Там 29, 2017 16:37 Asia/Almaty
  • Илаһи басшылар 7

Халық пайғамбардың нұсқауымен қажылық сапарды аяқтады. Исламның ұлық пайғамбары 10 жылдан кейін Мекке қаласына оралды. Осыған орай қажылық рәсімдері аяқталған соң біраз уақыт қалада болады деген болжамдар айтылды. Бірақ қажылық аяқталысымен хазірет азаншы Біләлға халыққа Меккеден шығу туралы жариялауды бұйырды.

Хиджри жыл санағы бойынша 10 жылдың зиқаеде айында исламның ұлық пайғамбары азаншыларға халыққа Алла елшісінің ағымдағы жылы қажылыққа баратынын жариялауды бұйырды. Зиқаеде айының 25 немесе 26 жұлдызында жүз мың адамнан жиналған үлкен керуен Исламның ұлық пайғамбарының басқаруымен Мединеден шығып, Шаджаре мешітінде үстеріне ихрам жамылып, ләббейк айтты.

Шаджара мешіті

 Қажылық сапарында Исламның ұлық пайғамбары әрбір мұрсатты халықпен сөйлесуге пайдаланып, оларға илаһи ахкамды баяндады. «Үлкен қажылық» деп аталатын Арапа күні сахабаларына құтпа айтты. Пайғамбар құтпасында  бірнеше маңызды мәселеге тоқталды: «Уа, халайық! Мені тыңдаңдар. Өйткені, бұдан кейін сендерді еш уақытта көрмеймін. Уа, халайық! Сендердің жандарың мен мүліктерің бір-біріңе харам. Дәл  бүгін және осы айдағы түн мен күн харам сияқты. Алланың алдына барған кезде сендердің істеріңе есеп-қисап жүргізіледі. Әрқашан қолдарыңа аманатқа берілгенді иесіне тапсырыңдар. Уа, халайық! Шайтан бұл жерден үмітсіз қалғанымен, одан абай болыңдар. Өз әйелдеріңнің құқықтарын ұмытпаңдар. Олар сендердің қолдарыңдағы илаһи аманат. Уа, халайық! Барлық мұсылмандар бір-біріне бауыр. Ешбір мұсылманның рұқсатсыз басқа мұсылманның мүлкіне құқығы жоқ»,- деді. Пайғамбар сол сапардағы үш маңызды сөзінде мұсылмандардың бірлігі мен бауырмалдығына тоқталды. Мұсылмандардың келешегі және ислам үмбетінің алдындағы қиындықтар пайғамбарды алаңдатады. Өйткені, хазірет мұнафықтардың қастықтарын көрді. Мұнафықтар Табук соғысы аяқталардан біраз уақыт бұрын оған қастандық жасамақ болды. Хазіретке қастандық жасау әрекеті залалсыздандырылғаннан кейін олар діни қозғалыстың басшысының қайтыс болуын күтіп жүрді. Басқа жақтан набават туралы уәж айтушылар Араб түбегінде қарсылық туын көтерді.

Халық пайғамбардың нұсқауымен қажылық сапарды аяқтады. Исламның ұлық пайғамбары 10 жылдан кейін Мекке қаласына оралды. Осыған орай қажылық рәсімдері аяқталған соң біраз уақыт қалада болады деген болжамдар айтылды. Бірақ қажылық аяқталысымен хазірет азаншы Біләлға халыққа Меккеден шығу туралы жариялауды бұйырды. Барлық адам пайғамбармен бірге қаладан шықты. Тіпті  жолдары солтүстікке қарай болған кейбір йемендік қажылар да пайғамбардан бөлінбеді. Ғадир Хом мекені орналасқан Куро әл-Ғамим аймағына жеткен кезде пайғамбар: «Уа, халайық! Менің Алланың хабарын жеткізушісі екеніме куәлік етіңдер»,- деді. Бұл сөздер хазіреттің маңызды жолдауды жеткізгісі келетінін білдірді. Алла Тағала «Мәиде» сүресінің 67-ші аятында пайғамбарға: «Әй, Пайғамбар! Раббың тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны істемесең, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың. Алла сені адамдардан қорғайды»,- деген хабарды жеткізді.

Бұл аяттың жіберілуімен пайғамбар Алланың көмегімен өзінің орынбасарын таныстырып, илаһи міндетін іске асырды. Біраздан кейін Ғадир Хом мекенінде: «Барша тоқтасын. Алға кеткендерді қайтарыңдар»,- деген бұйрық естілді. Барлық адам  Ғадир аймағында тоқтады. Күннің ыстығының қатты болғаны сондай халық пен хазіреттің өзі киімдерінің етегін бастарына жауып, қолда бар нәрселерінен көлеңке жасамақ болды. Пайғамбардың сахабалары көлеңкенің астына тастар және аттары мен түйелерініңның тоқымдарынан  хазірет үшін орын жасап, оның бетін матамен жапты. Пайғамбар сол мінберге  орналасты. Хазірет Әли (ғ.с.) Алла елшісінен  төменірек тұрды. Исламның ұлық пайғамбары кіріспе сөзін бастап: «Құран мен оның тәпсірі бұл туралы айтпайды. Сондықтан, мен оның қолын алып, жоғары көтеремін»,- деп, имам Әли (ғ.с.)-ның қолын көтеріп: «Мені басшысы санайтын әрбір адам үшін Әли де оның басшысы»,- деді.

«Мені басшысы санайтын әрбір адам үшін Әли де оның басшысы»

Жамағат ерекше көңіл-күйге бөленді. Әр адам өз пікірін айтып, имам Әли (ғ.с.)-ның жақсы қасиеттерінің бірін мадақтады. Пайғамбар сөзін аяқтаған соң халық Әли (ғ.с.)-ға қарай жақындап, ол хазіретті құттықтады. Алланың елшісі: «Бізді жаратылыстардан жоғары еткен Аллаға рақыметімізді айтамыз»,- деді. Жеңістер мен сәтсіздіктерде жүзі өзгермейтін пайғамбар Ғадир мейрамы күні сондай қуанышты болып, күлімсіреп: «Мені құттықтаңдар, өйткені Алла Тағала мені пайғамбарлыққа, әулетімді имаматқа сайлады»,- деп қуаттады.

 Исламның ұлық пайғамбары Мединеге оралды. Зилхадже айының қалған күндері мен муххарам мен сафар айларын Мединеде өткізді. Хазіреттің науқастығының белгілері аса байқалмады. Науқас күндерінің бірінде жағдайының нашарлығына қарамастан, мешітке келіп, халыққа пайғамбарлық мідетке сайланғанын растап, адамдардан олардың құқықтарын бұзған болса алға шығып, қасаст талап етуді сұрады. Бір ер адам жақындап: «Түйені қамшымен ұрмақ болған кезде қамшы маған тиіп кеткен болатын»,- деді. Хазірет қатты өкініп, адам құқығының маңыздылығын қуаттап, халықтың ризалығына ие болу үшін көйлегін көтеріп, ер адамның қасас жасауына дайындалды. Ер адам жақындап, қасастың орнына Алла елшісінің денесін сүйді.

 Қайғылы күн келді. Исламның ұлық пайғамбары науқастығының салдарынан төсек тартып жатып, кейбір кезде көзін жұмып, есінен танып жатты. Есін жинаған сайын соңғы мәселелерді еске салды. Имам Әли (ғ.с.) хазіреттің қасында болды. Имам Хасан мен имам Хусейн көздері жасқа толып, орындарынан тұрып, Алла елшісіне жақындап, хазіретті құшақтады. Әли (ғ.с.) оларды пайғамбардан ажыратқысы келді. Пайғамбар есін жиып, көзін ашып: «Әлижан, оларды иіскеуге және оларға мені иіскеуге рұқсат ет. Олардан қуат алайын. Олар да менен қуат алсын»,- деді. Бірте-бірте пайғамбардың халі нашарлап, хиджри жыл санағы бойынша 11 жылдың сафар айының 28 жұлдызында адамзаттың жарқыраған шырағы, үмбеттің адал тұлғасы дүниеден озды.

 Алла елшісі дүниеден озған кезде хазірет Әли (ғ.с.): «Алла елшісінің дүниеден озғанының қайғысының мен үшін ауыр болғаны сондай, тіпті тауларға артса олардың бұл ауыртпалықтарға төзе алатындығына күмандандым»,- деген болатын. Әли (ғ.с.) қайғыға батқан жүрегі және жсқа толы көзімен хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның ғұсылын орындады. Содан соң бетіндегі матаны көтеріп: «Ата-анам құрбаның болсын. Пәк өмір сүріп, пәк дүниеден оздың. Сенің өліміңмен набават пен пайғамбарлықтың тамыры оталды. Басқа пайғамбарлардың өлімімен ондайболмаған еді. Өте жоғары деңгейге жетіп, Алланың сәлемі мен салауатына ие болдың. Барлық адамдар сен үшін бірдей болды. Ата-анам құрбаның болсын. Жаратушының алдында бізді еске алып,  бізге көңіл бөл»,- деді.

Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағеде»: «Алла елшісі басы менің кеудемде жатқан күйде жан тапсырып, дүниеден озды. Мен пайғамбар жатқан қолыммен бетімді сүртіп, хазіретке ғұсыл құйындыруға уәде еттім. Періштелер маған көмектесті. Үйдің іші мен қабырғалары жылағандай болды. Бір топ періште келді. Хазіретті жерлегенше олардың дұғалары тоқтамады..», - деген. Хазірет Әли (ғ.с.) жасқа толы көзімен Алла елшісінің пәк мәйітін жерлеп: «Сабыр сақтау жақсы, бірақ саған қатысты емес. Сабырсыздық – жағымсыз қылық, бірақ саған қатысты емес. Өзіңнен ажырауға байланысты жүрекке қонған қайғы өте зор»,- деді.

Исламның ұлық пайғамбары Хақтың шақыруына ләббейк айтты. Хазіреттің жиһадының аясында Ислам діні адамзат қоғамы тарихында маңызды орынға ие болып, адамзат көптеген жетістіктерге жетті. Исламның ұлық пайғамбарының ұлы қозғалысы өмірге қажет жаңбыр сынды надандық жайлаған қоғамға жауып, ахлақ, адамгершілік және бауырмалдықты қалыптастырды. Ол адамзаттың ішкі және терең революциясына себеп болып, адамзатты өз істері туралы ойланып, тайпалық пікірлер мен ырымшылдықтан шығарып, шындық пен жақсылыққа қарай нұсқады. Қасиетті пайғамбар әрбір ғасыр мен уақыттың талаптарына жауап беретін әлемдік мұра қалдырды.