Шіл 07, 2017 16:37 Asia/Almaty
  • Илаһи басшылар 3

Хазірет Хадиджаның көзқарасы бойынша хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-мен өмір сүру қызық әрі рухани тағдыр жолына түсу болды. Хазірет Хадиджа пайғамбардың илаһи рухымен таныс болған сайын оның пәктігін, айбыны мен адалдығын көбірек түсіне бастады. Хазірет Хадиджаның күннен күнге хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға деген сенімі арта түсті.

Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) жастық шағын араб аралының надандық қоғамында өткізгенімен, адамгершілік және қоғамдық ерекшеліктерге ие болды. Ол адамзат қоғамының үлгісі болып, Құран Кәрім бұл шындыққа куәлік етіп: «Шын мәнінде, сен әлбетте, ұлы мінезге иесің»,- деген. ("Қалам" сүресі, 4-ші аят).

 Ховайледтің қызы Хадиджа құрайыш тайпасының саудагерлерінің бірі болған. Ол біраздан бері оның сауда істерін өз міндетіне алып, оның атынан құрайыштың сауда керуеніне қатысып, тауарын сатуға Шамға жеткізетін адал адамды іздеп жүрген еді. Мұнымен қатар Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның адалдығы мен әділдігі туралы сөздер Мекке халқының аузынан түспейтін. Құрайыштардың арасында ол сынды пәк әрі батыл жігіт болмаған. Оның рухани ерекшеліктері баршаны қызықтыратын. Оның әділ әрі адал болғаны сондай, халық оны «Амин» («Сенімді») деген лақап атпен атайтын болды.

Мұхаммад Амин

 Күндердің бірінде құрайыштардың үлкендерінің бірі Абуталиб бауырының баласына: «Құрайыштың саудагерлерінің бірі  Ховайледтің қызы Хадиджа біраздан бері сауда істерін өз міндетіне алып, оның атынан құрайш сауда керуеніне қатысып, тауарын сатуға Шамға жеткізетін адал адам іздеп жүр. Мұхаммад! Өзіңді оған таныстырсаң жақсы болар еді»,- деп ұсыныс жасайды. («Бихар әл-Анвар», 16-шы том). Мұхаммадтың биік рухы тікелей, ешбір дайындықсыз Хадиджаның қасына барып, өзін сол міндетке ұсынуға рұқсат етпейді. Сондықтан ол көкесіне: «Мүмкін, Хадиджаның өзі менің артымнан адам жіберер»,- дейді. Оқиға Мұхаммадтың айтқанындай  болды. Хадиджа Абуталибпен сөйлесіп, Мұхаммад туралы білген соң оған өзінің адамын жібереді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) келген кезде оған: «Сенің адалдығың, әділдігің мен жағымды мінезің мені қызықтырды. Мен басқалардан екі есе артық төлеп, жолда саған бағынатын екі құлымды көмекке жіберемін»,- дейді. («Ибн Хишам тарихы», 1-ші том; «Әл-Камел фи тарих», 2-ші том). Мұхаммад бұл кездесу туралы көкесіне айтып бергенде ол: «Бұл Алланың саған берген өмірі үшін қажет құрал болар». Сөйтіп, Мұхаммад (с.ғ.с.) бірінші іс сапарға шығуға шешім қабылдайды.

Құрайыш керуені жолға аттануға дайындалады. Олардың арасында хазірет Хадиджаның тауары да болды. Сол кезде Хадиджа түйесін дайындап, өзінің сенген адамы Мұхаммадқа біраз құнды тауарын тапысырып, екі құлына жолда Мұхаммадтың барлық айтқанын орындап, оған наразылық білдірмей, бағынуды бұйырды. Біраз уақыттан кейін керуен баратын жеріне жетті. Керуеншілердің барлығы пайда көрді. Бірақ Мұхаммад (с.ғ.с.) басқалардан көбірек пайда көріп, «Таһаме» базарынан сататын  тауарын сатып алды. Құрайыштар саудаларын аяқтап, Меккеге қарай бет алды. Бұл сапар жас құрайыш үшін туған жерінен сыртқа екінші рет шығуы болды. Ол бұдан бұрын көкесімен бірге дәл осы даладан өткен болатын. Керуеннің жолы жым-жырт. Мұхаммад (с.ғ.с.) басқа әлемдер туралы ойланды. Хазірет Хадиджаның Мейсаре деген құлы сапарда көргенінің барлығын жіпке тізгендей, қаз-қалпында иесіне айтып береді. Оның сөзі Мұхаммад-«Аминнің» айбынына куәлік етті. Мәселен, «Мұхаммад пен саудагерлердің бірінің арасында қайшылық туған кезде саудагер: «Лот және Уззамен ант ет! Сонда мен сөзіңді қабылдаймын»,- деген кезде Мұхаммад-Амин: «Мен үшін ең пасық әрі ең жиіркенішті нәрселер – сен табынатын Лот пен Узза»,- деп жауап берді», - деді. Содан соң: «Мұхаммад-Амин демалайын деп талдың көлеңкесіне отырды. Сол кезде өзінің құжырасында отырған монахтың көзі Аминге түсіп, менен оның есімін сұрады. Сонда ол: «Талдың көлеңкесінде отырған адам Таурат пен Інжілде оның келетінін туралы көптеген хабар берілген пайғамбардың өзі»,- деді»,- деп баяндап берді. («Бихар әл-Анвар», 16-шы том).

 Сапардан кейін хазірет Хадиджа Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның аманатқа беріктігі мен адалдығына ғашық болды. Біраздан кейін ол хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға тұрмысқа шығуды қалайтынын айтты. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) бұл ұсынысты қабылдады.  Хазірет Хадиджа өзінің бар байлығын хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның ықтиярына тапсырып, құлдарын да берді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) ойланбастан құлдарды  азат етті. Бұл хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның құлдықпен күресуде жасаған алғашқы қадамы болды.

 Хазірет Хадиджаның көзқарасы бойынша хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-мен өмір сүру   қызық әрі рухани тағдыр жолына түсу болды. Хазірет Хадиджа пайғамбардың илаһи рухымен таныс болған сайын оның пәктігін, айбыны мен адалдығын көбірек түсіне бастады. Хазірет Хадиджаның күннен күнге хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға деген сенімі арта түсті. Оның амалы мен сөзі хазірет Хадиджа үшін кемел адамның сұлулығының белгілері болды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның ұзақ уақыт бойы ақ ниетпен Алламен сырласуы хазірет Хадиджаны шүкіршілік білдіруге жігерлендірді.

 Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) бұрынғыдан көбірек Хира үңгіріне барып, кейде бұл жерде бірнеше күн қалатын. Хазірет Хадиджа хазірет Мұхаммадтың көкесінің баласы Әлимен бірге оған ас-су апаратын. Хазірет Хадиджа жұбайын бірнеше күн көрмегеннен кейін өзі мен перзенттерінің сағынғаны туралы айтатын. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның үйінде өмір сүрген Абуталибтың перзенті Әли де Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға хазіретті жақсы көретіні туралы айтты. Алайда хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.): «Мен мұның барлығын білемін. Сендер де менің сендерді жақсы көретінімді білесіңдер. Бірақ, бұл күндері тек әлемнің мейірімді Жаратушысы туралы ойлағым келеді»,- жауап беретін.

Хира үңгірі

Құпияға толы түн келді. Нұр тауы мен оның оңтүстігіндегі далаға айдың жарығының солғын нұры түсті. Мекке мен оның айналасындағы табиғат терең ұйқыға батты. Бүкіл жерде бұрын-соңды болмаған үнсіздік орнады. Бұл түні жер мен заман үлкен оқиғаны күтті. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) түндердің көбін ояу өткізді. Қараңғы түндерде таулардан ешбір дыбыс естілмеді. Бірақ, бұл түннің тыныштығы өзгеше болды. Бұл құпия сәтте аспанда белгісіз нұр жарқырап, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның көзқарасын кеңейтті. Ол ерекше күйге бөленді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның рухы ерекше өзгеріп, ол көз алдынан ерекше жаратылған болмысты көрді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) оны түсінде көргенін есіне алды. Бірақ бұл жолы оны анығырақ көрді. Оның жүзі жүрекке жағымды болды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) аспанға қараған сайын оны көрді. Ол уаһи періштесі Жебірейіл еді. Жебірейіл хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға жақындап, оны құшақтады. Содан соң: «Уа, Мұхаммад, оқы»,- деді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дұрыстап қарап, алдындағы жазбаларды көрді. Қайтадан: «Алланың атымен оқы»,- деген дауыс естілді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дірілдеген даусымен: «Не оқимын? Менің оқитын сауатым жоқ»,- деді. Сол кезде періште: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен»,- деді. Бүкіл болмысы илаһи махаббатқа толған Мұхаммад (с.ғ.с.) оқи бастады.

 Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) таңырқап, әрі алаңдап, үйіне барып, оқиғаны хазірет Хадиджаға айтып берді. Хазірет Хадиджа дана адам болған көкесінің ұлы Варақе бен Нуфелге барып, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның оқиғасы мен хазіреттің Жебірейілді көргені туралы айтып берді. Варақе «Егер мұндай оқиға орын алған болса, Мұхаммад – соңғы пайғамбар» деп сендірді. Хазірет Хаджиджа  өзін өмірінде ең үлкен таңдау жасағаны үшін  құттықтап, хазірет Мұххамад (с.ғ.с.)-ның серігі болудың маңызды міндетін сезді. Үйіне оралып, жұбайы Мұхамад (с.ғ.с.)-ға: «Сәлем, саған Алла елшісі!»,- деді. Сөйтіп, исламның ұлық пайғамбарының беғсаты хиджраттан 13 жыл бұрын ережеп айының 27 жұлдызында  орын алып, адамдардың күпірлік, зұлымдық пен надандықтан құтылу жолындағы үлкен қозғалысы басталды. Алла елшісінің Меккедегі беғсаты – илаһи пайғамбарлардың ресалаттарының жалғасы. Олардың мақсаты адамдарды дұрыс жолға нұсқап, тауһид, әділет және білімге қарай жол нұсқау болды. Бұл жолда хазірет Хадиджа хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ға иман келтірген бірінші адам болды.