Ұлы тұлғаның алдында 67
Алла жолындағы жиһадтың бір түрі - экономикалы жиһад. Экономикалық жиһад – көптеген талпыныс, қаржылай қолдау және орынды тәсілдер мен құралдарды пайдаланып, сонымен бірге қаржыны үнемді қолдану арқылы экономиканы алға ілгерілету.
Жиһад – Ислам дінінде көп қуатталған қасиетті істердің бірі. Ұлы Алла әртүрлі аяттарда жиһадтың мақсаты мен ол туралы исламның бағдарламасын және Алла жолындағы істері туралы нақты баяндайды. «Бақаре» сүресінің 90-шы аятында: «Өздеріңмен соғысқандармен Алла жолында соғысыңдар да шектен шықпаңдар. Негізінен, Алла Тағала шектен шығушыларды жақсы көрмейді»,- деп айтылған. Бұл қасиетті аят исламдық жиһадтың әрқашан Алланың жолында жасалып, еш уақытта жеке адамның мәселесі мен мүддесіне қатысты емес екендігін түсіндіреді. Аяттың жалғасында жиһадтың маңызды шарты, яғни басқаларға шабуыл жасамау туралы айтылған. Өйткені, Алла Тағала шапқыншыларды жақсы көрмейді. Сондықтан әлемнің жер-жеріндегі мұсылмандардың жаны, діні, мәдениеті, экономикасы, құндылықтары мен наным-сенімдері қатерге тірелген немесе адамдар зорлық-зомбылық жасайтын топтармен бетпе-бет келген кезде қатерден құтылып, зорлық-зомбылықты жою үшін мұсылмандарға күрес пен жиһадқа шығу уәжіп болады. Күрес пен жиһадтың мақсаты – ислам қоғамында әділет орнатып, бейбітшілік пен тыныштықты қорғау. Жиһад пен күрес кезінде кек алу мәселесі баяндалмайды.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жиһад туралы: «Жиһадтың критерийі семсер және соғыс майданы емес. Жиһадтың критерийі – күрес. Біреуді күрескер, басқаны күрескер емес деп айтамыз. Күрескер жазушы, күрескер емес жазушы; күрескер ғалым, күрескер емес ғалым; күрескер студент, күрескер емес студент; күрескер қоғам, күрескер емес қоғам. Жиһад, яғни күрес. Күресте екі нәрсе қажет: біріншісі әрекет пен серпін; Екіншісі – қарсыда дұшпанның орналасуы. Дұшпан жоқ жердегі күрестің мағынасы болмайды. Жиһад екі негізді, яғни әрекет пен қарсы тұрған дұшпанды қажет етеді. Егер біреу досына қарсы әрекет етсе, ол жиһад емес. Бұл әрекет бүлік пен қайшылық»,- деді. Сондықтан соғыс пен жиһад Ислам дінінде соғыс майданымен шектелмейді. Жиһад өмірдің барлық тұрғыларына қатысты. Яғни, Алла үшін амал еткен әрбір сәт Алла жолындағы жиһад деп аталады. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Аллаға деген ниетпен жасалған әрбір іс Алла жолындағы жиһад саналады»,- деді. Ол Хақтың сөздерін жеткізіп, исламдық үмбетке ғиззат сыйлайды. Бұл – Алла жолындағы жиһад»,- деді. Ол жұмысшыларға: «Бұл жұмыс болуымен қатар ғибадат міндеті саналып, сауапқа ие. Аллаға жақындаудың келесі екі тұрғысы бар: пайдасы мен мүддесі үшін бөгделерден алыстауы. Яғни, Алланың ризалығына ие болу мақсаты мен өздеріңнің істерің. Бұл мақсат және ниетпен жасалған әрбіп іс-әрекет Аллаға жақындатады»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге кейбір экономикалық талпыныстарды маңызсыз санамау үшін үшін: «Келесі бұрмалану адамның өзінің жеке өмірінде материалдық қажеттіліктеріне немқұрайдылық танытуы болып табылады. Исламда ондай айтылмаған және талап етілмеген. Керісінше, имам Әли (ғ.с.): «Дүние үшін ақыреттен безсеңдер, бұл сынақтан өтпегендерің. Егер дүние үшін ақыреттен безсеңдер де сынақтан өтпейсіндер»,- деп айтқан. Бұл өте маңызды. Хазірет Әли (ғ.с.) әйелі, күнделікті тұрмысы мен үйін, барлық нәрсесін тастап, ғибадат жасаған адамды көріп: «Уа, өзі үшін кішкентай дұшпан! Өзіңе дұшпандық жасап жүрсің. Жаратушы сенен мұны талап етпеді»,- деген болатын. «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті – де»,- деп айтылған.(«Ағраф» сүресі, 32-ші аят). Бұл аят айтылғанды растайды. Сондықтан, жеке адам амалдары мен ел басқаруында дүние мен ақыретке тең көңіл аударуы қажет. Бұл алға ілгерілеудің маңызды факторларының бірі»,- деді.
Алла жолындағы келесі тұрғылардың бірі – экономика. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, экономикалық жиһад – қасиетті қорғаныс кезіндегі Саддам армиясына қарсы әскери жиһад сынды. Ол: «Бүгінде біздің экономикалық саламыз әскери сала, соғыстың бір түрі. Бұл салада елдің мүддесіне жұмыс жасай алған әр адам жиһад жасағанмен тең. Бүгін әр адам елдің экономикасына көмектесіп, жиһадтық әрекет жасай алады. Бұл – өз құралы мен арнайы тәсілі бар жиһад. Бұл жиһадты барша ойланып, арнайы құралды пайдаланып, іске асыра алады»,- деді. Аятолла Хаменеидің пікірінше, қазіргі жағдайда елдің ең маңызды мәселесі экономикалық мәселе. Сондықтан, дұшпандар Иран халқына қарсы күресте экономикалық салаға баса назар аударып отыр. Сондықтан, Ислам революциясының жетекшісі халық пен жүйе басшыларын экономикалық жиһадқа шақырып: «Егер күндердің бірінде бұл аймақ пен елдің әртүрлі бөлімдерінің халқы талан-тараж жасаушы және шапқыншы үкіметтердің зорлық-зомбылығы мен артық талап етушілігіне қарсы шығатын болса, жиһадты қажет етеді»,- деді. Негізінде жиһад әртүрлі қиындықтармен кезігеді. Сондықтан, оның нәтижесі қиындықтарға төзіп, сабыр сақтауды қажет етеді. Яғни, жиһадтың жеңісі оның жолында кездескен қиындықтардан өтуге байланысты. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Алла Тағала материалдық нығметтер сынды рухани нығметтерді де оңай сыйламайды. Егер сыйласа, біз үшін оңай сақтап қалмайды. Адамзаттың барлық жетістіктері талпыныс пен еңбекке байланысты болғандай, рухани нығметтерді сақтап қалу да талпыныс пен жанкештілікті қажет етеді. Егер, байқасаңыздар, ғылыми және технология немесе саяси салаларда алға ілгерілеген немесе саяси және экономикалық үстемшілікке ие болған, сондай-ақ байып, ғиззатқа қол жеткізген халықтар талпынысқа борыштар. Бұл исламдық негіздердің бірі: «Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз». («Исра» сүресі, 18-ші аят). Бұл дүниені қалайтын адамдарға қатысты. Құндылықтарды іздеп, ақырет туралы ойланып, илаһи ақырет, яғни илаһи сауапқа ие болғысы келетіндерге «...дүние тілеген бұларға да, ақырет тілеген оларға да Раббыңның мәрхаметінен береміз». («Исра» сүресі, 20-шы аят). Содан соң баршаға көмектесетіндіктері туралы айтады. Талпыныс жасаған әр адамға Алла сол талпыныс жасаған жолы арқылы көмектеседі»,- деді. Экономикалық жиһад – көптеген талпыныс, қаржылай қолдау және орынды тәсілдер мен құралдарды пайдаланып, сонымен бірге қаржыны үнемді қолдану арқылы экономиканы алға ілгерілету. Аятолла Хаменеи экономикалық жиһадты халықтың дұшпанға шынайы қарсыласуы, қажымас еңбектенуі және экономикалық мәселелер саласындағы халықтың жанкештілігі деп атап: «Экономикалық жиһад, яғни Иран халқының дұшпанның қастықтарын залалсыздандыру саласындағы жан-жақты алға дамуы»,- деді. ИИР саяси, мәдени тәуелсіздігі және таңғалдырарлық жетістіктерімен әрқашан үстемшіл үкіметтерді қызықтырды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Үстемшіл саясат Иран халқы мен ислам республика жүйесіне экономикалық тұрғыдан қысым көрсетуді көздейді. Санкцияларды ядролық мәселені сылтауратып санғанымен, олар өтірік айтады. Санкциялардың мақсаты – экономиканы тоқырауға тіреу. Дұшпанның мақсаты – Ислам республикасын, яғни исламдық Иранды, осы кезге дейін қолдауы және саяси сахнаға жаппай қатысуымен бұл жүйені дамытқан халықты тізе бүктіру. Сондықтан, оларға қарсы тұру қажет. Қарсы майданды, оның қаруы мен құралын танып, оған қарсы қару дайындаған жөн. Бұл экономикалық жиһад. Жиһад деген не? Әрбір әрекет жиһад емес. Жиһад деп аталатын әрекеттің ерекшеліктерінің бірі – адамның алдында дұшпанның тұрғанын білуі, яғни өзіне дұшпандық әрекетке қарсы қадам басуын түсінуі. Қастық пен дұшпандыққа қарсы алға ілгерілеу жиһадтың негізгі шарттарының бірі саналады»,- деп мәлімдеді.
،