Шіл 02, 2017 17:23 Asia/Almaty
  • Такфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 3

Ирактағы ДАИШ такфиршіл лаңкестік тобының құрылуы Абумусааб Зарқавиге оралады. Зарқави өзінің рақымсыздығы және қатыгездігімен танымал еді. Оның қылмыстарының құрбандырының саны сондай көп болып, сол кездегі әл-Қаиданың екінші адамы Иман әл-Завахери оны айыптады. 2006-шы жылы Заркавидің өлімге ұшырауымен маджохедин кеңесі мәлімдеме шығарып, Абуомар әл-Бағдадидің басшылығымен «Ирактағы исламдық үкімет» тобының құрылуы туралы жариялады.

Құжаттар мен деректер бойынша Саддам режимінің БААС күштерінің кейбіреулерінің өздерін «Ирактағы исламдық үкімет» деп атаған лаңкестермен жақын қарым-қатынас орнатқан. Бұл топ Иракта көптеген лаңкестік әрекеттерді іске асырған. 2010-шы жылдың сәуірінде Абуомар әл-Бағдади өліп, оның орнына Абубакр әл-Бағдади «Ирактағы исламдық үкімет» тобының басшысы болып жарияланды. 2011-ші жылы Сириядағы қақтығыстардың басталуымен такфиршіл және уаһабшы топ өзін күшейтіп, лаңкестерді жалдап, Сирия үкіметіне қарсы соғысқа кірді. Әл-Қаиданың қарамағындағы топтар Джебхат ан-Носрат атымен сахнаға шықты. Абубакр әл-Бағдади басында Джебхат ан-Носратты өзімен біріктіріп, Сирия үкіметіне қарсы біртұтас майдан құрмақ болды.  Бірақ әл-Қаида мен Джебхат ан-Носрат  басқа топтармен бірігуді қабылдамады және Джебхат ан-Носрат әл-Қаидағы берік болып қалды. 2013-ші жылдың сәуір айында «Ирак пен Шамдағы исламдық  үкімет» қысқартап айтқанда ДАИШ тобы құрылды. ДАИШ әл-Қаида тобынан шыққанымен кейбір әдістері мен тактикалары әл-Қаидадан өзгеше.

Абубакр Бағдади

 ДАИШ жаңа аймақтарды пайдаланып, өз бақылауындағы жерлерді кеңейткілері келеді. Бұл топ өз жерлерін кеңейту үшін Сирияның әсіресе бұл елдің солтүстік-шығыс аймақтарын абсып алды. Сонымен бірге ДАИШ Иракқа шабуыл жасап,  бұл елдің кейбір аймақтарын өз бақылауына алды. 2014-ші жылдың маусымында Ирактың екінші үлкен қаласы Мосул лаңкестердің қолына түсті. Содан соң ДАИШ 2014-ші жылдың маусымының 29-ында исламдық халифаттың құрылуын және Абубакр әл-Бағдадиді мұсылмандардың халифасы ретінде жариялады. Осы кезде  Ирактың солтүстіігі мен батысы және Сирияның шығысы мен солтүстік-шығысы ДАИШ лаңкестерінің бақылауында. ДАИШ Иракта орналасып, басқа елдерден,  әсіресе Солтүстік Африка және тіпті Еуропа, Орталық Азия мен Шығы Азия мемлекеттерінің азаматтарын өз қтарына қызықтырып, мүшесі қылып жинады. Негізінде Сирия бірнеше елдің лаңкестерінің жиналған мекеніне айналды. Әрине аймақтың кейбір үкіметтерінің қолдаулары және Батыс үкіметтерінің ынтымақтастығы болмағанда Сирияда лаңкестердің мұндай жиыны болмас еді. Такфиршіл лаңкестік ағымдардың пайда болуларының әртүрлі себептері бар және оларды құруға әртүрлі сценарийлер  іске асырылды. Бірақ әр сценарий вахабизмнің, экстремистік салафизмнен негіздерінен шығып, ешбір діни негіздерге сай келмейді. Сондықтан Ирак пен Сирияда жан түршігер қылмыстар іске асырылып, балалар, әйелдер мен ерлер ең үрейлі түрде өлтірілуде. Адамдарды тірідей өртеп, қамауға түскендерге ең жаман азап-қорлық жасалуда, әйелдер құлдыққа алынып, қалалар  қиратылып, халық мүлкі талан-таражға салынуда. Бұл қатыгез лаңкестер осы кезде  бүкіл әлемнің қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнідіріп, отыр. Таяу Шығыс елдерінің халықтары  басқа елдермен салыстырғанда лаңкестік әрекеттермен көбірек кездесуде.

Принстон университетінің Таяу Шығысты зерттеумен айналысатын ұстазы профессор Бернард Хейкел  ДАИШ пен вахабизмнің  қатысы туралы: «ДАИШ бақылауға алынбаған вахабизмнің бір түрі. Вахабизм мен ДАИШ-тың тамыры өте жақын. Қатыгездік олардың идеологиясының бір бөлімі»,- деді.

Вахабизмнің такфиршіл топтарды құру  рөліне тоқталардан бұрын вахабизм үшін кейде салафизм деген сөздін қолданылатынын еске салайық. Алайда салафи деген сөз вахабизм деген сөзден кеңірек. Барлық уаһабшылар салафиттер, бірақ барлық салафиттер уаһабшылар емес. Салафиттердің арасынша әртүрлі ағымдар бар. Уаһабшылар әлемнің сүннит мұсылмандарының бүкіл жамағатының өте кішкентай аз санды тобын құрайды. Сауд Арабиясының билігінің басындағы вахабизм такфиршіл ой-пікірлердің  ең маңызды көзі деп айтуға болады. Такиршіл лаңкестер көбінде  Сауд Арабиясынан қоректенетін вахабизм ой-пікірінің әсеріне түскендер.

ДАИШ лаңкестері

Вахабизм мен ДАИШ лаңкестігінің оқулықтарының арасында жақын қарым-қатынасты байқауға болады. Әртүрлі қылыстарды іске асыратын лаңкестер өз әрекеттері туралы саудиялық мүфтилердің пәтуаларына сілтеме жасайды. Сөйтіп, уаһабшы мүфтилер такфиршіл пәтуаларын шығарып, аймақтағы мазхабаралық бүліктердің негізгі себепшісі болуда. Дұрыс жолдан бұрмаланып, адасқандарын көрсететін уаһабшы мүфтилердің бірнеше назарларына тоқталамыз. Саудиялық Бас мүфтий Абдолазиз әл-Шейх шиіттерге шабуыл жасауды рұқсат деп біледі. Ол АҚШ-қа қарсы ұран айтуды харам деп санайды және Газа мен Палестина халқын қолдайтын шерулерге тыйым салды. Оның пікірінше Ливанның Хизболласына көмектесіп, олар үшін дұға жасау – харам. Ол имам Хусейн (ғ.с.)-ның Язидке қарсы көтерілісін жалған деп біліп: «Язидке қарсы көтеріліп, халифатқа шабуыл жасауға оған рұқсат етілмеген. Сондықтан Хусейннің көтерілісі харам болды»,- деген болатын. Негізінде Язид үкіметі бұзақы әрі жалған  болып, имам Хусейн (ғ.с.) хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның дінің омеялтардан құтқару үшін көтеріліп, өзі, перзенттерні мен серіктерінің өмірін Ислам жолында құрбан етті.

Саудиялық Бас мүфтий Абдолазиз әл-Шейх

Айта кететін жәйт Сауд әулетіне тәуелді мүфтилер осы кезге дейін адамдардың өлімінің алдын алып, қатыгездік  пен шабуыл жасауда тоқтататын пәтуалар шығармады. Керісінше олардың пәтуалары мұсылмандарды қырып-жойып, оларға қарсы зорлық-зомбылықты арттыруға себеп болуда. Олардың медреселері мен мектептерінен исламдық достық, бірлік пен бауырластыққа шақыратын дауыс естілмейді. Олар исламдық үмбеттің бір бөлімі саналатын шиіттерге қарсы такфиршіл және оларды өлтірі пәтуалар бекітуде. Мәселен 2008-ші жылдың маусымының 11-інде 22 уаһабшы шейх әшкере түрде шиіттерді кәпір деп атап, шиіттерді қырып-жоятын қаруды тасымалдау рұқсат деп тапты. Бұл мәлімдемені шығарғандардың тізімінің басында шейх Абдолла бен Джаберин мен Абдоррахман бен Насир әл-Барак орналасты. Мұсылмандар, әсіресе шиіттерге қарсы мұндай пәтуалар шығаратын уаһашылар орталықтары шын мәнінде лаңкестікті таратып, лаңкестерді тәрбиелейді. Мысырдың «Әл-Мақал» газетінің директоры Ибрахим Исаның айтуынша, «вахабизм ислам әлемнің ауруы».

 

Тегтер