Жетекшілік хадисі 120
Алла Тағаланың адамға сыйлаған нығметтерінің бірі - тіл. Кез-келген нығмет сынды тілді дұрыс немесе бұрыс жолда пайдалануға болады. Яғни, тілмен Алланың атттарын, жағымды әңгімелер айтуға, басқа жақтан тілді өтірік, ғайбат, өсек және қарғыс айтуға пайдалануға болады.
Әзіл-қалжың егер орынды әрі шектен шықпаса, Аллаға жақындататын құрал болады. Имам Садық (ғ.с.): «Әзіл-қалжыңсыз мүмін жоқ»,- деген болатын. («Усул Кафи», 2-ші том). Мүміннің ең жақсы сипаттары мінез-құлқы мен ниеті саналады. Ол қасиеттер әсіресе достармен әзілдескен кезде жақсы байқалады. Юнус Шибани хазірет Садық (ғ.с.)-ның одан: «Басқалармен қанша әзілдесесің?» деп сұраған кезде: «Шамалы»,- деп жауап қайтарғанын, сонда хазіреттің: «Неге басқалармен әзілдеспейсің? Әзіл – жақсы мінез-құлық мен жақсы ниеттің бір бөлігі»,- деген болатын.
Діни тағылымдар бойынша мүміндер бір-бірінің діни бауырлары. Сондықтан қиындықтармен бетпе-бет келген кезде бір-біріне көмектесіп, бір-бірінің қасынан табылғаны жөн. Кейбір уақытта ауыр жағдайға түскен мүмінді жұбатып, қуанту кез келген басқа амалдан жағымды саналады. Имам Әли (ғ.с.) әзілдесуді діни бауырдың жүрегін қуанышқа бөлеу деп санап, бұл туралы Алла елшісінің амалдарына тоқталып: «Алла елшісі сахабаларының бірінің уайымға салынғанын көрген кезде оған әзіл айтып, көңілін көтеріп: «Діни бауырына қабағын ашпай, жақтырмай қарайтын адам дұшпан саналады»,- деген. Имам Бақер (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Алланың алдындағы ең сүйікті іс – мүміннің жүрегін қуанышқа бөлеу»,- деп айтқан болатын. Алла елшісі бұл істің құнын Алла мен Оның елшісін риза етумен бірдей деп бағалап: «Мүмінді қуантқан адам мені қуантқаны. Мені қуантқан адам Алланы қуантқаны»,- деген. («Усул Кафи», 2-ші том). Имам Казем (ғ.с.) да исламның ұлық пайғамбарының әзілдесуі туралы: «Көшпенді араб Алла елшісінің қасына келіп, хазіретке сый әкелетін, бірақ сыйын бере салысымен: «Сыйымның ақшасын бер»,- дейтін. Алла елшісі күлетін. Сол себепті Алла елшісі уайымға батқан кезде сахабалары: «Көшпенді адам қайда? Қасымызға келгені жақсы болар еді»,- дейтін. («Кафи», 2-ші том). Келесі бір рауаятта былай деп баяндалған: «Умма Айман деген әйел пайғамбардың қасына келіп: «Жұбайымның сізде ісі бар»,- дейді. Пайғамбар оған: «Жұбайың бір көзінде ақ дағы бар адам ба?»- дейді. Әйел: «Жоқ, Алланың елшісі. Жұбайымның көзіңде ақ жоқ»,- деп жауап береді. Пайғамбар: «Екі көзіңде де ағы бар ма?»- деп сұрайды. Әйел қайтадан: «Алла елшісі, менің жұбайымның екі көзінде де ақ жоқ»,- дейді. Хазірет күліп: «Көзінің айналасы ақ түсті емес адам болады ма?»- дейді». Келесі бір рауаятта та қарт әйелдің пайғамбардың (с.ғ.с.) қасына келгені айтылған. Хазірет оған: «Қарт адам жаннатқа бармайды»,- деді. Қарт әйел жылайды. Хазірет: «Ол күні сен кәрі болмайсың»,- дейді. Алла Тағала «Уақия» сүресінің 35-36-шы аяттарында: «Расында хор қыздарын жаңадан жаратамыз. Оларды ер адамдарды көрмеген қыз етіп жаратамыз»,- деп айтылған. Әзіл-қалжың – адамның кемелдікке жетуі үшін пайдалануға болатын, керісінше жағымсыз ахлаққа себеп бола алатын ерекшеліктердің бірі. Ислам теңдік діні. Бұл дін әсірешілдіктен алыстатады. Яғни, басқа діндер сынды дүниені ақырет үшін, ақыретті дүние үшін ұмытуға рұқсат бермейді. Әзіл-қалжыңда да дәл осы тәртіп сақталады. Әзіл шектен аспауы керек. Оны тіл тигізумен шатастыруға болмайды. Алла елшісі: «Мен әзілдесемін, бірақ әзілдескен кезде де шындықтан басқаны айтпаймын»,- деген болатын. («Бихал әл-Анвар», 16-шы том). Әзіл шектен шықса адамды шаршатады. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Алла Тағала, егер күнәға итермесе әзіл-қалжыңды жақсы көреді»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том). Егер әзіл-қалжың шектен шықса кемсіту мен масқаралауға әкелуі мүмкін. Олай болса әзілдесу кек пен дұшпандыққа айналады. Имам Садық (ғ.с.)-серіктерінің біріне: «Егер діни бауырыңның достығы адал әрі таза болсын десең, онымен әзілдеспе, дауласпа, оның алдында мақтанба, қайшылыққа барма»,- деген ақыл-кеңес берген. («Бихар әл-Анвар», 75-ші том). Бұл төрт амал кейде адамның жеке кеңістігіне жасалатын шабуыл саналып, достық пен бауырластықты төмендетеді.