Илаһи жетекшілер 10
Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның талпыныстарының аясында Исламның пайда болуы адамзат тарихындағы маңызды оқиға саналады. Ислам діні қазіргі өркениеттің алға ілгерілеуіне себеп болды.
Илаһи діннің ең аз жетістігі ислам әлемінде оқу-жазу мен ғылымды таратуы, ғылымды басында Испания мен Италияға, Германия мен, Англияға және Еуропаның басқа да мемлекеттеріне, сондай-ақ кейін бүкіл әлемге жеткізуі болды. Басқаша айтқанда, ислам діні болмағанда Рим, Мысыр, және Иран сынды өркениеттер өркениеттің қазіргі деңгейіне жетпейтін еді.
Францияның танымал тарихшысы Гюстав Лебон «Ислам және араб өркениеті» атты кітабында: «Исламның саяси және әлеуметтік әсерлерінің маңызды әрі көп екендігіне күмән тумайды. Исламның туы көтерілген әр қалада өркениет те дами түсті»,- деп жазды.
Францияның математигі Пьер-Симон Лаплас: «Біздің илаһи діндерге иманымыз болмағанымен, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен оның тағылымдары – адамзат үшін екі әлеуметтік тағылым. Сондықтан, оның діні мен кемеңгер ахкамының құнды екенін, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның тағылымын қажет ететіндігімізді мойындаймыз»,- деген болатын.
Ислам діні соңғы әрі кемел дін ретінде Алла елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) арқылы адамзатты бақытқа қарай нұқсау үшін Алла тарапынан жіберілді. Бұл діннің келетіндігі мен оның пайғамбары туралы бұрынғы пайғамбарлар хабар берген болатын. Исламның ұлық пайғамбарының мұғжизасы Құран Кәрім: «Бұрынғы пайғамбарлар Исламның ұлық пайғамбарының келетіндігі туралы хабарлаған, тіпті кітап иелері ислам пайғамбарын күткен болатын. Әсіресе, хазірет Иса бен Мәриямның сөзіне сілтеме жасап, Ислам пайғамбарының келетіндігін және ол хазіреттің есімінің «Ахмад» болатынын нақыл етілген.
Исламның ең маңызды артықшылығы жүректерге әсер етіп, бірлік пен бауырмалдық келісіміне себеп болуында. Исламның мақсаты адамды бақытқа жеткізіп, адамзат қоғамында әділет пен азаттық орнату болып табылады. Ислам тез дамып, кең таралды. Алла елшісінің адамгершілік негіздерінің бірі ретінде хазіреттің азаттықты құрметтеуі жазушылар мен ойшылдардың көптеген кітаптары мен жазбаларында көрсетілді. Әл-Хасани өз еңбегінде: «Пайғамбар (с.ғ.с.) еш уақытта ешбір адамды өз дінінен кетуге мәжбүрлемеді» деген. Ғұлама шейх Мұхаммад Хосейн Кашеф әл-Ғата бұл туралы: «Пайғамбар (с.ғ.с.) уәдесін бұзған немесе хазіреттің таухидтік ой-пікірлерін таратумен қарсыласқан адамдармен соғысты. Негізінде бұл соғыстар исламды жеккөрумен байланысты болған жоқ»,- деп жазды.
Исламның ұлық пайғамбарының адамның ұлылығы туралы баршаның назарын аударатын ойлары хазіреттің адамның ұлылығына қатер тудыратын мәселелерді ескертуіне қатысты болды. Хазірет немқұрайдылық, шаһуат пен материалдық дүние қууды адамның ұлылығы негіздерінің қауіп-қатері санап: «Алланың алдында адамнан маңызды еш нәрсе жоқ»,- деген кезде хазіреттен: «Тіпті періштелерден де ме?»- деп сұрайды. Сонда пайғамбар: «Әрине, өйткені періштелер күн мен ай сынды мәжбүр, ал адам өз еркі бар етіп жаратылды»,- деп жауап берген.
Исламның тарихында мұсылмандардың қалаларды жеңіп алған кезде басқа діндердің жақтастарына да мұсылмандарға берілген азаттықтардың берілгені туралы айтылған. Олардан қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қауіпсіздік күштері үшін жұмсалатын «джезие» деген салық алынды. Өйткені, олардың жаны, мүлкі мен намысы Исламның арқасында сақталды. Олар тіпті өздерінің ғибадаттарын еркін орындады. Исламның тарихынан хабардар адамдардың барлығы бұл шындықты біледі. Тіпті христиандар да Ислам туралы кітап жазып, бұл мәселені мойындады. Мәселен, «Ислам және араб өркениеті» кітабынан: «Мұсылмандардың басқалармен жұмсақ қарым-қатынас орнатқаны сондай, тіпті олардың басшыларына діни жиындарын өткізуге рұқсат берілген»,- деп оқимыз. Тарихта: «Өз мәлімдемелері мен зерттеулерін пайғамбарға көрсету үшін хазіреттің қасына келген христиандар Мединеде пайғамбар мешітінде өздерінің діни рәсімдерін еркін орындаған»,- деп айтылған. («Немуне» тәпсірі, аятолла Макарем Ширази, 2-ші том).
Пайғамбар (с.ғ.с.) басқалармен, соның ішінде еврейлермен достық қарым-қатынас орнатып, оларға құрмет білдірген. Хазірет олардың жаман қылықтарына қатысты сабыр сақтап, оларды мұсылмандармен тең санап, діни рәсімдерін құрметтеген. Еврейлермен жасаған келісімдеріне тұрақты болып, егер еврейлердің бірі келісімге қайшы әрекет етсе, тек жазалаумен шектеліп, басқаларды кінәлі санамады. Негізінде, пайғамбардың еврейлерге деген қатынасы құрайыш пен арабтардың басқа тайпаларынан ерекше болды. Алла елшісінің мақсаты адамды кемелдікке жеткізіп, құтқару болды. Құранда: «Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді»,- деп айтылған. («Тәубе» сүресі, 128-ші аят).
Ол халықты харам еткен нәрселерден алыстатып, аяқ-қолдарын байлаған шынжырларын босатты. Ислам адамды жаратылыстардың ішіндегі ең шарапатты, әрі мағрифат иесі деп таныстырады. Исламның көзқарасына сәйкес, адам Алладан басқаға құлшылық етуге лайық емес. Сондықтан ешбір адамға бас имей, Алладан басқаны қабылдамайды. «Мұхаммад (с.ғ.с). : «Әй, Кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық. Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ, Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт...». («Әли-Ғымран» сүресі, 64-ші аят).
Илаһи рухы бар адам илаһи халифа дәрежесіне дейін көтеріле алады. Мұндай адам жаратушыны өз иесі санап, өзінің болмысын жаулап алуға рұқсат бермейді. Ол менмен болмай, әлемді жаратқан және барлық нәрседен хабардар Аллаға құлшылық етеді. Бұл деңгейге жету үшін өзін танып, тазартып, тәрбиелеу керек. Негізінде, өз-өзін тану мен өзін тәрбиелеу – адам мен Алла арасындағы қарым-қатынас көпірі. Пайғамбарлар мен басқа илаһи әулиелер илаһи қасиетті кеңістікке жол тауып, өздерін торға қамаған жоқ. Адам әлемді танудан бұрын алдымен өзін танып, өз болмысын тауып, кемелдікке жетіп, нәпсісі мен шаһуатын жеңуі керек. Мұндай жағдайда ең үлкен бақытқа кенеледі.
*****************************