Шіл 26, 2017 01:33 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (107)

Үндістанның Иранның сауда мүмкіндіктерін пайдалануға қызығушылығы, Иран мен Ирактың келіссөздері мен ынтымақтастық келісімдері, Иран мен Вьетнамның бизнес-форумының өткізілуі, Иран мен Арменияның қарым-қатынастарына шолу және Иранның басқа да экономикалық жаңалықтары бүгінгі бағдарламаның тақырыптарының қатарын құрайды.

Үндістанның Ирандағы елшісі ТМД және Батыс Азия елдерімен байланыс орнатудың маңыздылығын қуаттап: «Нью-Дели Чабаһар жәнеАнзали еркін сауда аймақтарының мүмкіндіктерін пайдаланып, осы елдермен байланыс орнатуға мүдделі» деді.

Иран – Үндістанды шикі мұнаймен қамтамасыз етіп отырған екінші ел. Үндістанның экономикалық және энергетикалық даму инфрақұрылымдарына қажеттілігі Нью-Дели-Делидің Чабаһар еркін сауда аймағына инвестиция салуына, әсіресе, солтүстік-оңтүстік дәлізіне қосылу аясында Чабаһарды Захеданға қосатын темір жол желісінің жобасын аяқтауына себеп болды.

 Үндістанның Ирандағы елшісі Саураб Кумар жексенбі күні Анзали еркін сауда аймағы ұйымының бас директоры Реза Масрурмен кездесуінде Үндістанның ынтымақтастықтарды кеңейтуге және Иранмен сауда-экономикалық байланыс  орнатуға деген қызығушылығына тоқталып: «Иран мен Үндістанның сауда-экономикалық делегацияларының екі елдің инфрақұрылымдарын аралауы және Үндістан инвесторларының Анзали еркін сауда аймағының басымдылықтары менжеңілдіктерімен танысуы екі елдің сауда-экономикалық байланыстарына ерекше ықпал ететін болады» деді.

Иран темір жол бөлімінде басымдылыққа ие. ИИР-ның жеріндегі Астара-Астара темір жол жобасы Үндістан елшісінің назарын аудартқан жобалардың қатарынан көрінді. Үндістанның Ирандағы елшісі Саураб Кумар жексенбі күні Иранның солтүстігіндегі «Астара-Астара» темір жол жобасын аралау барысында: ««Астара-Астара» темір жол желісініске қосуекі елдің экономикалық байланыстары мен саудасын дамытуда маңызды рөл атқарады» деді.

Иранның аймақтағы стратегиялық жағдайы мен Серахс, Рази, Инче-Борун және Шаламче шекаралық темір жолдарына ие болуына байланысты қазіргі кезде осы аяда ТМД елдері, Ресей, Еуропа елдері және Иракпен сауда-экономикалықбайланыстарды арттыру жобасы ұсынылып отыр.

Ресей, Беларусь, Әзірбайжан республикасы, Армения, Өзбекстан,Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан,Қазақстан мен Молдавия ТМД-ға мүше елдердің қатарын құрайды.

Өткен аптада Исламабадта Пәкістанның басшылары және Иранның оңтүстік-шығысындағы темір жол компаниялары басшыларының отырысы өтті. Бұл отырыста жақын болашақта Карачи-Гвадар-Чабаһар порты желісін қайта іске қосу, Чабаһар-Захедан-Мешхед желісін қосу және Кветта-Захедан-Мешхед жолаушы тасымалдаушы пойызын жасау мәселесін қадағалауды қуаттады.

Бұл жолдар аймақтағы басқа елдермен байланыстырылған. 2014 жылдың қараша айында ашылғанҚазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол желісі үш елдің, әсіресе, Иран мен Қазақстанның қарым-қатынастарын кеңейту үшін жақсы мүмкіндік болып табылады.

Осы аяда Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімінің инвестициялық және өнеркәсіптік саясат істері жөніндегі орынбасары Рахымбек Амиржанов жұма күні Иранның Гүлстан облысының Гонбад-е Кавус қаласында Инче-Борун темір жолы кеңсесінде өткен отырыста: «Иранның мүмкіндіктері, әсіресе, Инче-Борун бекеті мен портындағы мүмкіндіктері Қазақстанның жеке секторындағы инвесторлардың қызығушылығын тудырып отыр» деді.

Қазақстанның Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Инче-Борун портына инвестиция салу үшін жағдай тудыру қажеттігін қуаттап: «Қазақстан ирандық компаниялардың, әсіресе, инфрақұрылым бөлімдеріндегі компаниялардың инвестициясын қабылдауға әзір» деді.

«Астара-Астара» темір жолы мен оның «оңтүстік-солтүстік» дәлізіне қосылуы халықаралық саудада маңызды рөл атқарады. Нью-Дели де осы темір жолдың мүмкіндіктерін пайдалануды көздеп отыр. Үндістан осы жоба аяқталып, іске қосылғаннан кейін Астараның мүмкіндіктерін пайдалана алатындығына үміттеніп отыр.

Осы аптада Ирактың Өнеркәсіп және тау-кен министрінің міндетін атқарушы басқарған бір делегация ирандық қайраткерлермен кездесіп, сұхбаттасу және екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтужолдарын қарастыру мақсатында Теранға сапар шекті.

Иранның өнеркәсіпті кеңейту және жаңарту ұйымы Иракқа мұнай, газ, мұнай-химия және мұнай-химия саласының өңдеуші өнеркәсібі, сондай-ақ, кеме, көлік және бөлшек жасау өнеркәсіптері бойынша инвестиция салуға әзір.

Осы аяда Иранның өнеркәсіпті кеңейту және жаңарту ұйымының бас директоры Мансур Мааземи жексенбі күні Теһранда Ирактың Өнеркәсіп және тау-кен министрінің міндетін атқарушы Мұхаммад Шиа әл-Суданимен кездесуінде екі ел қарым-қатынастарын стратегиялық деп сипаттап, Теһранның Ирактың өнеркәсіптік бөлімдері мен өнеркәсіптік жаңарту салаларына инвестиция салу және әріптестік жасауға қызығушылығын мәлімдеді.

Осы келіссөздердің жалғасында Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммадреза Нематзаде және Ирактың Өнеркәсіп және тау-кен министрінің міндетін атқарушы Мұхаммад Шиа әл-Суданидің қатысуымен бір меморандумға қол қойылды.

Ирактың Өнеркәсіп және тау-кен министрінің міндетін атқарушы Мұхаммад Шиа әл-Судани Теһрандағы келіссөздерінде Иран тарапынан  екі ел арасындағы шекаралық аймақтарда бес өнеркәсіптік қалашықтың салынуын сұрап: «Ирак екі елдің жеке секторындағы компаниялардың ынтымақтастықтарын кеңейтуге бекем бел буды» деді. Ирактың Өнеркәсіп және тау-кен министрінің міндетін атқарушы соныменқатар Ирактың Иранда Рашид банкінің бөлімшесінашуды сұрады.

Осы аяда Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммадреза Нематзаде ирактық тарапқа Иранның техникалық білімі мен тәжірибесін пайдалана отырып Ирактағы өнеркәсіптік қалашықтарды қалпына келтіру, жаңарту және іске қосуды ұсынды. Нематзаде сонымен қатар сауда байланыстарын кеңейту үшін Иран мен Ирактың арасында банкаралық қатынас орнатуды қажет деп атап, Иранның Иракпен инфрақұрылымдық бөлімдерде әріптестік жасауға әзірлігін мәлімдеді.

ИИР барлық кезеңдерде Иракүкіметі мен халқын қолдап келді. Қазір Иракта ДАИШ-тен кейін жасампаздық кезеңі басталған кезде Иран Иракқа елді қайта қалпына келтіру үшін қажет көмек пен қолдау көрсетуге әзір.

Теһранның Бағдадтағы елшісі Ирадж Масджеди сенбі күні Ирактың «әл-Фырат» арнасына берген сұхбатында Ирактың Мосул қаласыныңДАИШ лаңкестерінің қолынан азат етілуіне орай ризашылық білдірумен қатар: «ИИР Бағдадқа ДАИШ лаңкестік тобымен күресте көмектескені сияқты қиратылған аймақтарды қалпына келтіруде де Иракты қолдайтын болады» деді.

Осы аптада Теһранда Иран мен Вьетнамның экономикалық ынтымақтастықтары жөніндегі ортақ комиссиясының 9-шы отырысы Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі мен Вьетнамның Ауылшаруашылық және ауылдарды дамыту министрінің қаытсуыменөтті.

Иран мен Вьетнамның экономикалық ынтымақтастықтары жөніндегі ортақ комиссиясының 9-шы отырысы екі экономикалық  ынтымақтастық меморандумына қол қойылумен аяқталды.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири Вьетнамның Ауылшаруашылық және ауылдарды дамыту министріменТеһранда кездесуінде екі елдің жоғары деңгейлі қайраткерлерінің барыс-келістерін қиыншылықтарды шешу және екіжақты байланыстарды кеңейту жолындағы кедергіледі байтараптандыру үшін жасалған қадам деп атап: «Бұл сапарлар Иран мен Вьетнамның қарым-қатынстарын кеңейту алаңындағы өзгерісті кезең бола алады» деді. Екі ел көптеген мүмкіндіктер мен қабілеттерге ие. Вьетнам мен Иран сындарлы әрі оң ынтымақтастықтар арқылы бір-бірінің экономикасы мен саудасын толықтыра алады.

Иран мен Вьетнамның байланыстары өткен төрт жыл ішінде  120 пайызға артты. Екі елдің сауда айналымының мөлшері жылына екі миллиард долларға дейін артады деп күтілуде. Иран мен Вьетнамның сауда-экономикалық алмасуларын екі миллиард долларлық межеге жеткізу туралы жасалған келісімдер айтарлықтай маңызды қадам болды. Алайда, екі елдің қайраткерлері келіссөздер кезінде айтып өткендей, Иран мен Вьетнамның қарым-қатынастары көңілге қонымды дәрежеге жетуі үшін әлі біразуақыт қажет.

Осы аяда Вьетнамның Ауылшаруашылық және ауылдарды дамыту министрі Невин Сунг Кунг екі елдің сауда  қатынастарының қазіргі кездегі төменгі деңгейін сынға алып, ынтымақтастықтарды кеңейту үшін өзара мүмкіндіктерді пайдалануды қуаттады.

Иран мұнай, газ, мұнай-химия, тау-кен өнімдері және ауылшаруашылық бөлімдері бойынша көптеген сауда-экономикалық мүмкіндіктерге ие. Вьетнам өзқажеттіліктерін Иранның көмегімен қамтамасыз етуге мүдделі. Алайда бұл ынтымақтастықтар көбірек әрекет етуді, әсіресе, банктік қатынастар саласында талпыныс жасауды қажет етеді.

Иран мен Вьетнамның сауда байланыстарын жеңілдету үшінбанкаралық қатынастар мен виза беруді  жеңілдетумен қатар, екі ел арасында тікелей рейс те ашуқажет.

Арменияның Теһрандағы елшісі Арташес Туманян сенбі күні Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысының Амоль қаласының сәндік өсімдіктер мен гүлдер өсірілетін алқаптарды аралау кезінде: «Иран мен Армения арасындағы инвестиция мөлшері екі елдің ортақ шекаралары болуына қарамастан төмен болып табылады. Оны арттыру жолдары қарастырылуы қажет» деді.

Иран мен Армения жақсы қарым-қатынастарға ие болу үшін лайықты әлеуеттер менжан-жақты мүмкіндіктерге ие. Екі ел ынтымақтастықтар үшін қажет сан алуан мүмкіндіктерді пайдаланып, ортақмәдени инфрақұрылымдарға сүйене отырып, өз қатынастарын кеңейте алады. Екі елдің энергетика, ауылшаруашылық, туризм, тасымал,технология сияқты түрлі салаларда әріптестік жасауға және осы әріптестіктерді қолдау үшін ортақ экономикалық жұмыс тобын құруға бет бұруы Иран мен Арменияның қарым-қатынастарына кеңеюжәнегүлдену мүмкіндігінберген лайықты жағдай тудырды.

Армения Еуропа одағының бір мүшесі ретінде Иранның Еуразия нарығына кіруі үшін үлкен қақпасы бола алады.

Бүгінде бұл мүмкіндіктердің арнасы кеңейе түскен. Арменияның Теһрандағы елшісі айтып өткендей, Иранмен сауда қатынастарын арттыру және жеңілдету жұмыстарынбарлық салаларда жүзеге асыруға болады.

Мамандардың пайымдауынша, осы ынтымақтастықты нығайтуға инвестиция салудың қайтарымы жақсы болып, аймақтық байланыстардың артуына себеп болады. Сондай-ақ, аймақтық елдердің экономикалық байланыстар арқылы ынтымақтастық пен сау бәсекелестікүшін арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдалануы үшін қолайлы жағдай тудырады.Осы аяда Иран Армениямен ғылым, білім беру, зерттеу салалары бойынша тәжірибелерімен бөлісуге және зерттеу жобалары бойынша ынтымақтастық жасауға әзірлігін білдірді.

Сауда бөлімінде де Иран мен Арменияның жеңілдікті тарифтерді қарастыру келіссөздерінің алтыншы кезеңі жуырда Иранның өнеркәсіп, тау-кенжәне сауда министрінің орынбасары Моджтаба Хосроутаждың Ереванға сапары барысында өткізілді.

Арменияның премьер-министрінің орынбасары Ваче Габрилиан осы ынтымақтастықтардың маңыздылығы туралы: «Екі елдің екіжақты ынтымақтастықтар шеңберіндегі әлеуеттерін таныстыру екі елдің әріптестіктерінің деңгейін арттыру үшін жағдай тудыра алады. Осы келіссөздер өткеннен кейін Еуразиялық одақ пен ИИР арасында пұрсатты сауда туралы келісімнің жасалуы үшін қолайлы жағдай туындайды деп күтілуде» деді.