Қыр 01, 2017 10:31 Asia/Almaty
  • Діни жетекшілер 8

Исламның ұлық пайғамбары жарқыраған жұлдыз сынды адамгершілік аспанынан көрініп, жоғары ахлақи құндылықтар мен кемелдік пен адамгершіліктің негіздерін таратты. Бір адамның болмысындағы жан-жақты артықшылықтары мен кемелдіктері хазіреттің айбын мен ғажайыпқа толы өмірінде қалыптасып, мәңгі жарқыраған жалын сынды адамдарға дұрыс жолды көрсетті.

Исламның ұлық пайғамбарының жолы мен сүннеті әрқашан мұсылман зерттеушілер үшін маңызды болып, солар туралы көптеген пікірталас жүргізілді. Осы уақытқа дейін жазылған көптеген ғылыми еңбектер бұл мәселенің мұсылман ойшылдар үшін маңызды екенін көрсетті. Олардың жазушылары Алла елшісінің өміріне қатысты барлық мәліметтерді тіркеп, қоғамдық бағдарламалары мен билік жүргізу тәсілдерін баяндап, хазіреттің әлемді өзгерту және исламдық өркениет құру туралы рөліне тоқталды. Исламның ұлық пайғамбары жарқыраған жұлдыз сынды адамгершілік аспанынан көрініп, жоғары ахлақи құндылықтар мен кемелдік пен адамгершіліктің негіздерін таратты. Бір адамның болмысындағы жан-жақты артықшылықтары мен кемелдіктері хазіреттің айбын мен ғажайыпқа толы өмірінде қалыптасып, мәңгі жарқыраған жалын сынды адамдарға дұрыс жолды көрсетті.

Исламның алға ілгерілеуіне себеп болған маңызды факторлардың бірі Алла елшісінің мінез-құлқы мен адамдармен орнатқан жүрекке жағымды қарым-қатынасы екенін барша мойындайды. Зерттеушілер хазіреттің мейірімділігі мен жұмсақ мінезін исламның адамдардың жүректеріне әсер етуінің ең маңызды себептерінің бірі санайды.

Құран Кәрім Алла елшісінің жаңа дінді таратып, сол дінге адамдарды тарту рөлі туралы: «(Мұхаммад с.ғ.с.) оларға Алланың мейірімі бойынша жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл...»,- дейді. («Әли Имран» сүресі, 159-шы аят).

Ахлақи және адамгершілік жоғары құндылықтарға ие  Исламның ұлық пайғамбары ахлақи құндылықтарға ерекше көңіл бөліп, оларды сол кездегі кішкентай исламдық қоғамда қалыптастырды. Хазірет өмірінде  орын алған әртүрлі оқиғаларға мейірім танытып, жылы сөзбен жауап беретін. Рауаяттардың бірінде былай айтылған: «Хиджраттың тоғызыншы жылы ислам әскері қаһармандарының шабуылынан бүлікші тайпа жеңілген кезде оның танымал адамдарының бірі Удай бен Хатам Шамға қашып, оның қарындасы Сафане ислам әскерінің тұтқынына түсті. Сафанені басқа тұтқындармен бірге Мединеге әкеліп, мешітке жақын жердегі бір үйде орналастырады. Бір күні Алла елшісі тұтқындарды аралайды. Сафане мұны пайдаланып: «Уа, Мұхаммад! Әкем (Хатам) өлді, қамқоршым (Удай)  қашып кетті. Егер дұрыс деп білсең, мені босат. Сөйтіп, араб тайпаларының мені жамандауын тоқтат. Әкем Хатам құлдарды азат етіп, көршілерді қорғап, халыққа азық-түлік жеткізіп, сәлемдесіп, қиын р кезде халыққа көмектесті»,- деді. Ахлақи құндылықтарды құрметтеген Алла елшісі Сафанеге: «Уа, бойжеткен! Сен атаған сипаттар адал мүміндердің ерекшеліктеріне жатады. Егер әкең мұсылман болғанда, біз оған мейірімділік танытып, рақым білдіретін едік»,- деп, сол жерде жауапты адамына: «Мыңа бойжеткенді әкесінің ахлақи құндылықтарының құрметіне орай босатыңдар»,- деп бұйырды. Содан соң пайғамбар оған жаңа киім кигізіп, Шамға жететін жолының қаржысын беріп, сенімді адамдарымен ағасының қасына Шамға аттандырды. Удай бен Хатам қарындасы құрметпен оралғаннан кейін пайғамбарға барып, хазіреттің рақымы мен мейірімділігін көріп, мұсылмандардың қатарына қосылды.

Исламның ұлық пайғамбарының пікірінше ахлақ заман және мекенге қатысты емес, ол  әртүрлі жағдайларда басқаларға мейірімділік білдіретін капитал. Хазірет шындықты айту мен аманатқа берік болуды өмірдің дәйектілігі санап: «Бұл екеуі барлық пайғамбарлардың тағылымдарында қуатталған. Қоғамда адамгершілік негіздердің таралуымен жағымсыз сипаттар азаяды»,- деді. Хазірет сол кездегі қоғамда қалыптасқан менменшілдік, ақсүйектік және артықшылық сезімдерді жойды. Ауқаттылық пен ақсүйектік – қоғамға зиян келтіретін факторлар. Олар жеке адам немесе қоғамның бір бөлігінде пайда болса, қатерлі вирус сынды өте жылдам басқа таптарға таралып, адамзат қоғамының саулығын қатерге тірейді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) қоғамның басшылығын міндетіне алған адам ретінде сондай пікірлермен күресіп, олардың орнына қарапайымдылық пен тыныштықты орнатты. Ол: «Ислам байлыққа қарсы емес. Бұл дін адамдардың қаржы мүмкіндіктері, жұмысы мен басқа да экономикалық белсенділіктеріне ерекше назар аударып, әлсіздік пен жалқаулықты, кедейшілікті қабылдамайды»,- деді. Жақсы әрі қарапайым мінез-құлыққа ие  болған хазіреттің қоғамның басқа адамдарынан айырмашылығы болмады. Сондықтан хазіретті танымайтын адам: «Сендердің араларыңдағы қайсың Мұхаммад?»- деп сұрайтын.  

Хазірет Әли (ғ.с.) көркем сөздерінің бірінде Алла елшісін жанашырлығы және мейірімділігімен науқастардың қасына өзі баратын әрі адамдардың рухы мен психикасын емдейтін емші деп атап: «Пайғамбар әрқашан адамдардың арасына барып, дәрі-дәрмегін қара жүректер мен естімейтін құлақтарға, шындықты түсінбейтін тілдер мен немқұрайдылық білдіріп, емге көнбейтін науқастар үшін дайындады»,- деді.  («Наһдж ул-Балағе»,108-ші хат).

Ислам революциясының жетекшісі Алла елшісінің халықпен қарым-қатынас орнатуы туралы: «Хазіреттің халықпен қарым-қатынас орнату тәсілі ерекше назар аударатын мәселе. Исламның ұлық пайғамбары халыққа мейірімі мен махаббатын білдіріп, олардың мәселесін шешіп, әділет орнатуды ешқашан ұмытпады. Ол халық сынды өмір сүріп, солармен бірге отырып-тұрып, құлдар және қоғамның төмен таптарымен достық қарым-қатынас орнатты. Олармен бірге тамақтанып, бірге отырып, махаббат пен ымырашылдық білдіретін. Билік пен ұлттық байлық хазіретті өзгертпеді. Оның қиындықпен кезіккен және қиындық шешілген кездегі мінезі өзгермеді. Ол кез келген жағдайда халықпен және халықтың арасында болып, әділет орнатпақ болды. Ол халықтың арасында билік, есеп-қисап, жігерлендіру мен жазалауды іске асырды. Мединеде мұсылмандар жан-жақты қоршауға түсіп, сол қалаға азық-түлік жіберілмей, адамдар үш күн тамақсыз қалған кездегі Хандақ соғысында халықпен бірге дұшпанға қарсы тұрды. Күндердің бірінде хазірет жерде кедей адамдармен бірге тамақтанып жатқан кезде өтіп бара жатқан көшпенді әйел таңғалып: «Алла елшісі, сіз де құлдар сынды тамақтанасыз ба?»- деп сұрағанда Алланың елшісі күлімсіреп: «Менен артық қандай құл бар?»,- деп жауап берген.

 Алланың елшісі – адамзаттың сүйікті әрі рухани тұлғасы. Ол қоғамның идеологиялық және мәдени кемшіліктерін өзгертіп, адамдардың арасында бейбітшілік пен достық орнатып, оларды кек пен дұшпандықтан алыстатты. Алла Тағала Құран Кәрімде елшісін кешірімділік, ымыра және жақсылыққа шақырып, надандардан тартындырды. "Кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ білместерден бет бұр». («Ағраф» сүресі, 199-шы аят). Алла елшісі жүректерді бір-біріне жақындатумен бірге өзі баршаның жүрегінен орын тапты. «Ходайбие бейбітшілігі» оқиғасында құрайыштар тарапынан пайғамбармен сөйлесіп, мұсылмандарды қорқытуға келген Урват бен Масуд құрайыштарға: «Мен үлкен патшаларды көрдім, Иранның Касра, Римнің Цезарь патшалары мен  Эфиопияның сұлтанын көрдім. Бірақ, олардың ешбіреуінің халық арасындағы беделінің Мұхаммадтың беделі сияқты екенін байқамадым. Мен өз көзіммен сахабаларының оның вузу алған суының бір тамшысының жерге тамуына мұрсат бермегенін көрдім. Егер, Мұхаммадтың тіпті бір тал шашы жерге түссе, оны тәбәрүк үшін алады. Сондықтан құрайыш басшылары ойланып, қабылдауы керек»,- деп мәлімдеме жасады. (Джафар Субханидің  «Форуғ Абдиат» кітабының 2-ші томы, 189-шы бет).

Исламның ұлық пайғамбары исламдық қоғамның басшысы болып, өз билігін еш уақытта басқаларды кемсіту үшін, немесе өзін артық санап, жоғары көрсету үшін пайдаланбады. Ол мұсылмандарды жігерлендіру үшін олармен бірге «хандақ»-ор қазуға қатысты. Еш уақытта оған орын беру үшін басқаның орнынан тұруына рұқсат етпеді. Алайда, бұл қарапайымдылық еш уақытта хазіреттің рухани айбынын төмендеткен жоқ, керісінше ұлылығын арттыра түсті.