Там 06, 2017 12:30 Asia/Almaty

"Рұм» сүресінің 30-34 аяттарының тәпсірі

«Рұм» сүресінің 30 аяты:

 « فَأَقِمْ وَجْهَکَ لِلدِّینِ حَنِیفًا فِطْرَتَ اللَّـهِ الَّتِی فَطَرَ النَّاسَ عَلَیْهَا لَا تَبْدِیلَ لِخَلْقِ اللَّـهِ ذَلِکَ الدِّینُ الْقَیِّمُ وَلَکِنَّ أَکْثَرَ النَّاسِ لَایَعْلَمُونَ»

 

(Мұхаммед Ғ.С.) бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді. (15-С. 56-А.) (30).

Алдыңғы бірнеше бағдарламада Құран Кәрім Құдай және оның аспан мен жерді жаратудағы ғылымы мен құдіретіне тоқталды. Бұл аят былай дейді: «Табиғат жүйесін бақылаумен қатар ішке үңілу де адамды құдайтануға жеткізеді. Себебі, барлық адамдардың ішкі болмысы мықты да ұлы Жаратушының бар екендігіне куәлік етеді».

Құдай бұл аятта ислам пайғамбары мен барлық иман иелерінен тіл арқылы және сырт көзге ғана емес, сонымен қатар жүрек және іштей хақ дінге бет бұрып, кез келген бұрмалаушылық пен теріс жолдан алыс болуды сұрайды. Шәксіз, аспандық діндердің барлығы Құдай тарапынан түскенімен, өкінішке орай, олардың көбісі бұрамалаушылықтарға ұшырап, адамдарды бақыт жаққа жетекшілік ету деген өзінің шынайы бағытынан бұрылған. 

Бұл аят былай дейді: «Тұрақты қалып, бұрмаланушылыққа ұшырамаған жалғыз дін – ислам діні. Бұл илаһи болмыспен адамның жаратылысында да үйлесімді. Адамның болмысының уақыт барысында өзгермейтіні сынды адамдардың барлығы кез келген уақыт пен мекенде бірдей адами болмысқа ие. Құдайдың адамның бақыты үшін жібергені тұрақты. Бұл соңғы аспандық дін Ислам дінінен көрініс тапты. Алайда адамдардың көбісі бұл ақиқаттан хабарсыз. Олар исламға көңіл аударудың орнына кемшіліктер мен қарама-қайшылықтарға толы адами мектептерге барады немесе өз жолдарынан адасқан, оларды мақсатқа жеткізбейтін діндерді ұстанады.

Осы аяттан үйренетініміз:

 1.Құдай адамның болмысы хақты қалайтындай, жалғанды жек көретіндей етіп жаратқан. Аспандық дін де хаққа негізделген. Оған еру – болмыста қаланған іс.

2. Болмыстық нәрсе көңіл аудару мен әрекетті қажет етеді. Әйтпегенде, ол қапылдық пен ұмытылуға ұласады. Діннің негізі болмыстық іс. Бірақ, оның тағылымдары біздің болмысымызды тұрақтануы үшін соларды іске жаратуымыз керек.

3. Адамның жаратылыс жүйесі Алланың дін жүйесімен үйлесімді. Себебі, екеуі де бір бастаудан тамыраланады. Олардың арасында ешқандай қайшылық жоқ.  

«Рұм» сүресінің 31-32 аяттары:

 

 «مُنِیبِینَ إِلَیْهِ وَاتَّقُوهُ وَأَقِیمُوا الصَّلَاةَ وَلَا تَکُونُوا مِنَ الْمُشْرِکِینَ»، «مِنَ الَّذِینَ فَرَّقُوا دِینَهُمْ وَکَانُوا شِیَعًا کُلُّ حِزْبٍ بِمَا لَدَیْهِمْ فَرِحُونَ»

Аллаға бой ұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар. (31) Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларға мәз болғандар. (32)

Алдыңғы аятта діннің болмыстық іс екендігін бірақ, адам тарапынан қапылдық пен ұмытылуға ұшырау қаупінің бар екендігін айттық. Сол себепті осы аят былай дейді: «Тура жолдан қапылдыққа салынып немесе тайған кезде Құдайға оралыңдар. Оралу – сендердің таухидтік табиғат, болмыстарың». Содан кейін дінді сақтау үшін бірнеше нұсқау береді: бірі – тақуалықты сақтап, күнәдан қорқу; келесісі – намаз бен жалбарыну арқылы Құдаймен байланысты жалғастыру. Егер осы екі негізге көңіл аударылса, адам өзінің сенімдері мен іс-әрекеттерінде шеркке шырмалмайды. Аяттың жалғасы шерктің салдарларының біріне сілтеме жасап: «Шерк адамзат қоғамының бірнеше топқа бөлінуіне себеп болады. Әр адам Құдайға серік етіп қосқанына риза болып, өмірдің бақытын содан талап етеді» дейді. Адамдардың барлығы сенімдері мен әрекеттерінде таухидтің өзегіне жиналғанда, қоғамда ешқандай алауыздық пен қайшылық болмай, адамзат қоғамында бірлік пен біртұтастық үстемдік еткен болар еді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Дінге табиғи түрде еру адамның болмысында түйін салып, гүлденсе, ол тәубешіл, тақуа және намазхан болады.

2.Тауһид – адамзат қоғамының бірлігі мен біртұтастығының факторы. Шерк – адамдар арасындағы жік пен алауыздықтың факторы.

3.Қоғамда жік пен алауыздық қалыптастыру таухидтың шегінен шығып, шеркке шырмалудың белгісі. 

«Рұм» сүресінің 33-34 аяттары:

 «وَإِذَا مَسَّ النَّاسَ ضُرٌّ دَعَوْا رَبَّهُم مُّنِیبِینَ إِلَیْهِ ثُمَّ إِذَا أَذَاقَهُم مِّنْهُ رَحْمَةً إِذَا فَرِیقٌ مِّنْهُم بِرَبِّهِمْ یُشْرِکُونَ»، «لِیَکْفُرُوا بِمَا آتَیْنَاهُمْ فَتَمَتَّعُوا فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ»

Қашан адам баласына бір бейнет жетсе, олар Раббыларына ықыласпен жалбарынады. Сосын Алла қашан оған өз тарапынан бір мәрхамет таттырса, сонда олардың кейбіреулері Раббыларына ортақ қосады. (33) Бұны оларға берген несібемізге шүкірсіздік ету үшін істейді. Я, енді пайдалана тұрыңдар, таяуда түсінерсіңдер. (34)

Құдайтанудың табиғатымыздан болмысымызда қаланғаны туралы алдыңғы аяттардың жалғасында бұл аят оның адам өміріндегі көріністерінің біріне сілтеме жасап: «Адамға қиындық түскен кезде оған ешкім жәрдемдесе алмайды. Барлық жерден үміт үзгенде Құдайға бет бұрып, одан өзінің мәселесін шешуді сұрап, қапылдық салдарынан ұмытқанды есіне түсіреді. Сөйтіп, өзінің қапылдығына қатысты тәубаға келіп, Құдайдан қиындықтарын шешуді сұрайды. Бірақ, Құдайдың мейірімі оған оралып, иләһи рақым жасалған кезде ол тағы да Құдайды ұмытып, ісінің шешілгенін басқа факторлармен байланыстырады.

Егер адамның өмірінде осындай шүкірсіздік рухы жалғасатын болса, ол дүниелік нығметтерге ие болғанына қарамастан,  жаман салдарға ұшырайды. Оның соңы жақсы болмайды» дейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Кейбір адамдар қиын кездері ғана Құдайды еске алады. Олар Құдайды тек қиындықтарын шешу үшін ғана қажет ететін сынды.

3.Қиындықтар мен қысым түскенде қапылдықтың шаң-тозаңы сейіліп, адам Құдайды іздейтін өзінің негізгі, болмыстық табиғатына оралады.

3. Бақуаттылық Құдайды ұмытып, адамның күпіршілігі пен шүкірсіздікке салынуына негіз әзірлейді