Иранның ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері 10
Иран мен әлемнің ғылыми-техникалық және медицина саласындағы жетістіктері
Ирандық зерттеушілер «Раян» зерттеу орталығында діңгекті жасушалар мен дәрменді жасушаларға жасалған зерттеулерді бүйрек жеткіліксіздігін созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне жеткізбеу үшін пайдалануды көздеп отыр. Бүйрек жеткіліксіздігі бүйрекке зиян келтіруі немесе бүйректің үш айдан артық дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Бұл ауруға әртүрлі себептер шалдықтыруы мүмкін. Сондай-ақ, бүйрек ауруын емдейтін нақты ем әлі табылған жоқ. Сондықтан емдің көбі бүйрек жеткілсіздігін созылмалы бүйрек жеткілсіздігіне жеткізбеу саласында жүргізіледі.
«Раян» зерттеу орталығының діңгекті жасушалар зерттеуімен айналысатын ғылыми тобының мүшесі доктор Реза Мұқаддас Әли сүйектің кемік майындағы мезенхима діңгекті жасушаларды бүйрек жеткіліксіздігін созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне жеткізбеу үшін пайдалану жобасы туралы: «Өткен жылдардағы зерттеулер діңгекті жасушаларды әсіресе мезенхима діңгекті жасушаларын пайдаланудың бір мөлшерге дейін аурудың асқынуын тоқтатып, науқастардың жақсаруына көмектесетінін көрсетті. Осыған орай мезенхима діңгекті жасушаларын аурудың асқынуының алдын алу үшін пайдалануға шешім қабылдадық»,- деді. Бүгінде жобаның бірінші кезеңі аяқталып, зерттеушілер өз еңбектерінің нәтижесін жетіп, оеы адамға қолданды. Келесі кезеңде жасушалардың әсерін тексеру үшін оларды қолданатын науқастардың саны артады. Бұл зерттеулердің мақсаты – бүйрек жеткіліксіздігіне душар болған науқастардың ауруларының асқынуының алдын алу. Зерттеулер мезенхима діңгекті жасушалардың бүйректің жұмысын жақсартуда рөл атқара алатындарын көрсетті. Бірақ, мұндай механизмнің пайдалы әсері толық анықталған жоқ. Сондықтан зерттеушілер осы механизмдерді анықтауға талпыныс жасап жатыр. Ирандық зерттеушілер мезенхима діңгекті жасушалардың бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастың бүйрегін емдеуге тигізетін әсерін анықтау саласында жұмыс жасауда.
******************************
Ирандық ғалымдардың келесі жетістіктеріне бұл елдің Әлеуметтік қамтамасыз ету және оңалту университетінде инсульт салдарынан сал ауруына ұшыраған адамдарды емдеу саласында электро-ортопедиялық құрал жасап шығаруы жатады. Бұл жобалардың көбінде қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ету саласында қиындықтар кездесуде.
Әлеуметтік қамтамасыз ету және оңалту университетінде жасалған құралдың ерекшеліктеріне оның салмағының жеңіл болуы, оңай пайдалану мүмкіндігі, адамның бұлшық еттері мен антропометриялық сипаттамаларына сәйкес келуі, клиникалық және үй жағдайларында пайдалану мүмкіндігі, сонымен бірге бұл технологияның жергілікті болуы жатады.
****************************
Диктор 2
Ирандық зерттеушілер елдің ең үлкен астық өңдеу зауытын жобалап салып, табиғи тәттілендіргіштермен бірге мал мен адамға қажет азық-түлік қоспаларын өндіретін болды.
Бұл зауыт Таяу Шығыс аймағының ең үлкен зауыты ретінде осыдан бір жыл бұрын жұмысын бастады. Зауыттың өнімі жүгері крахмалынан өндірілетін глюкоза мен фруктозаға негізделген сұйық қант болып табылады. Жүгері крахмалы дымқыл диірмендерде ферменттік әдістердің арқасында глюкоза мен фруктоза шарбатына айналып, сахароза түрінде әртүрлі дәрі-дәрмек және азық-түлік өнеркәсіптеріне тапсырылады. Бұл зауытта өндірілген глюкоза қанттың орнына ұсынылады. Оның тәттілік мөлшері қанттың жеті пайызын құрайды.
Сонымен бірге оны крахмал шығаратын дымқыл диірмендер үдерісінде крахмал бұрғылау жұмыстары үшін қажет ерітінді, резеңке, тоқыма, картон, жуғыш заттар мен желімдер шығаруға қолданылады. Сонымен бірге крахмал жүгерінің басқа бөлшектерін бір-біріне ажыратады. Мәселен, жүгерінің қабығы жануарлардың жеміне жіберіледі. Бұл зауытта жүгеріден сүтті сиырлар үшін глютен ақуызы шығарылады.
Жүгерінің ұрығы Corn Grem – бұл зауыттың келсі өнімі. Жүгерінің 4-5 пайызын май құрайды. Оның шамамен 90 пайызы жүгерінің ұрығынан алынады. Сол себепті жүгерінің ұрығы майға бай саналады. Аталмыш зауытта жүгерінің қауызы да өндіріледі. Жүгерінің қауызының құрамының 20-22 пайызын крахмал, 4-5 пайызын май және 10-12 пайызын ақуыз құрайды. Оны малдың жемі ретінде пайдаланумен бірге диірменмен тартып, кейбір ас өнімдерінің талшықтарын арттыру үшін пайдаланады. Астық өндеу зауыты күнделікті 400 тонна сұйық қант өндіру мүмкіндігіне ие. Осылайша, бұл жобаның мақсаты елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, халықаралық нарыққа шығу болып отыр.