Аптаның экономикалық журналы (106)
АҚШ-тың ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттері ойдан шығарылған сылтауларға негізделген жаңа санкциялар қалыбында жалғасып жатыр. Осы аядағы соңғы әрекет «Иранның тұрақсыздық тудыратын әрекеттерімен күресу туралы заң» деген жоба болды. Жоба зымырандық саладағы, лаңкестік пен қаржы салаларындағы санкцияларды жүзеге асыруды қамтиды.
Санкциялар Иранның ядролық келісімі бойынша АҚШ-қа «Ортақ қадам» бағдарламасында көрсетілген тоқтатылуы тиіс санкцияларды қайтару немесе жаңа санкциялар салуға тыйым салынған жағдайда бекітіліп отыр.
«Ортақ қадам» келісімінің арқасында көптеген елдер, соның ішінде еуропалық тараптар Иранмен экономикалық ынтымақтастық келісімдеріне қол жеткізіп, қазір банктік жүйенің қолжетімділігі сияқты кедергілерді бейтараптандыруды қолға алған.
Италияда шығатынLa Repubblica газеті жуырда «Құны 30 миллиард еуролық келісімге Трамптың кесірінен қауіп төнуде» деп аталған мақаласында: «Иран мен Батыс арасында ядролық келісімге қол қойылғанымен, еуропалық банктер АҚШ-тан қорыққандарынан Иранмен әріптестік жасамауда. Сол себепті Иранға қарсы санкциялар өз күшінде қалып отыр» деп жазды.
Ал Еуропа одағы біраз бұрын АҚШ-тың «Ортақ қадам» бағдарламасын тоқтату туралы қоқан-лоққыларына реакция ретінде бір мәлімдеме жариялап, «Ортақ қадам» келісіміне толығымен берік екенін қуаттаумен қатар, Еуропаның толығымен тәуелсіз түрде шешімқабылдайтынын және АҚШ-тың Еуропаның мүдделерін өзіне қарай бұра алмайтынын мәлімдеген болатын.
Осы аяда Оңтүстік Парс алаңының 11-ші кезеңіндеTotal компаниясымен ірі келісімге қол қойылғаннан кейін осы аптада Теһранда ұлыбританиялық компаниялардың қатысуымен Иранның мұнай,газ және мұнай-химия салаларына шетелдік инвестицияларды тарту туралы бастапқы отырыс өтті.
Дүйсенбі күні Теһранның Сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауылшаруашылық палатасында өткен бұл отырысқа Лондонда жыл сайын халықаралық инвестициялық отырыстарды ұйымдастыратын Exchange Frontier компаниясы мен Adam Smith халықаралық сабағаттық команиясы, сондай-ақ, Иранның экономикалық белсенділері қатысты.
Сейсенбі күні Иранның Сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауылшаруашылық палатасының сауда делегациясы жеке сектордың белсенділерімен бірге Бельгияға аттанды. Бұл топ Бельгиядан кейін Люксембургке сапар шекпек.
Иранның Сауда, өнеркәсіп, тау-кен және ауылшаруашылық палатасының төрағасы Ғоламхосейн Шафеи бастаған Иранның 35 адамнан құралған сауда делегациясы Иран мен Бельгияның бизнес-форумына қатысып, сондай-ақ, осы елдің экономикалық белсенділері және кәсіпкерлерімен жүзбе-жүз сұхбаттасатын болады. Ирандық делегация азық-түлік өндірісі, ақпараттық технологиялар, қауіпсіздік жүйелері, ауылшаруашылығы, болат өндірісі, ағаш өнеркәсібі, медициналыққұрал-жабдықтар, фармацевтика, энергетика,мұнай-химия, кілем тоқу, құрылыс материалдары салаларында жұмыс істейтін экономикалық белсенділерден құралды.
Экономикалық даму мен осы саладағы кедергілерді бейтараптандыру мәселесі Иранның күн тәртібінде тұр. Осы саясаттың бір бөлігі экономикалық дипломатия мен Иранның аймақтық елдермен байланыстарын кеңейту мәселесіне шоғырландырылған.
Үдерістің жалғасында сейсенбі күні Пәкістанның астанасы Исламабад қаласында екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту мақсатында Иран мен Пәкістанның сауда комитеті келіссөздерінің екінші кезеңі өз жұмысын бастады.
Иран мен Пәкістан отырыста екі елдің пұрсатты сауда келісімін жүзеге асыру және еркін сауда келісіміне қол жеткізу туралы сұхбаттасады.
Сондай-ақ, Иран мен Армения да өткен аптада ортақ экономикалық жұмыс тобының құрылғанын мәлімдеді.
Бұл келісім Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрінің орынбасары Моджтаба Хосроутадж бен Арменияның Экономикалық даму министрі Гаванес Азизианның келіссөздерінен кейін Ереванда жарияланды. Келіссөздерде екі тарап жасаған келісім бойынша, екі елдің елшіліктері, Иранның Өнеркәсіп,тау-кен және сауда ұйымының өкілдері мен Арменияның Экономика министрлігінің мамандары жұмыс тобының мүшелері ретінде ай сайын көкейкесті мәселелерді талқылау үшін ортақ отырыс өткізіп, нәтижесін тиісті басшыларға ұсынады.
Иран мен Арменияның қарым-қатынастары 2016 жылдың желтоқсан айында Иран президенті Хасан Руханидің Ереванға сапарынан кейін жаңа кезеңге аяқ басты. Қазір екі ел бұрынғы келісімдердің шеңберінде келісімшарттарды жүзеге асыру үшін жағдай жасап жатыр. Иран мен Арменияның экономикалық қарым-қатынастарын кеңейту бірнеше тұрғыдан маңызды болып табылады. Мамандардың пайымдауынша, Иран мен Армения ынтымақтастық жасау үшінжақсы мүмкіндіктерге ие. Сол себепті,ынтымақтастықты кеңейтуге салынған инвестицияның қайтарымы да жақсы болмақ. Сондай-ақ, аймақтық байланыстардың артуына да септігін тигізеді.
Иран мен Армения осы уақытқа дейін мүмкіндіктерді пайдалануға бел буғанын көрсетті. Энергетика, ауылшаруашылығы,туризм,тасымал, технология салаларындағы ынтымақтастық пен Арменияның Иранның Еуразиялық ынтымақтастық ұйымына қосылуына көмектесуі –осы аяда жасалған маңызды қадамдар.
Еуразиялық ынтымақтастық ұйымы – 2015 жылдың қаңтар айында Беларусь, Қазақстан мен Ресей елдері қол қойғаннан кейін жұмысын бастаған экономикалық одақ.
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрінің орынбасары Моджтаба Хосроутадж бен Армения премьер-министрінің орынбасары Ваче Габриелян екі елдің сауда ынтымақтастықтары туралы келіссөздер мен жеңілдікті тарифтеу келісімінің бекітілуіне жағдай тудыру мәселелерін талқылады.
Осы келіссөздердің жалғасында Иран мен Еуразиялық ынтымақтастық ұйымына мүше бес ел Армения астанасы Ереван қаласында жеңілдік тарифтіқамтитын 530 түрлі өндірістік тауар жайында келісім жасады.
Иран мен Еуразия экономикалық одағының өнеркәсіптік тауарлар импорты үшін жеңілдік тариф туралы келісімнің жобасына Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрінің орынбасары Моджтаба Хосроутадж бен Еуразиялық экономикалық одақтың Сауда министрі Вероника Никишина қол қойды.
Моджтаба Хосроутадж бен Армения республикасының Экономикалық даму және инвестиция министрі Сурен Караянның кездесуінде де екі тарап екі елдің экономикалық және ауылшарушылығы салаларындағы ынтымақтастықтарынарттыру жолдарын қарастырды.
Осы келіссөздермен бір мезгілде Иранның Білім, зерттеу және технология министрі Мұхаммад Фархади мен Арменияның Энергетикалық инфрақұрылымдар және табиғи ресурстар министрі Ашот Манукян өткен жұма күні Ереванда кездесіп, энергетика мен жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықтарды арттыру жолдарын талқылады.
Ашот Манукян кездесуде Иран мен Арменияның энергетика саласындағы ынтымақтастықтарының деңгейін жақсы деп сипаттап, ИИР-ның жаңа энергия түрлері саласындағы жетістіктеріне байланысты АрменияныңИранмен осы салада ынтымақтастық жасауға мүдделі екенін қуаттады.
Иран да өз кезегінде Армениямен ғылым, білім беру, зерттеу салаларындатәжірибе алмасу және зерттеу жобалары бойынша әріптестік жасауға әзірлігн мәлімдеді.
Иран мен Армения келіссөздерімен бір мезгілде Теһран мен Анкарада сауда тарифтері жөніндегі келіссөздерін жалғастырды. Осы аяда Түркияның Экономика министрі сауда-кәсіптік делегацияны бастап Теһранға келді.
Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммадреза Нематзаде өткен жексенбі күні Теһранда Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекчимен кездесуінде екі елдің қарым-қатынастар деңгейінің артатынына үміт білдірумен қатар, Иранның пұрсатты сауда келісімі шеңберіндегі тауарларды импорттау тарифтерін 4 пайызға төмендете алатынын мәлімдеді.
Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекчи экспортты 155 миллиард долларлық деңгейге жеткізудіТүркияның 2017 жылғы мақсаты деп атап, Анкараның осы шеңберде сауда саласындағы кедергілерді бейтараптандырып, екі елдің пұрсатты сауда туралы келісімінде көрсетілген тауарларға қатысты мәселелерді шешуге әзір екенін қуаттады.
Иран мен Түркия 2017 жылдың сәуір айында сауда айналымын арттыру мақсатында пұрсатты сауда туралы келісімшартқа қол қойып, өз елдеріне 120 түрлі тауарды импорттау үшін жағдай жасауға келісті. Екі тарап та пұрсатты сауда жобасындағы тауарлар үшін белгіленген тарифтерді 40 пайызға дейін төмендетуге келісті.
Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмұд Ваези Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекчимен кездескеннен кейін Иран мен Түркияның экономикалық айналымдарын көлемінің 30миллиард долларға жететінін мәлімдеді. Қазіргі кезде екі елдің басты мақсаты сауда саласындағы барлық кедергілерді жойып, Иран мен Түркия арасында азат сауда орнату болып табылады. Екі елдің сауда айналымының деңгейін 50 миллиард долларға жеткізу мақсат етіп қойылды.
Екі елдің 26-шы экономикалық комиссиясын ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында өткізу жоспарланып отыр. Бірақ олуақытқа дейін мақсат етілген көрсеткіштің қанша мөлшеріне қол жеткізілетінін байқап көру керек.