Маусым 28, 2017 12:20 Asia/Almaty
  • Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты (10)

«Имам Реза (ғ.с)-ның өмір салты» атты бағдарламамыздың кезекті бөлімінде имам Реза (ғ.с)-ның ғылым саласындағы даралығы туралы сөз қозғаймыз.

Разавилік өмір салты

Пайғамбар (с.ғ.с)-дың құрметті әулетінің мәдениеті мен өмір сүру салты және осы сенімді әрі берік панадан рухани пана іздеу шынайы исламды тану мен одан игілік көрудің ең негізгі жолдарының бірі саналады. Себебі, олар исламның мөлдір бұлағынан сусындағандықтан, Пайғамбар (с.ғ.с)-дың өмірлік мектебінің нағыз көрінісі саналады.

Пайғамбардың әулеті Аһле бейт (ғ.с) туралы айтатын маңызды мәселе бәрінен бұрын міндетті түрде осы ұлы тұлғаларды танып-білу қажеттігінде. Себебі танып-білу – діннің негізі. Өз сенімін білдіріп, сол таным арқылы ізгі істер жасау сенім мен амалдардың маңызы мен құндылығын бірнеше есе арттырады. Диктор 1:

Батыстың бір жазушысы: "Басқа діндерге қарағанда ислам дінінің тарихы қызықтырады. Исламның мақсаты нәсілі мен ұлтына қарамастан, адамзат баласының барлық ұрпағын бақытты болудың қағидаларымен таныстыру болып табылады. Ислам өз жетекшілерінің тәлімдерінің арқасында баршаға  ортақ ахлақтық және діни өлшемдерге берік адамзат қоғамын құруды көздейді",- деп жазған. Бүгінгі таңда әділ данышпандар әлемді жоғары ахлақтық қасиеттер мен рухани ұлылық арқылы адамзатқа бақыт пен кәмілдіктің жолын көрсететін имам Реза (ғ.с) секілді жетекшілердің тәлімдеріне қарыздар санайды.

Имам Реза (ғ.с)-ның ғылым саласындағы даралығы мен рухани ұлылығының өз заманындағы ислам әлеміне әсер еткені соншалықты, тіпті оның қарсыластары да имамды мақтаған. Масуди: "Мамун х.қ.ж.с.б 200 жылы Аббаси әулетіндегі өзінің барлық жақындарын Мервте жинап, солардың алдында: "Мен мұсылмандардың көрнекті тұлғалары туралы көп зерттеу жасадым. Алайда олардың арасынан бұл іске, яғни халифатты басқару үшін Әли бин Мұса ар-Реза (ғ.с)-дан асқан білімпаз, өнегелі және лайықты ешкімді көрмедім",- деді",- деп жазған.

Имам Реза (ғ.с)-ның білімі мөлдір бұлақ секілді қайнап, ақиқатты аңсаған ғалымдар мен даналарды өз білімімен сусындатқан. Имам Реза (ғ.с) терең біліміне қарамастан, ойшылдар тобымен және әртүрлі мектептердің өкілдерімен ғылыми тақырыпта пікірталас жүргізгенде оларға құрмет танытып, олардың әрбір сұрағына жауап беріп, ешқашан ғылыми мәселе тұрғысынан қарсы тұрмаған. Имам қисынды әрі мықты дәлелдерімен басқаларға ақиқаттың дәмін татырып, таухидтік ойлар мен көзқарастарының басымдығын көрсеткен болатын. Пікірталастар кезінде қара бұлттардың соңынан жарқырап шыққан ақиқаттар данышпандарды имамның қисынының алдында бас идірген.

Ғылыми тұрғыдан имам Резаның (ғ.с) білімі мен мағлұматы аса зор болған. Ол кісінің есімі халықтың аузынан түспейтін. Тіпті имамдардың арасында "Мұхаммад әулетінің ғұламасы" деген атпен танымал болды. Тарихшылар бұл хазіреттің көптеген еңбек жазып кеткенін айтады. Солардың қатарына келесі еңбектерді жатқызуға болады.

Хазірет имам Реза (ғ.с)-ның ең көрнекті еңбектерінің бірі "Забиһе" трактаты. Бұл еңбек тағамдар мен сусындар туралы түсініктеме, өмірді жақсарту және психика мен рухтың саулығына жету жолдарын үйрететін имамның бағалы ғылыми және медициналық саладағы нұсқаулары мен ескертулерінің жинағы саналады. Имам Реза (ғ.с) бұл еңбегін х.қ.ж.с.б 201 жылы Аббаси халифі Мамунға жіберіп, барлық мұсылмандардың осы кеңестерге құлақ асып, оларды орындау қажеттігін қуаттаған.

Екінші кітап "Фиқһ ар-Реза" деп аталады. Бұл еңбек фикхке байланысты бөлімдер мен пәтуалар және фикхтік үкімдер туралы кейбір хадистерден тұрады. Үшінші кітап "Саһифейе ар-Реза" деп аталады. Бұл – шамамен 216 хадистен тұратын Реза (ғ.с)-ның өзінің құрметті ата-бабалары туралы кітап. Бұл еңбек таухид, ғылым, ғибадат, аһкамдар, тәпсір және Пайғамбардың (с.ғ.с) артықшылықтары, ахлақ пен т.б. тақырыптарды қамтиды.

Төртінші кітап "Джаваме аш-Шарият" деп аталады. Бұл кітап белгілі діни парыздар мен фикх ілімінің негізгі мәселелеріне арналған.

Тегтер