Там 28, 2017 12:55 Asia/Almaty

«Рұм» сүресінің 39-42 аяттарының тәпсірі

«Рұм» сүресінің 39 аяты:

«وَمَا آتَیْتُم مِّن رِّبًا لِّیَرْبُوَ فِی أَمْوَالِ النَّاسِ فَلَا یَرْبُو عِندَ اللَّـهِ وَمَا آتَیْتُم مِّن زَکَاةٍ تُرِیدُونَ وَجْهَ اللَّـهِ فَأُولَـئِکَ هُمُ الْمُضْعِفُونَ»

Сендердің адамдардың малына берген өсімдерің Алланың қасында өспейді. Алланың ризалығын тілеп берген зекеттерің өседі. Ал сонда, міне солар, артықша сауапқа бөленушілер.

Алдыңғы бағдарламаның соңғы аятында мұқтаждарға инфақ ету туралы айттық.

Алайда бұл аят Құдайға жасалатын инфақ пен Құдайдан өзгеге жасалатын инфақты салыстырып: «Сендердің басқаларға беретін инфақтарың басқа ниетті көздемей, Құдайдың ризалығы үшін берілсе, оның сыйын Құдай бірнеше есе арттырып береді. Бірақ, егер адамдарға жасайтын көмектерің Құдай жолында берілмей, біреудің байлығы артып, соның бір бөлігі сендерге де жетсе деген сынды басқа мақсатты көздесе, Құдай оған сауап жазбайды. Себебі, ол Құдайдың ризашылығы үшін болған жоқ» дейді.

Несие беретін адам қарызын қайтарған кезде борышкер оған артық береді деп үміттенсе, оның мақсаты өзінің байлығын арттыру болғандықтан, оған Құдайдан сый берілмейді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Қарыз төлегенде немесе инфақ жасағандағы маңызды мәселе мөлшер мен түрде емес, оны берушінің ниеті мен түрткісінде.

2. Іске мағына мен құндылық сыйлайтын нәрсе – оның илаһи түрткіге ие болуы. Мұндай түрткісіз жасалатын істердің құны жоқ.

3. Дүние – бір топ пайдаға жету үшін адамдармен мәміле жасайтын, келесі бір топ ақыретте сауапқа ие болу үшін Құдаймен мәміле жасайтын базар.

«Рұм» сүресінің 40 аяты:

«اللَّـهُ الَّذِی خَلَقَکُمْ ثُمَّ رَزَقَکُمْ ثُمَّ یُمِیتُکُمْ ثُمَّ یُحْیِیکُمْ  هَلْ مِن شُرَکَائِکُم مَّن یَفْعَلُ مِن ذَلِکُم مِّن شَیْءٍ  سُبْحَانَهُ وَتَعَالَى عَمَّا یُشْرِکُونَ»

Ол Алла сендерді жаратып, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді. Ал сендердің Аллаға қосқан ортақтарыңнан, осылардан бір нәрсе істейтін кім? Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк әрі жоғары (40).

Бұл аят Құдайдың жаратылыстағы теңдессіз рөліне сілтеме жасап: «Сендердің жаратылыстарың, тіршіліктегі ырзықтарың, өлімдерің мен қияметте қайта тірілулеріңнің барлығы бір Құдайдың қолында. Себебі, сендер кейбір заттарды немесе адамдарды неліктен Құдайға серік етіп қосасыңдар? Олар осындай істерде сендерге қатысты рөлге ие ме? Егер мүшіріктер сол кез бен қазіргі кезде осы сауалдар туралы ойланғанда, олардың жауаптары теріс болады. Себебі, олар табынатын нәрселерінің өздерінің өмірлері мен өлімдері және ырзықтарында ешқандай маңызы жоқ екендігін анық түсінеді» дейді. Олар тек өз ата-бабаларының жолына еріп, осындай жөнсіз нәрселерге табынып, оларды қасиетті санайды.    

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Өткен кез бен осы шақ, болашақ және біздің ырзығымыз Құдайдың қолында. Сол себепті оның пендесі болып, басқаларды оған серік етіп қоспайық.

3. Табиғи құралдар мен заңдарды Құдайдың жаратылысы санайық. Алладан басқа күштердің ешқандай тәуелсіздіктері жоқ. Олар ең кішкентай мақұлықты да жарата алмайды.

«Рұм» сүресінің 41-42 аяттары:

 «ظَهَرَ الْفَسَادُ فِی الْبَرِّ وَالْبَحْرِ  بِمَا کَسَبَتْ أَیْدِی النَّاسِ لِیُذِیقَهُم بَعْضَ الَّذِی عَمِلُوا لَعَلَّهُمْ یَرْجِعُونَ»، «قُلْ سِیرُوا فِی الْأَرْضِ فَانظُرُوا کَیْفَ کَانَ عَاقِبَةُ الَّذِینَ مِن قَبْلُ کَانَ أَکْثَرُهُم مُّشْرِکِینَ»

Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын татыру үшін құрылықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін, олар бағыттарынан қайтар. (41) (Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзін кезіңдер де бұрынғылардың соңы не болды көріңдер" де. Олардың көбі Аллаға серік қосушы еді. (42)

Мүшіріктердің сенімдерінің бұрыстығы туралы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Адамдардың сенімдері мен әрекеттерінің, қоғамда бейбастақтық пен бұзақылықтың орын алуында тікелей байланыс бар. Барлық қиындықтардың негізгі тамыры Құдайға күпіршілік пен шеркте немесе Құдайды ұмытуда. Істерінде Құдайды назарға алмайтын адам күнә жасаудан қорықпай, өзі мен отбасын, қоғамды өзінің бұрыс істерінің салдарларына шырмайды.

Бір бөлігі осы дүние мен адамдардың өмірінде, келесі бір бөлігі ақыретте көрінетін салдардар күнәһарларды тозаққа кіріптар етеді».

Құран мұсылмандарға бұрынғы өткен қауымдардың тарихын зерттеу арқылы немесе бүгінгі кейбір адамдардың өмірлерін байқау арқылы қоғамдағы күнә мен бейбастақтықтың салдарларына көңіл аударуға кеңес береді. Құдай адамдар оянып, күнә жасауды доғаруы үшін олар жасаған кейбір істердің салдарларын осы дүниеде де татыратынын білуі керек.

Бүгінде әлемнің әртүрлі жерлерінде үлкен өркениеттердің ескерткіштері сақталған. Ол қауымдар бір кездері үлкен өркениет пен күш-қуат, байлық пен мал-мүлікке ие  болған. Бірақ, зұлымдық пен қатігездік, ысырапшылдық салдарынан уақыт өте келе жойылған. Бүгін олардың сарайларынан тек қирандылар қалған. 

Құран барлық күнәлар мен бейбастақтықтардың тамырын шерк деп атап, шеркті жойылу мен құрдымның себебі деп қуаттайды. Адамның бақыты мен шынайы тыныштығының мәйегі бір Құдайға сеніп, тек соған құлшылық етуінде.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Адамдардың жөнсіз жаман істері табиғат жүйесіне әсер етеді. Олар табиғи жаман құбылыстардың орын алуында рөлге ие. Қоршаған ортаның бұзылуы – адамдардың бүлдіргі істерінің салдары.

2. Құрлық болсын, теңіз болсын, қоршаған орта – адамның қолындағы Құдайдың аманаты. Шәксіз, әлемнің Пәруәрдігері осы аманатына ешқандай басқыншылық жасауға рұқсат берген жоқ.

3. Сапарға шығып, әлемді шарлау мақсатты болса, адамдар үшін ғибрат пен сабақ мәйегі. Ислам діні соған кеңес береді.

4.Егер бір қоғамдағы адамдардың көпшілігі бұрмалаушылық пен бейбастақтыққа ұрынса, қоғам Алланың қаһарына ұшырайды. Ол жерден көшу  керек.