Аптаның экономикалық журналы (111)
Иранның 12-ші үкіметі елдің экономикалық мәслелерін басты бағдар ретінде қуаттап, Ислам кеңесі мәжілісінен сенім дауысын алды.
Халықтың өкілдері бір аптаға созылған пікірталастардан кейін Энергетика министрінен басқа ұсынылған барлық министрлерге сенім дауысын берді. ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Мәжілістің ашық отырысында өз үкіметінің 17 министріне қарсы және жақтас барлық өкілдерге алғыс білдіріп: «Үкімет пен Мәжіліс Иранның ұлы халқының талаптарының ауыр жүгін арқалап келеді» деді.
Үкіметтің басты бағдарларының арасынан экономикалық мәселелер мен халықтың әл-ауқаттылығы ерекше басымдылыққа ие.
Ислам революциясының жетекші хазірет аятолла Хаменеи тарапынан қарсыласу экономикасының жалпы саясаттары жарияланғаннан кейін бұл мәселе 11-ші үкіметтің саясаттарының төрінен орын алып, он екінші кабинет те осы мәселені қуаттай отырып, құрылды. Өткен бірнеше жыл мен ағымдағы жылдың басында да Ислам революциясының жетекшісі қарсыласу экономикасының мақсаттарына жету үшін қажет стратегияларды айқындады.
Революцияның жетекшісі осы мәселенің маңыздылығын қуаттап, хижри шамси жыл санағы бойынша 1396 жылды «Қарсыласу экономикасы: өндіріс және жұмыспен қамту» жылы деп атаған болатын. Биыл қарсыласу экономикасының ең басты мақсаты өндіріс және жұмыспен қамту мәселелеріне бағытталды.
Революция жетекшісі бұл жайында былай деді: «Елдің экономикалық мәселелерін, әсіресе, ішкі мәселелерді шешуге бар күшімізді салуымыз керек. Бір халықтың ішкі күш-құдіретінің көмегімен қол жеткізілген жетістік қана құнды болады. Бір халық егер өзінің күш-құдіреті мен қабілеттіліктеріне сүйенетін болса, басқа елдің қысымдары мен қоқан-лоққыларынан именбейді. Біз осыны шешуіміз керек».
Үкіметтің ауыр міндет атқарып отырғаны сөзсіз. Бұл сенім дауысы үкімет үшін мықты демеу болып, қазіргі сезімтал жағдайда санкциялар мен қысымдар аясында қарсыласу экономикасының мүмкіндіктерін нығайтуына көмектесе алады. Мәжілісте келтірілген есептер үкімет қайраткерлерінің мықты да, осал да тұстарының бар екенін көрсетті. Бұл есептер жасалған жұмыстар мен халық және жетекшінің талап-тілектерінің арасында әлі де үлкен қашықтықтың бар екенін байқатады.
Иранның мұнай-химия өнімдерінің өткен төрт айдағы экспортының мөлшері 7 миллион 188 мың тоннаға, құны 3 миллиард 496 мың долларға жетті.
Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, Иранның мұнай-химия өнімдерінің өткен жылғы ұқсас уақыттағы экспорты 6 миллион 847 тоннаны, құны 3 миллиард 28 миллион долларды құрады. Иранның мұнай-химия өнімдерін өндіру мүмкіндігі 2018 жылдың наурыз айының соңына дейін алты жаңа жоба іске қосылғаннан кейін мөлшері 72 миллион тоннаға, осы өнімдердің саудасынан түсетін таза табыстың құны 17 миллиард долларға жететін болады. Қазіргі кезде Иранның мұнай-химия өнеркәсібіндегі өндіріс мүмкіндігі жылына 62 миллион тоннаға жетті.
Қазіргі кезде әртүрлі шетелдік компаниялар, соның ішінде, франциялық Total компаниясы Иранның мұнай-химия өнеркәсібіне инвестиция салуды, сондай-ақ, инвестицияны техникалық және қаржылық тұрғыдан бағалауды көздеп отыр. Франциялық Total мұнай компаниясы Ассалуйе мұнай-химия жобасына шамамен 2 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуды мақсат етуде. Францияның халықаралық Total консорциумы ағымдағы жылдың шілде айының үші күні Теһранда Иранның Ұлттық мұнай компаниясымен Оңтүстік Парс газ алаңын кеңейту мақсатында құны 4 миллиард 800 миллион долларды құрайтын келісімге қол қойды.
Францияық Total компаниясының бас директоры Патрик Пуянне бұл жайында: «Иранның Оңтүстік Парс газ алаңының 11 фазасын кеңейтуге атсалысу тартымды сауда кеңістігінің құрылуына себеп болды» деді.
Total компаниясының Ирандағы өкілі Эрик Коне біраз бұрын ШАНА агенттігіне берген сұхбатында Ирандағы мұнай мен газдың бай қоры мен іскер әрі білікті мамандарына тоқталып: «Иран мұнай мен газдың өңдеуші саласын кеңейту үшін көптеген жақсы мүмкіндіктергеие. Иранның аймақ пен әлемде мұнай-химия өнімдерін өндіруші ең басты елге айнала алатын мүмкіндігі бар» деді.
Шілде айында Теһранда ұлыбританиялық команиялардың қатысуымен Иранның мұнай, газ және мұнай-химия салаларына шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде отырыс өткен болатын.
Отырыс Лондонда жыл сайын халықаралық инвестиция жөнінде отырыстарды ұйымдастыратын Exchange Frontier компаниясы мен халықаралық Adam Smith кеңес беру компаниясының, сондай-ақ, ирандық экономикалық белсенділердің қатысуымен өтті.
ИИР 2017 жылы ірі мұнай компанияларымен, соның ішінде, Ресейдің Lukoil компаниясымен, Данияның Maersk және Индонезияның Petromina компанияларымен келісім жасауды көздеп отыр.
Иран өткен 18 айда еуропалық және батыс азиялық елдермен 10 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар туралы меморандумдарға қол қойды. Меморандумдардың басым бөлігі Германия, Ұлыбритания, Франция және Қытай елдерімен жасалды.
Иранның еркін сауда аймақтары істерін үйлестіру кеңесінің хатшысы Акбар Торканның тамыз айының он сегізі күнгі Ереванға сапарынан кейін Иран мен Арменияның еркін сауда аймақтары мен арнайы экономикалық аймақтары арасында ынтымақтастықты кеңейту жолында жаңа қадам жасалды.
Сол сапар барысында Акбар Торкан мен Арменияның Экономикалық даму және инвестиция министрі Сурен Караян екі елдің еркін сауда аймақтары, әсіресе, Ирандағы Арас еркін сауда аймағы мен Армениядағы Мегри аймағы арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейту жөніндегі меморандумға қол қойды.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін екіжақты сауда-экономикалық байланыстар мен қарым-қатынастар алаңында жаңа мүмкіндіктердің туындауымен қатар, Мегри аймағына газ жөнелту, Иран арқылы энергия экспорты және өнеркәсіп бөлімінде ортақ зауыттар салып, ортақ инвестициялар салу үшін жағдай туындады.
Иран мен Армения екіжақты және жан-жақты қарым-қатынастарды кеңейтуге мүдделі. Осы тұрғыдан аталмыш меморандумға қол қойылу ерекше маңыздылыққа ие. Армения премьер-министрінің орынбасары Ваче Габрилиан мен Иранның Өнеркәсіп, сауда және тау-кен министрінің орынбасары Моджтаба Хосроутадждың қатысуымен Ереван қаласында шілде айында өткен Иран, Еуразия мен Арменияның бизнес форумында түрлі ынтымақтастықтар шеңбері, сондай-ақ, Теһран мен Еуразиялық одақтың пұрсатты келісімшарты қарастырылды. Екі тарап арасындағы жеңілдетілген тарифтерді қарастыру келіссөздерінің алтыншы кезеңінің аясында өткен отырыста Армения премьер-министрінің орынбасары Ваче Габрилиан Еуразиялық экономикалық одақтың Иранмен жасаған келісімінің жарамдылық мерзімін үш жыл деп атап, оның екіжақтың мүмкіндіктерін таныстыруға септігін тигізетінін айтып: «Қалыптасқан ынтымақтастық еш алаңдаушылық тудырмауымен қатар, болашақта байланыстар деңгейін неғұрлым жоғарылату үшін мүмкіндік тудыратын болады» деді. Ол сонымен қатар Еуразиялық одақ пен ИИР-ның экономикалық әріптестіктер алаңындағы мүмкіндіктері мен әлеуеттеріне тоқталып, екі тараптың сауда байланыстарын арттыруға бар күшін салу қажеттігін қуаттаумен қатар, келіссөздердің осы кезеңі өткеннен кейін жеңілдетілген тарифтер жөнінде келісім жасау үшін жағдайдың туындайтындығына үміт білдірді.
Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында жеңілдікті тариф жөніндегі келісім қорытындыланып, тауар алмасуды жеңілдету үшін мүмкіндік туындағаннан кейін жақын болашақта сауда қатынастарының мөлшері айтарлықтай артатын болады. Екі елдің басты мақсаты екіжақты және аймақтық мүмкіндіктерді неғұрлым тиімді пайдалану және ортақ инвестициялар үшін жаңа мүмкіндік тудыру болып табылады.
Армения – Иранмен шекаралас жатқан Еуразиялық экономикалық одақтың жалғыз мүшесі. Осы одақтың басқа мүшелері Ресей, Қазақстан, Беларусь пен Қырғызстан елдері еркін сауда аймағын құру үшін ауқымды жоспар құруда. Иранмен ауқымды сауда-экономикалық ынтымақтастықтар бағдарламасын жасаған Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы халық саны 180 миллион адамды құрайды.
Иран 2015 жылы Халықаралық энергетикалық хартияның құжаттарына қол қойғаннан кейін ресми түрде Халықаралық энергетикалық хартияның конференциясына бақылаушы мүше ретінде қабылданғаннан кейін ынтымақтастықтар кеңейіп, нығайтылып жатыр. Қазіргі кезде Орталық Азия аймағының газын Еуропа нарықтарына жөнелту үшін көптеген жобалар жасалуда. Бұл газды жөнелтудің ең тиімді, қауіпсіз әрі жақсы жолы Иран арқылы өтеді. Орталық Азиямен қатар, Парсы шығанағында да табиғи газдың бай қоры орналасқан. Сол газды тұтыну нарығына жеткізетін жол да Иранды басып өтеді.
Иран сонымен қатар аймақтағы жеті елмен, соның ішінде, Армениямен энергия алмасу және жөнелту желілерін құру бөлімінде айтарлықтай мүмкіндіктер мен тәжірибелерге ие. Арменияда тау-кен өндірісі, әсіресе, мыс өнеркәсібі бойынша жақсы мүмкіндіктер бар. Иран Арменияның мыс рудасын пайдалану арқылы бірлесіп, мыс өнімдерін шығаруды көздеп отыр. Бұл мүмкіндіктер Иран мен Арменияның ынтымақтастық салаларын неғұрлым тиімдірек пайдалана алуы үшін қолайлы жағдай тудырып отыр.