Там 07, 2017 00:25 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (109)

Иранның атқарушы, заң шығарушы және сот биліктерінің басшылары жексенбі күні өткен ортақ отырыста Иран мен аймақтың маңызды мәселелерін талқылады.

ИИР президенті Хасан Рухани үш билік басшыларының ортақ отырысының соңындаотырыста экономикалық мәселелер, әсіресе, өндіріс пен инвестиция жөнінде сұхбат болғанын мәлімдеді. Рухани үш билік басшыларының инвестицияны үш жақтан жақсылап қолдауды қуаттап отырғанын айтып: «Біз ішкі және шетелдік инвестицияны қолдауға арналған пакет дайындауды көздеп отырмыз. Бұл пакетті үш жақтан қолдау арқылы оны жүзеге асыру барысында бір-бірімізге көмектесеміз» деді. Үш биліктің басшылары отырыста АҚШ-тың жуырдағы санкциялары мен оған қарсы шаралар туралы сұхбаттасты.

 АҚШ-тың Өкілдер палатасы мен Сенаты өткен аптада Ресей, Иран мен Солтүстік Кореяға қарсы санкцияларды күшейту жобасын бекітті.

АҚШ-тың санкцияларды күшейту туралы жаңа қаулысы көбінесе Иранмен зымырандық технологиялар саласында әріптестік жасаған жеке тұлғалар мен компанияларға қарсы бағытталған.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы АҚШ-тың Ресей, Иран мен Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкциялары туралы: «Америкалықтардың бұл алаңда жеңілетінбасты тарап болатыны анық» деп қуаттады.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти жексенбі күні Теһранда Ресейдің Шығыстану институтының директоры Виталий Наумкинмен кездесуінен кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Иранның АҚШ-тың «Ортақ қадам» бағдарламасын бұзушылығына берер жауабы жойқын болады» деді.

АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялардың жобасын әзірлеп жатқан кезде Иранның Жол және қала құрылысы министрі мен Германияның Экономика және энергетика министрі екі елдің экономикалық ынтымақтастықтары туралы сұхбаттасты.

Өткен аптада Германияға сапар шеккен Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди Германияның Экономика және энергетика министрі Бригитта Циприспен екіжақты қарым-қатынастар, әсіресе, Иран мен Германия арасындағы банктік әріптестіктер алаңындағы кедергілерді жою туралы пікір алмасты.

Иранның Жол және қала құрылысы министрі сонымен қатар Берлиндегі Siemens өнеркәсіп кешенін аралап, оның басшыларымен сұхбаттасты. Иран мен Германия Теһран-Машһад бағытындағы жүрдек пойызының құрылысы бойынша әріптестік жасайды. Бұдан бұрын да Total мұнай компаниясы АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкция салу әрекетіне қарамастан, Иранмен маңызды келісімге қол қойған болатын.

Иран, Франция мен Қытай арасында Оңтүстік Парс алаңының 11-ші кезеңін кеңейту туралы жуырда жасалған үшжақты келісім экономикалық тұрғыдан өте маңызды. Қытай 4 миллиард 800 миллион доллар көлемінде қаржы салып, бұл келісімнің 30 пайызына иелік етіп отыр.

Бижан Намдар Зангане мен оның ирактық әріптесі осы аптада екі елдің мұнай және газ әріптестіктері мен ортақ мұнай алаңдарын пайдалану туралы сұхбаттасты.

ИИР-ның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане мен Ирактың Мұнай министрі Джаббар Әли  әл-Луаиби екі елдің ортақ алаңдардағы әріптестіктері мен Киркук мұнайын Иранның мұнай өңдеу зауыттарына жөнелту жолдарының жобасы және оның өнімдерінде тасымалдау туралы сұхбаттасты.

Бастапқы келісімге сәйкес, Киркук мұнайы Иранның Керманшах және Табриз қалаларындағы екі мұнай өңдеу зауытына жеткізіліп, оның өнімдері қолданыс үшін Иракқа қайтарылатын болады.

Ортақ жұмыс тобын құру және адам күшін тәрбиелеу арқылы Хоррамшахр мен оңтүстік Нафтшахрдағы ортақ алаңдарды дамыту, сондай-ақ, ирактық студенттерге оқу гранттарын бөлу екі тарап талқылаған келесі мәселелердің қатарын құрады.

Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Занганемен сұхбаттасу үшін Теһранға сапармен келген Ирактың Мұнай министрі Джаббар Әли әл-Луаиби бұл жайлы: «Иран мен Ирактың ортақ инвестициялары және Ирактың Дияла облысындағы Хане мұнай алаңы мен Басра облысындағы Синдбад мұнай алаңын дамытутуралы бастапқы келісімге қол жеткізілді» деді.

Джаббар Әли әл-Луаиби Иран мен Ирак арасындағы қорытынды келісімге алдағы жылдың алғашқы үш айында қол жеткізілуіне үміт білдірді.

Бұл келісім Дияла мен Басра мұнай алаңдарына инвестиция салу жолындағы маңызды қадам болды. Онда екі тараптың құқықтары халықаралық заңдар мен критерийлер шеңберінде қарастырылған.

Басра-Абадан мұнай өнімдерін жеткізуге арналған құбырлар желісі мен Нафтшахр-Басра газ құбыры – Занганенің Ирактағы келіссөздерінің келесі тақырыптарының бірі.

Иран Иракқа күніне7-8 миллион текше метр газ экспорттап отыр.

Мұнай және газ алаңындағы келіссөздермен бір мезгілде ИИР-ның Ирактағы елшілігінің сауда жөніндегі кеңесшісі Ирактың Қаржы министрі және Кеден қызметінің басшысымен кездесті.

Ирактың кедендік мәселелерін талқылау, Иранның экспортын жеңілдету үшін ирактық кеденшілердің санын арттыру, ирандық жүк көліктері үшін белгіленген тарифтердің қымбаттауына қатысты алаңдаушылықтарды жою үшін тиісті шара қолдану, сонымен қатар, Иранның транзиттік тауарларынаИрактың Шекаралық облыстар кеңесі тарапынан салынған салықтардыөтеуге қатысты кейбір ережелерін алып тастау қажеттігі осы келіссөздерде қарастырылған мәселелердің қатарын құрады.

Ирактың Қаржы министрі мен Кеден қызметінің басшысы және ИИР-ның Ирактағы елшілігінің сауда істері жөніндегі кеңесшісі сауда комитетін құру және екі тарап арасында көбірек үйлестіру жұмыстарын жүргізу туралы келісім жасалғанын мәлімдеді.

Осы келіссөздермен бір мезгілде Иранның Ирактағы экономикалық істер жөніндегі кеңесшісі Ибрахим Мұхаммад Резазаде, сауда палаталарының төрағалары, Экспортты дамыту компаниясының басқару алқасы және Альборз облысының экономикалық белсенділерінен құралған бір топтың қатысуымен екіжақты сауданы дамыту жолдарын таныстыру және талқылау мақсатында «Иран мен Ирак арасындағы сауданы дамыту бағытындағы практикалық шешімдер» тақырыбында  бизнес-форум өтті.

Иракқа экспорт жасаудың қолайлы жолдарын тауып, таныстыру, халықаралық сауда заңдары және дипломатиясымен танысу, тауар және қызмет экспортының қажеттіліктерін таныстыру, Иран мен Ирактың сауда байланыстарынбағалау және бәсекелестерді анықтау осы отырыста талқыланған мәселелердің келесі бір тобы.

Иран Иракты ДАИШ-тан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарына данеғұрлым көбірек үлес қосуға әзір.

Теһран мен Ереван байланыстарын кеңейту жол картасын жүзеге асыру мәселесі Иран мен Армения қайраткерлерінің басты мәселелерін бірі.

ИИР-ның Армениядағы елшісі Казем Саджади жексенбі күні кешке Ереванда Иранның парламенттік делегациясының қатысуымен өткен екі ел қарым-қатынастарын талқылау отырысында осы мәселені қуаттап, Иран мен Армения байланыстарын кеңейтудің екі халықтың мүдделеріне сай келетінін айтып: «Армения президенті Серж Саргсянның 2017 жылдың тамыз айының бесі күнгі Хасан Руханидің екінші президенттік кезеңіне аяқ басуын ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Теһранға сапары ынтымақтастықтарды, әсіресе, экономика мен инвестиция бөлімдеріндегі, соның ішінде, Мегри еркін сауда аймағындағы әріптестіктерді кеңейтуге көмектеседі. ИИР-ның Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктерінің басты бағдары Армения сияқты дос елдермен экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейту» деді.

Армения Парламентінің төрағасы Ара БаблоянИРНА-ға берген сұхбатында Теһран-Ереван қарым-қатынастарын жан-жақты дамыту қажеттігін қуаттап: «Біз үшін парламенттік достық топтардың жұмыстары аса маңызды. Достық топтар екі ел қарым-қатынастарының кеңеюі мен нығаюына көмектеседі. Армения республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін екі ел арасындағы ынтымақтастықтар толассыз түрде дамып келеді. Екі елдің энергетика, сауда, ауылшаруашылығы, білім беру және мәдениет салаларындағы әріптестіктері кеңейді» деп қуаттады.

Арменияның Теһрандағы елшісі Арташес Туманян екі елдің ортақ мүдделер мен стартегияға ие екенін қуаттап, Арменияның басты мақсатының Иранмен ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін бағдарлама жасау екенін айтты. 2015 жылдың қаңтар айында ресми түрде өз  жұмысын бастаған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі әріптестіктер осы мүмкіндіктердің бірі саналады. Армения  осы одаққа мүше елдердің Иранмен кәсіптік және транзиттік ынтымақтастықтары шеңберіндегі күре жол және темір жол байланыстарының бірден-бір дәлізі бола алады.

ИИР президенті Хасан Руханидің өткен жылы Арменияға жасаған сапары барысында қол жеткізілген келісімдер екі елдің қарым-қатынастарына жаңасерпін берді.

Иранүкіметі мен халқы Ауғанстанмен қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделі.

ИИР-ның Кандагардағы елшілігінің бас консулы Саид Ғадери жексенбі күні Ауғанстанның Кандагар облысының әкімі Залмай Висамен кездесуінде екі ел арасындағы кәсіптік қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында Кандагарда Иранның өнеркәсіптік тауарларының көрмесі өтетінін мәлімдеді.

Ғадери Иранның ауғандық кәсіпкерлердің Иранда көрме өткізуін құптайтынын айтып, Кандагар облысының әкімінен осы облыстың кәсіпкерлеріне Иранда ауғандық тауарлардың көрмесін өткізу үшін қолдау көрсетуін сұрады.

Иранның Кандагардағы бас консулы Теһранның Чабаһар портын кеңейту үшін ауқымды жобаларды іске асырғанын мәлімдеп, ауғандық сауда делегацияларын  осы портты аралауға шақырды.

Ауғанстанның Кандагар облысының әкімі Залмай Виса осы кездесуде: «Иранның Чабаһар және Бандар-Аббас порттары Ауғанстанның саудасы үшін аса маңызды. Екі ел арасындағы сауда байланыстары саяси мәселелердің ықалына түспеуі керек» деді.

Иранның мұхитта орналасқан жалғыз порты Чабаһар порты мұхитта жүзетін кемелерді қабылдау мүмкіндігіне ие. Бұл порт стратегиялық жағдайына байланысты құрлықпен қоршалған  Орталық Азия елдері, соның ішінде, Ауғанстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркіменстан елдері үшін еркін суларға шығатын ең жақын жол саналады. Ауғанстан мен Үндістан бір ортақ келісім негізінде Иранмен осы салада әріптестік жасай бастады. Екі елдің инвесторлары мен экономикалық белсенділері Чабаһар аймағының инфрақұрылымдары мен мүмкіндіктерін пайдаланып, сондай-ақ, Иранның ауқымды темір жол желілеріне қосылу арқылы Иранның сауда мүмкіндіктері мен транзиттік жолдарын барынша пайдалана алады.