Жетекшілік хадисі 124
Міншіл адам ақиқатқа қатысты білімі мен хабардарлығына қарамастан қасарысып, шындықты мойындаудан бас тартады. Бұл жаман әрі тұрпайы қылық кей кезде жиі қайталанатындықтан адамның бойына сіңіп, оның жеке қасиеті ретінде қалыптасады. Мұндай қасиет қоғам деңгейіндегі бағынбаушылық немесе жанжалға да әкеп соқтыруы мүмкін. Имам Әли (ғ.с) қыңырлық ұғымын асау атқа теңеп: "Қыңырлықтан асқан асау ат жоқ",- деген.
«Жетекшілік хадисі» топтамасының кезекті бөлімін назарларыңызға ұсынамыз. Бүгінгі бағдарламада міншілдік пен қыңырлық туралы сөз қозғаймыз.
Кейде адам баласы қателік жасайды. Бірақ өзінің қателік жасағанын түсінген кезде сол әрекеті үшін кешірім сұрайды. Сол себепті сол қателікті қайталаудың ықтималы азая түседі немесе жалпы мүлдем қайталанбайды. Алайда, кей кезде қателік, тіпті күнә жасағаны белгілі болғаннан кейін адам кешірім сұраудың орнына өзін ақтайтын сылтау айтып, өзінің жіберген қателігін мойындамай, ол үшін кешірім де сұрамайды. Мұндай әрекеттің қайталануы уақыт өте келе адамды қырсық әрі қыңыр адамға айналдырады. Мұндай жағдайларда қыңырлық пен міншілдік жасаған күнәнің өзінен де жаман әрі әдепсіз қылық саналады. Себебі, бұл іс адамды өз мінезін түзетіп, әрекетін түзету мүмкіндігінен айырып, адамның бұдан үлкен күнәларға батуына негіз болып, соған алғышарт жасайды. Имам Әли (ғ.с) міншіл және қырсық адамдар туралы: "Адам қырсығып, қасарысатын болса және осы жолды жалғастыруын қоймаса, Құдай оның жүрегіне тат түсіріп, оның басына жамандықтар келтіріп, бақытсыздық орнатады",- дейді (Наһдж ул-Балағе, 58 құтпа).
Міншіл адам ақиқатқа қатысты білімі мен хабардарлығына қарамастан қасарысып, шындықты мойындаудан бас тартады. Бұл жаман әрі тұрпайы қылық кей кезде жиі қайталанатындықтан адамның бойына сіңіп, оның жеке қасиеті ретінде қалыптасады. Мұндай қасиет қоғам деңгейіндегі бағынбаушылық немесе жанжалға да әкеп соқтыруы мүмкін. Имам Әли (ғ.с) қыңырлық ұғымын асау атқа теңеп: "Қыңырлықтан асқан асау ат жоқ",- деген.
Имамның бұл айтқан сөздерінен қыңырлық пен міншілдік адамды жәһілдікке жеткізеді деген ақиқат анықталады.
Алайда, қырсықтық пен міншілдік кейде адамға тағылған негізсіз айыптау мен жазғырулардың салдарынан тууы мүмкін. Шамадан тыс жазғыру мен кінәлау әсіресе зорлық-зомбылық арқылы немесе басқалардың көзінше жасалатын болса, шамадан тыс қыңырлық пен міншілдікті тудырады. Мұндай жағдайда адамдар ісінің дұрыс болғанын дәлелдеудің орнына оларды негізсіз түрде айыптап, жазғырып, өз сөзінде табандап, өз дегенін жалғастырады. Имам Әли (ғ.с) қыңырлықтың себептерінің бірін әсірешілдік пен жазғыру деп атап: "Шамадан тыс жазғырып, сөгіс айту қыңырлық отын тұтатады".
Әлеуметтік қиындықтар мен бақытсыздықтардың басым бөлігі қоғамдағы адамдардың бір-бірімен дауласып, таласып, қыңырлық танытуына байланысты. Қақтығыс пен келіспеушіліктің оты тұтанғанша бір топ қасарысып, екінші топ надандығы мен өзімшілдігіне байланысты дәл сол жолды жалғастырады. Егер адамдар бос сылтауларды қойып, сәл ғана ұстамдылық танытатын болса, көптеген әлеуметтік зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің пайда болуының алдын алуға болады. Имам Әли (ғ.с) барлық жаманшылық пен зұлымдықтың міншілдік пен қыңырлықтан бастау алатындығына тоқталып: "Жаманшылық пен бүліну және бұзылудың қайнар көзі қыңырлық пен дауласу болып табылады",- деп айтқан». Имам Әли (ғ.с) өзінің келесі бір хадисінде: "Әдепсіз қыңырлықтан аулақ болыңдар. Себебі, оның салдарынан соғыс оты тұтанады",- деген. Имам Әли (ғ.с) бұл хадисінде адамдарға қырсықтық пен қыңырлықтан аулақ болуға әмір береді. Себебі, ақиқат жолындағы табандылық ең ізгі ғамалдардың бірі саналып, адамның жеңіс пен табысқа жетуіне себеп болады. Бірақ, егер адам жалғандық жолында табандылық танытып, өз қателіктерін түзетуге әзір болмаса, бұл айыпталатын қыңырлыққа жатады. Қарсы тарапты айдап салып, оны азғыруды жалғастыру соғыс, қантөгіс тіпті өлімге әкеп соқтырады. Имам Әли (ғ.с) дәл осы мәселеге сілтеме жасап:"Қыңырлықтың салдары – өлім",- деген.
Имам Садықтың (ғ.с) бір хадисінде: "Хазірет Мұса (ғ.с) ұстазы Қызыр пайғамбардан бөлініп, өз жолымен кетерде одан ақыл-кеңес сұрапты. Қызырдың оған мынадай кеңес беріпті: "Қыңырлық пен өзіңе қатысы жоқ істерге араласудан аулақ бол".
Қызырдың ахлақтық кеңесінде қырсықтық адамға қатысы жоқ істерге араласумен қатар қойылған. Бұл қыңырлықтың логика мен ақылға бағынбайтынын дәлелдейді. Имам Әли (ғ.с): "Өз сенімі немесе пікірін қасарысып қорғап, қарсыластарымен жанжалдасатын адам қырсықтығы үшін надан адам ретінде танылады",- деген (Биһар әл-Анвар, 74 том).