Маусым 11, 2017 19:44 Asia/Almaty
  • Рамазан – Алланың айы 17

Рамазан айы – оянатын, Алланы мадақтайтын ай. Ауызашар мен сәресінің нұрлы сәттері дұға жасап, Мейірімді Алладан кешірім сұрау үшін ең жақсы уақыт. Шексіз илаһи береке және рақымға ие Рамазан айының жартысы өтті. Ораза тұтушылар Алламен рухани қарым-қатынас орнатып, өз болмыстары мен психикаларынан өзгерісті сезіп, олардың амалдарына да әсер ететін болады.

Негізінде адам сындарлы амалдары және жақсылықтарымен  дұрыс жолды таба алады. Алланың адал пенделері басқалармен қарым-қатынас орнатқан кезде жақсылық жасап, амалдарын қарапайымдылықпен орындайды. Олар тіпті, надандардың айптауларымен кезіксе де олармен әдеппен амандасып, жақсы мінез көрсетеді. «Фұрқан» сүресінің 63-66-шы аяттарынан Алланың жақсы пенделерінің жағымды амалдары туралы оқимыз. Мәселен, «Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді».  Егер, адам әлем мен оның жаратылыстарын илаһи құдыреттің белгісі санаса, басқаларға тәкаппарлықпен емес, махаббатпен қарайды. Егер мұндай пікірге ие қарапайым адам өз болмысынан ерекшелік байқаса, оны илаһи рақым санайды. Хазірет Әли (ғ.с.): «Үш нәрсе басқалардың махаббатына ие болуға себеп болады: діндарлық, қарапайымдылық  және кешірімділік» деген. Қарапайым амал етіп, басқалармен келісімге келу қылмыскерлер мен адасқандар үшін дұрыс жолға түсуге себеп болып, олардың жүректерін шындыққа қарай ашады.

Әрине, қарапайымдылық пен басқалардың алдында өзін кем санаудың айырмашылығы бар. Ислам дінінің, сонымен бірге психология ғылымы бойынша, өзін кемсітіп, қорлау адамның болмысындағы әлсіздіктен тамырланатындықтан, жағымсыз.  Имам Әли (ғ.с.) мүмін адамның ерекшелігін «жұмсақ мінез бен мейірімділік сипаттайды» деген. Қарапайымдылық – үлкен сезімнің бір бөлігі. Ол тапшылық, әлсіздік пен басқаларды қажет етуден туындаған  қорлық емес. Құдырет және әлсіздіктен туындаған қарапайымдылықтың айырмашылығы бар. Әлсіздіктен туындаған қрапайымдылық әрқшан қорлықты сезуге, ал құдыреттен  туындаған  қарапайымдылық басқаларды құрметтеуге себеп болады. Адам өзін Алланың жақсы пендесі және мүмін бауырларына деген қарапайымдылығын Алла үшін деп санап, ғиззат пен абыройды сезінеді.

      ********************************************* 

«Таһа» сүресінің 132-ші аяты:

"وَأمُر أَهلَکَ بِالصَّلاةِ وَاصطَبِر عَلَیها ۖ لا نَسأَلُکَ رِزقًا ۖ نَحنُ نَرزُقُکَ ۗ وَالعاقِبَةُ لِلتَّقویٰ."  

«Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл. Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз. Соңғы табыс тақуаға тән».

Бұл аят пайғамбарға намаздан көмек алып, сабыр сақтап, жанұя мүшелерін намаз оқуға нұсқа деп бұйырады. Намазда адам «Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!» деп, Алладан көмек сұрайды. Негізінде, намаз – адамның болмысының қажеттілігі. Бала анасын пана тұтқандай, адам намазда рухы мен жанын тыныштандыру үшін Ұлы Алланы пана тұтады.

Намаз – уәжіп ғибадаттардың бірі. Егер намаз дұрыс оқылса, намаз оқушының рухы мен жанын жоғары әлемге жеткізеді. Мұндай намаз адамның барлық ашылмаған дарындарын сыртқа шығарып, оны материалдық дүниеден босатып, рухани жоғары кеңістікке жеткізеді.  Алла Тағала бұл аятта намаз сіздердің дамуларыңызға себеп болады деп: «Біз сенен ризық тілемейміз. Сені біз ризықтандырамыз»,- дейді. Ал пенденің ғибадаты мен Аллаға бағынуы оған пайда әкеледі. Керісінше, пенденің Оған бағынбауы адамға зиян келтіреді. Алла Тағала  еш нәрсені қажет етпейді. Керісінше, барша Оны қажет етеді. Сондықтан, егер Алла ғибадатты өз пенделеріне уәжіп етіп, адамды ахлақты ұмытпауға бастап, жамандықты орындаудан алыстатады. Адам өзінің ғибадаты және құлшылығымен Аллаға жақындап, кемелдікке жетіп, ластықтардан алыстап, физикалық және рухани зияндардың алдын алады. Сөйтіп адамға материалдық және рухани мүдделерін қайтарады.

«Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз!»

 Жанұяны намазға жігерлендіру туралы келесі мәселе ата-ананың перзенттеріне рухани тәрбие беру саласындағы ауыр міндетін көрсетеді. Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде: «Біліңдер, сіздердің барлығыңыз қорғаушысыздар. Қорғауға міндеттелген адамдардың алдында барлығыңыз жауаптысыздар. Әмір мен исламдық үкіметтің басшысы халықты қорғауға міндетті. Олардың алдында жауапты. Ер азамат – өз жанұясының қорғаушысы.  Сол себепті оның мүшелерінің алдында жауапты. Әйел – жанұя, жұбайы және перзенттерінің қорғаушысы. Сондықтан олардың алдында жауапты»,- деп айтылған.

           *********************************

 

Сәресін ішпейтін адамдардың түстен кейін ойлау қабілеттері төмендеп, физикалық күші де азаяды. Сәресін ішетіндердің мүмкіндігінше  қарапайым қантты пайдаланбағаны дұрыс. Өйткені, қант жылдам шаршап-шалдығуға соқтыруы мүмкін.

Ирандағы Тағам және тамақтану ғылыми ұйымның басшысы доктор Мозаһари былай дейді: «Сәресі кезінде балғын және қайнатқан көкөністерді пайдаланып, әртүрлі зиянды сусындарды ішпеңдер. Көкөніс асқазанда суды жинап, онымен араласқан кезде кілегей қалпына келіп, денедегі судың сақталуына, соның арқасында адамның жылдам шөлдемеуіне себеп болады. Сәресі  кезінде майы мен тәттісі аз ыстық тамақ жеген жақсы. Аштықтың алдын алу үшін картоп, кебекті нан, сұлы, күріш және бұршақ дақылдарын пайдаланған жөн. Тәтті, тұзды, майлы тамақтарды пайдалану шөлдетеді. Сәресі кезінде салат жеуге көп кеңес берілген. Тауық, балықтан жасалған  әртүрлі тамақтар сәресі үшін жақсы саналады. Сәресі кезінде тұзды да азырақ қолданған жөн. Сәресі тамағымен бірге айран ішіп, салат жеген пайдалы».

Қасиетті рамазан айындағы тамақтану 

 Диабетке шалдыққан адамдар өз дәрігерімен ақылдасып, бал және құрғақ тұт жей алады. Алла Тағала  илаһи нығметтерді пайдаланып, таза және халал тамақпен тамақтануды насихаттайды. Тарихта Бани Аббастың үшінші халифасы Маһди Аббасидың Шарик Қази деген адамды  шақырып, оған төрелік міндетін бергісі келгені айтылған. Ол тағұтқа қызмет етіп жүргендерді қабылдамайды. Маһди Аббас оған: «Мына үш ісімнің бірін орындауың керек: төреші бол немесе перзенттерімді оқыт, я болмаса  дастарханның басына отырып, бізбен тамақ же»,-  деген. Шарик Қази тамақтануды басқа күнделікті істерден гөрі жеңілірек деп ойлап, оның тамағын жейді. Бірақ тамақ харам болып, Шарик Қазиге теріс әсерін тигізіп, оны өзгертіп, ол төреші де, халифтің перзенттерінің мұғалімі де болады. Шарик: «Алламен ант етемін, бидай дәнінен маңызды дінімді саттым»,-деген болатын.