Ұлы тұлғаның алдында 19
Құран Кәрім – тереңдігі тұрғысынан құнды қазынаға ие үлкен мұхит.
Бұл қазына Құран аяттары мен сүрелеріндегі шексіз білімде. Адам аяттарды зерттеп, аталмыш білімді меңгеретін жолға қадам басады. Құранды оқу – сол жолдың бастамасы. Жыл сайын Иранда Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің қатысуымен ерекше кеңістікке ие Құран оқу отырыстары өтеді. Құран жиындарына әртүрлі елдерден келген қарилері қатысады. Олардың көркем дауыстарымен оқылған аяттар жүрекке қонымды әтір сынды бүкіл кеңістікке таралады. Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Құран аяттарын оқуды бұл қасиетті кітапты түсіну саласындағы алғашқы қадам деп атап, Құранның тағылымдарын түсінудің маңыздылығы туралы: «Егер Құран сөздерінің негізгі мағынасын пайдаланғымыз келсе, Құран тағылымдары және түсініктерімен танысуымыз қажет»,- деді. Құранның тағылымдарын адам Құранға ғашық болып, оның сөздерінің мағыналарын түсініп, Құранмен қарым-қатынастарын сақтай алған кезде пайдалануға болады. Аятолла Хаменеи Құранның тағылымдары мен түсініктеріне жету саласында қасиетті кітапты көркем түрде оқуды бірінші қадам деп санайды. Діни жетекші Құранды әртүрлі бөлмелері, залдары және әртүрлі басқа да бөлімдері бар үлкен ғимаратқа теңейді. Бұл үлкен ғимараттың кіретін есігі мен кіреберісі бар. Аятолла Хаменеидің пікірінше, егер кіреберісі әдемі болса, ол адамдарды бұл ғимаратқа кіруге жігерленеді. Ал егер оның үстіне Құранның аяттары әдемі жазылса, адамдарды қызықтырып, жүректерді Құранға қарай бұрады. Хазірет Құранды оқу туралы: «Құран оқу үлкен артықшылық және сауап, сонымен қатар қасиетті кітаптың біліміне жеткізетін құрал. Құран – үлкен мұхит. Алға ілгерілеген сайын Құранға ғашықтықтарыңыз артып, жүректеріңіз жарығырақ бола бастайды»,-деген. Аятолла Хаменеи Құран тек дұрыс оқылып қана қоймауы керек, сондай-ақ, Жебірейілдің тілімен оқылғандай әсер етуі де қажет деп санайды. Ислам революциясының жетекшісі қарилер мен Құран оқитын басқа адамдарға: «Құран оқушылардың мақсаты илаһи кітаптың сөздері арқылы тыңдарманның жүрегіне әсер етуі керек, яғни, жүректерімізге қозғау салуы қажет. Мақсат – оқып жатқан адамды мадақтау емес, жүректерге қозғау салуда»,- деп қуаттаған. Құран оқыған кезде қаридің абай болатын мәселелері де кездеседі. Құран басқаға өзі мен әдемі дауысын көрсету үшін емес, дұрыс ниетпен оқылуы керек. Одан да маңызды мәселе – тыңдарманның жүрегіне әсер етіп, оны Жаратушыға жақындату саналады. Аятолла Хаменеи Құранды оқыған кездегі мәселелердің бірін Құранның мағынасына назар аудармау деп атап: «Қарилеріміз оқыған кезде олар өздерінің міндетін дұрыс және мақамдап оқу деп санайды. Мәселе осы жерде: қарилер Құранды тыңдарманның жүрегіне еніп, әсер ететіндей оқуы керек. Құран аяттарының мағынасы тыңдарманның жүрегіне қонатындай оқу қажет. Жағымды дауыстарыңды аяттардың мазмұндарымен сәйкестендіріп, дауысты мағынаны жеткізуге көмек ретінде пайдаланған жөн»,- деді. Аятолла Хаменеи Құранның құнды тағылымдары туралы: «Көптеген рауаяттар Құранның сыртқы және ішкі мағынаға, оның сыр-құпияларға және тереңділікке ие екенін растайды. Мәселен, теңіздің беті су болғанымен, ол терең. Оның тереңдігінде түрлі байлық бар. Алайда біз оның осы сыртқы көрінісінен пайдалана аламыз. Ол үшін қандай шарттар бар?»- деген. Әрине Құранда көптеген тағылым бар. Біз қарапайым халық, егер оның сөздеріне назар аударсақ, оны пайдалана аламыз. Құран аяттарында шексіз білім бар. Соларды өмір сүру мен құлшылық етудің сабағы ретінде пайдалану қажет. Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша Құранды тыңдарманға әсер ететіндей оқу үшін оның сөздерінің мағынасын түсіну қажет. Діни жетекшінің пікірінше, қари аяттың мағынасын түсініп, аудармасын білетін болса, сол мағынаға қарай оқу әдісін өзгертіп, тыңдарманның жүрегін аятты түсінуге жігерлендіреді. Хазірет қарилерге: «Сіздер оқып жатқан аяттарыңыздың мағынасын түсінуге талпыныңыздар, яғни арабтанушы түсінетіндей аяттың сыртқы мағынасын дұрыс түсініңіздер. Түсінген нәрсені тыңдарманға оқып, түсіндіруге тырысыңыздар. Адам сол кезде ойланады»,- деп қуаттады. Құранның нұрлы аяттарын оқу арқылы аяттар мен Құрандағы хикаяларды түсінуге қадам жасалады. Ақыл-кеңеске толы Құран аяттары адамды Аллаға жақындатуға асығады. Иран Ислам революциясының жетекшісі Құран оқу тәсілін екі түрге бөледі. Оның бірінші түрі туралы: «Құранды ойланып, түсініп және пайдалану үшін оқыңдар. Құран оқудың бірінші тәсілі – адам оның сыртқы көрінісін соңына дейін оқиды. Мұның ешқандай әсері жоқ деп айтуға болмайды» деді. Бірақ аятолла Хаменеи Алланың сөздерін басқа тәсілмен оқуды насихаттап, ол туралы: «Құранды оқыған кезде адам ерікті тыңдарман ретінде Алланың сөзін тыңдайды. Жаратушы сендермен сұхбаттасады. Ұлы тұлғадан сіздерге хат жеткенде оны оқисыздар. Не үшін оқисыздар? Сіздерге не жазылғанын білу үшін оқисыздар. Құранды да оқыңдар. Бұл (Құран) – Алланың сіздерге жазған хаты. Алланың сөзін ең таза жүректер Құран арқылы сіздерге жеткізеді. Біз оны пайдалануымыз керек. Осыған орай рауаяттардың бірінде: «Сүрені оқыған кезде мақсатыңыз соңына жету болмасын. Оны түсінуді көздеңіз. Сүренің ортасына, жүздің ортасына жетпесеңіздер, жетпей-ақ қойыңыздар, бірақ ойланып оқыңыздар. Құранға ғашық болған адам Құраннан жүрегін бөліп ала алмайды. Егер біз де Құранға ғашық болсақ, одан алыстай алмаймыз»,- деп айтылған» деді.