Рамазан – Алланың айы 23
Бұл айдың рухани берекесінің бірі – Құранға жақын болу. Әсіресе, Қадір түндері Құран Кәрімнің нұрлы аяттарын оқуға көп кеңес берілген. Тіпті, бүгінгі дұғамызда: «Уа, Алла! Менің алдымнан жаннат есіктерін ашып, тозақ отының есіктерін жаба гөр, мүміндердің жүрегін тыныштыққа бөлейтін Құранды оқуға мүмкіндік бере гөр»,- деп тілейміз.
Құранның ақиқаты қасиетті Рамазан айы мен және Қадір түні Исламның ұлық пайғамбарының жүрегіне жіберілгеніне байланысты Құран мен Рамазан айының арасында ерекше қарым-қатынас орнатылып, Рамазан айы «Құранның көктемі» деп аталды. Яғни, көктемде табиғат жаңа өмір бастайтындай, Құранның ғашықтары Рамазан айында осы қасиетті кітапқа басқа кезеңнен жақынырақ болып, оны оқып, үйреніп, аяттарын түсінуге талпынып, жүректеріне жаңа дем сыйлайды. Құранға жақындайтын Рамазан айында бұл қасиетті кітапқа ерекше көңіл бөліп, оған шынайы жақындауға талпынайық. Өйткені, Құран – адамды жетілдіріп, тәрбиелейтін кітап. Бұл кітапта адамды бақытына жеткізетін барлық нұсқалар ескерілген. Құран – Алланың сөзі. Сондықтан, соған сай ғамал ету дүние мен ақыреттегі бақытқа жетуге себеп болады. Құран аяттарын естіген сайын оның айбыны мен мазмұны туралы ойланып, Құранмен ойымыз бен ғамалдарымызды жақындату туралы дұға тілейміз.
Махаббат, яғни анасының кеудесіне жабысып, ана сүтімен қоректенетін сәби сынды Құранға жақын болу. Шынайы мистик деп Алла мен оның сөзіне сәби сынды жақын адам саналады. Шынайы сүйіспеншілік білдіру – адам мен сүйіспеншілік білдірген нәрсенің арасындағы байланысты нығайтатын махаббат. Алла мен Алланың сөзіне деген мұндай сүйіспеншілік Алланың әулиелерінің ерекшеліктеріне жатады.
«Наһдж ул-Балағеде» Құранды оқу және оның бұйрықтарын орындау туралы көп қуатталған. Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 193-ші құтпасында: «Тақуалар – Құранды асықпай, ойланып оқитын, өз дерттерінің емін Құраннан табатындар. Олар жігерлендіретін аятқа жеткен кезде үлкен сүйіспеншілікпен оған бет бұрып, рухы мен жандарын соған шоғырландырып, аятты үлгі етіп, сондай-ақ қорқыныш ұялататын аятқа жеткен кезде жүректерін оны естуге ашады»,- деп айтқан болатын. Бұл сөздер Құран аяттарының әрқашан мүміндердің жүректеріне әсер етіп, олардың ойлары мен ғамалдарын өзгертіп, имандарының артуына себеп болатындығын көрсетеді. Құранның нұрын дұрыс пайдалана алатын адам тақуа болуды мақсат етіп, надандық, шірк пен зұлымдықққа ластанбайды.
********************************
«Рум» сүресінің 10-шы аяты:
" ثُمَّ کانَ عاقِبَةَ الَّذینَ أَساؤُا السُّوأى أَنْ کَذَّبُوا بِآیاتِ اللَّهِ وَ کانُوا بِها یَسْتَهْزِؤُن."
«Сосын жамандық істегендердің соңы Алланың аяттарын жасынға шығарып, оны мазақ қылғандықтары үшін жаман болды».
Бұл аят күнәның адамды тура жолдан алыстататыны туралы баяндайды. Бұл тек бір сәтте немқұрайдылық танытып, күнәға батып, Хақ жолынан ауытқыған иман келтірген мұсылман сынды. Тура жолдан ауытқу өте қатерлі. Бұрмалану аз болғанымен, бірте-бірте үлкейіп, алға ілгерілеген сайын тура жолдан қашықтап, тіпті илаһи аяттарды теріске шығаруға дейін жетуі мүмкін. Хадистерде сонымен бірге адамның күнә жасаған кезде жүрегінде қара дақтың пайда болатыны айтылған. Адам тәубеге келген кезде дақ тазарады, ал күнә жасаса, үлкейе береді.
Адамдардың адасушылығының көбіне күнәлар немесе жасанды мінездері себеп болады. Қалай болғанда да, екі себептің де салдары – адасу. Тек тәубе ғана адамның жүрегіне нұр әкеледі. Адам тәубе жасауын кейінге қалдырмауы керек. Өйткені, адам күнәнің батпағына батып, сыртқа шыға алмауы мүмкін. Басында шындық шебінде болып, кейін жалғандыққа қарай бет бұрғандар аз емес. Имам Әли (ғ.с.) пайғамбардың қасында соғысқан, бірақ кейін соғыста өлген адамның қылышы туралы: «Бұл қылыш бір күндері соғыстарда пайғамбардың жүзіне кекті қондырмаған. Бұл қылыш мұсылмандар халифасы Әли бен Абиталептің үстіне көтерілді»,- деген болатын. Бұл аяттың көңіл бөлген келесі мәселесі өз мақсатына жету үшін жаман құралдарды пайдаланатын адамның өмірінің соңы ең жаман түрде аяқталатыны туралы.
Келесі мәселе келеке етудің пайғамбарларды теріске шығарушылар мен кәпірлердің ерекшеліктері екенін еске салу. Сондықтан, әр мұсылман, егер бір нәрсеге сенім артпаса, оны мазақтамай, қисынды жауап іздеуі керек. Егер дұрыс дәлел таппаса, оны орынды сөздермен теріске шығаруы керек.
******************************
Қасиетті Рамазан айында тамақтанбау уақытының ұзаққа созылуы ауыздан жаман иістің шығуына себеп болуы мүмкін. Бұл мәселе әсіресе жастардың арасында көп баяндалып, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қиындық туғызуына байланысты психикалық салдарлары болады. Рамазан айы адамның рухы мен психикасына өзгерістер енгізу берекесіне байланысты үлкен нығметке ие. Бұл нығметке Алла Тағаланың ораза тұтушы адамның ауызынан шығатын жаман иісті хош иіске өзгертуі жатады. Исламның ұлық пайғамбары: «Қасиетті Рамазан айында ораза тұтушының ауызының жаман иісі зімбірдің иісінен жақсырақ»,- деген болатын.
Сол себепті, тамақтанудың кейбір ережелерін орындап, ауыздан шығатын жаман иістің алдын алуға болады.
Тіс дәрігері Хоериан тістердің арасында қалған тамақ, темекі, кейбір дәрі-дәрмек пен сарымсақ сынды кейбір иісі өткір тамақтардың ауыздан жаман иістің шығуына себеп болатыны туралы ескертіп: «Аштықтың иісі де адамның ауызынан жаман иістің шығу себебіне жатады. Сондықтан, ұзақ уақыт бойы су ішпей, тамақ жемеу дененің суының азаюына себеп болады. Тамақты дұрыс шайнап жемеу де ауыздың жаман иісінің себебінің бірі болуы мүмкін»,- дейді. Ол жаман иісті азайту үшін бірнеше ақыл-кеңес береді: «Ораза тұтушының ауызынан жаман иіс шықпау үшін біріншіден, тістерінің шірігені болса, оларды емдеп, содан соң тістердің арасында қалған тамақты тазартып, тілдің астын да мисуақпен тазалау керек. Сонымен бірге ұйықтардан бұрын және сәресінен кейін жалбыз пайдалану ауыздан шығатын жаман иістің алдын алуға көмектеседі. Жалбыз сондай-ақ ас қорыту жүйесінің, атап айтқанда асқазан аурулары мен ішек-қарындағы спазмдар мен ішек ауруларының алдын алады». Ауызашар мен сәресі кезінде су мен жемісті көп пайдаланп, майлы тамақтар мен дәмдеуіштері көп қосылған тамақтарды, кофе, газды сусындар, пияз бен сарымсақ, ет пен темекіден тартыну ауыздан шығатын жаман иісті азайтады. Кальцийге толы ірімшік ауыздың құрғауының алдын алады.