Нау 21, 2016 12:09 Asia/Almaty

Дүниеде адам әрқашан қиындықтармен кезігеді. Адам қиындықтарға сабыр танытып, шыдамдылық білдірмесе нәтижеге жетпейді.

Шын мәнінде жеңістердің  негізгі кілті сабыр сақтау және дін саналады. Дін  тыйым салу және тыйым салмаудың, бағыну және бағынбаудың топтамасы болғандықтан сабыр мен шыдамдылықсыз нәтижеге жетпейді. Сол себепті имам Әли (ғ.с.) сабыр мен жеңісті қатар қойып: «Сабыр жеңіске тең»,- деп айтқан. Құран аяттарында да Алла жолындағы күрескерлердің жеңісінің маңызды шарты сабыр мен қарсыласу деп қуатталған. «Инфал» сүресінің 65-ші аятында: «...Егер сендерден сабырлы жиырма кісі болса, екі жүзді жеңеді. Ал егер сендерден жүз кісі болса, кәпірлерден мыңды жеңеді. Өйткені, олар түсінбейтін халық»,- деп айтылған. Сабыр мен қарсыласу бір адамға  он адаммен, ал жүз адамға мың адаммен қарсыласатындай күш береді. Жігерлері осал, сабыры мен табандылығы аз адамдар  оқиғалар майданынан тез қашады немесе қарсыласпай бағынады. Сабыр мен қарсыласусыз адам не бұ дүниеде, не ақыретте нәтижеге жетпейді.  Сол себепті әлемде әрқашан қарсыласқан елдер  дамып, алға озды. Имам Әли (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Сабыр мен шыдамдылық танытқан адам жеңіс майданына қарай қадам басады»,- деп айтылған. Мұнымен қатар сабырсыз, күресуді білмейтін адамдар жылдам күнәға батады. Өйткені күнә адамның нәпсісіне әсер етеді, егер адам онымен шынайы қарсыласпаса күнәға шырмалады. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Бір сағат сабыр мен шыдамдылық ұзақ уақытқа созылған қуаныштарға себеп болған көптеген оқиғаларды еске алуға болады. Сондай-ақ, бір сағаттық қысқа ләззаттардың ұзаққа созылған уайым-қайғыға себеп болғаны да аз емес («Бихар әл-Анвар», 68-ші том). Қиындықтармен бетпе-бет келген кезде сабыр сақтау адамның дамуы мен кемелдікке жетуіне себеп болады. Исламның ұлық пайғамбарының рауаяттарының бірінде: «Құдайдың жанында адам ешқандай іспен оған жете алмайтын, тек Құдай оның тәніне ауырлық жіберу арқылы ғана жете алатын бір дәреже бар»,- деп айтылған. Алла Тағала сабыр сақтаған адамның дұғасын қабылдап, оның қиындықтарын шешуге көмектеседі. Алла елшісінің келесі рауаятында: «Қиындықпен кезіккен әр мүмін «біз Алладанбыз және Оған қарай ораламыз; Алла бізге бұл қиындық арқылы сый   жіберіп, келешекте жақсырақ сый дайындайды»,- деп айтылған. Сонымен бірге сабыр өлімнен кейін өте жақсы түрде көрінеді. Имам Садық (ғ.с.): «Мүмін қабіріне түскен кезде намаз оң жағында, зекет сол жағында орналасып, жақсылықтары алдыңғы жағынан келеді. Сабыр алысырақ тұрады. Адамға сұрақ қоюға міндеттелген екі періште  қабірге түскен кезде сабыр, намаз, зекет пен жақсылыққа: «Өз достарыңмен бірге барыңдар, егер бұл істі жасай алмасаңдар, мен бірге барамын деп» айтады деген болатын. Құран Кәрімде сабыр сақтаушылар үшін өте жоғары дәреже қарастырылған. «Бақаре» сүресінің 156-157-ші аяттарында: «Қашан оларға бip қайғы жетсе: “Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз” деді. Miнe соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мәрқамет бар. Әpi олар тура жолдағылар»,- деп айтылған. «Зүмәр» сүресінің 10-шы аятынан: «Шын мәнінде сабыр етушілердің сыйлықтары есепсіз орындалады»,- деп оқимыз. Имам Садық (ғ.с.): «Қиямет күні халықтың бір тобы көтеріліп, жәннәттің алдына келіп, оның есігін қағады. Оларға: «Сендер кімсіңдер? Олар: «Біз сабыр сақтағандармыз»,- дейді. Олардан: «Не нәрсеге сабыр сақтадыңдар?»- сұрағанда: «Қиындықтардың алдында сабыр сақтап, қиындықтарға қатысты шыдамдылық таныттық»,- деп жауап береді. Сонда Жаратушы: «Рас айтады, оларды жәннәтқа кіргізіңдер»,- дейді»,- деген болатын. Содан соң имам Садық (ғ.с.): «Бұл Алланың «әрине сабыр сақтаушылар  өз  сыйларын алады» деген уәдесін орындауы»,- деп нақтылайды. Сондықтан күнә мен қиындықтардың алдында сабыр сақтау адамдардың  ақыретінің есебін жүргізуін жеңілдетеді. Қасиетті хадистердің бірінде: «Егер адамның жаны  мен мүлкі  және баласына пенделер шығын мен нұқсан келтірген кезде ол сабыр сақтаған болса, ол үшін есеп кітабын ашуға ұяламын»,- деп айтылған. Сабыр сақтау адамды жәннәтқа жеткізеді. Алла елшісінің рауаяттарының бірінде: «Жәннәттың жолы сабырға толы. Алланың жолындағы қиындықтардың алдында сабыр сақтап, өз нәпсісімен қарсыласушы жәннәтқа кіреді. Тозақтың жолы шаһуат пен ләззатқа толы. Нәпсісінің қалауы мен шаһуатына бағынған адам ақыретінде тозақ отына түседі»,- деп айтылған.