза, пәк өмір сүру.
Құранның ой-пікірлерінде өмірдің нақты мағынасы бар. Сырттай қарағанда, өмір –адамның дүниеге келуінен өліміне дейінгі дүниелік өмір. Негізінде, Ұлы Алла адам үшін дүниелік өмірден басқа өмірді де ұсынды. Сның нәтижесінде адам рухани мақсаттарына жетеді. «Анфал» сүресінің 24-ші аятында: «Әй, мүміндер! Сендерді өздеріңе тіршілік беретін нәрсеге (дінге) шақырған кезде Алланың әрі Елшісінің тілін алыңдар. Және Алланың кісімен жүрегінің арасына дейін килігетіндігін біліңдер. Шәксіз, Алла тарапына жиналасыңдар»,- деп айтылған. Бұл аят бойынша Алла Тағала адал әрекет ететін әр мүмінге жаңа өмір сыйлайды. Бұл өмірде адам ілім мен жоғары түсініктерге жетеді. Сонымен қатар Жаратушы оған шындықты жандандырып, жалғандықты жоятын құдырет береді. Бұл жаңа ілім мен құдырет мүмінді шындық пен жалғандықтан ажыратуға дайындайды. Мұндай көзқарас бойынша мүмін еш уақытта дүние мен оның сыртқы жалған көріністеріне алданбайды.
Алла Тағала «жақсы тіршілік» сыйлаған адам шайтанның алдауына түспейді және шайтан оны күмәнға салмайды. Мұндай адам еш уақытта Алланың ризалығынан басқа нәрсе туралы ойламайды. Ол еш нәрсемен салыстырылмайтын нұр мен кемелдікті түсініп, мәңгі өмірге түсіп, жақсылық пен бақытқа жетеді.
********************************
Рауаяттардың бірінде: «Сәресін жеңдер, өйткені ол берекеге ие»,- деп айтылан. Рамазан айындағы ораза тұту әдептерінің бірі – сәресі кезінде оянып, ғибадат жасап, сәресін ішу. Таң намаздан бұрын «Саһар» дұғасы мен түнгі мүнәжәттар оқылып, диктордың сәресін ішудің пайдасы туралы телебағдарламаны жариялауы бұл айдың есте қалатын оқиғаларының бірі. Ораза тұтуға жасы жетпеген кішкентай балалар да үлкендермен бірге сәресі рәсімдеріне қатысып, сәресін ішеді. Тіпті, бір құрма мен шырын су болса да сәресін ішу қуатталған. Рауаятшылар құрманы ең жақсы сәресі деп санайды. Кешірім сұрап, сәресі кезінде оянып, тамақтанатындарға Алла мен періштелері салауат айтады.
Иранның кейбір қалаларында адамдар азаннан екі сағат бұрын оянып, алдымен вузу алады. Өйткені, сәресі кезіндегі амалдар мен тамақтануды вузумен орындаудың сауабы көбірек болады. Содан соң үлкендер дауыстап дұға оқып, отбасының басқа мүшелері қайталайды. Отбасының анасы сәресі үшін отбасының мүшелері жақсы көретін тамақ дайындайды. Адамдардың көбі ыстық тамақ ішеді. Сәресіне қажет тамақты дайындайтын белгілі уақыт жоқ. Кейбіреулер түн ортасында тұрып, дайындайды. Тағы біреулер ауызашардан кейін дайындап қояды. Бірақ, өкінішке орай, сәресі кезінде қалай тамақтану керектігі туралы ешкім ойланбайды.
Диетологтардың пікірінше, сәресін ішу ең маңызды мәселе. Сондықтан сәресін ішудің орнына көбірек ұйықтай тұрайын деген дұрыс емес. Өйткені, сәресін ішу – береке, мүбәрәк. Кешкі тамақ сәресінің орынын толтыра алмайды. Бір үзім нан болса да сәресін жеу қажет. Сәресін жемеу адамның әлсіреуіне себеп болады. Ораза тұтушыны қажет тамақпен қамтитын сәресін жемеу оразаның пайдасын жояды. Сәресін жемеу бас ауруы, қандағы қант мөлшерінің өзгеруіне, үйрену қабілетінің төмендеуіне, шаршап-шалдығуға соқтырады. Сондықтан, ораза тұтушы адамға сәресін ішуге ояну насихатталған. Әсіресе, бірінші рет ораза тұтатындар міндетті түрде сәресін ішуі керек.