«Рұм» сүресі, 726-шы бөлім, 43-46 аяттар:
«Рұм» сүресінің 43-46 аяттарының тәпсірі
«Рұм» сүресінің 43 аяты:
«فَأَقِمْ وَجْهَکَ لِلدِّینِ الْقَیِّمِ مِن قَبْلِ أَن یَأْتِیَ یَوْمٌ لَّا مَرَدَّ لَهُ مِنَ اللَّـهِ یَوْمَئِذٍ یَصَّدَّعُونَ»
Алладан тойтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тұп-тура дінге жөнелтіп, мықты тұр. Ол күні олар айрылады. (36-С. 59-А.) (43)
Ислам дінінің ерекшеліктерінің бірі адамның ақылы және болмысымен үндестікте болуында. Сол себепті осы аятта ислам һәм мықты да тұрақты негіздерге қаланған, һәм жеке адам мен адамзат қоғамының материалдарын қамтамасыз ететін дін ретінде таныстырылған. Бірақ, діннің әсерлері мен берекелері ислам қоғамдарының жағдайын адамның өзінің қалауымен діннің бір бөлігін алып, келесі бір бөлігін тастай салатын жағдайда емес, бар болмыстарымен соған бет бұрып, өмірдің барлық істерінде соның негіздерінде әрекет ететін жағдайда қамтиды. Егер адам осы дүниедегі өмірде мүмкіндігі қысқа, әрі өзі ойлағаннан тезірек аяқталады деп ойласа, өкінішке азырақ душар болуы үшін осы мүмкіндікті көбірек пайдалануға тырысады.
Қиямет күнінің ерекшеліктеріні бірі мынада: адамдар ол күні топ-топ болып, мүміндердің жолы кәпірлер мен бұрмаланған адамдардан бөлінеді. Олардың әрқайсы өз жағына барады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Дін мен оның тағылымдарына көңіл аудару жанама, кезеңдік немесе маусымдық емес, байсалды әрі үздіксіз болуы керек.
2. Діннің тағылымдарына толық қатынас көрсетілсе, қоғамды ахлақтық және қоғамдық зардаптардан құтқарады.
«Рұм" сүресінің 44-45 аяттары:
«مَن کَفَرَ فَعَلَیْهِ کُفْرُهُ وَمَنْ عَمِلَ صَالِحًا فَلِأَنفُسِهِمْ یَمْهَدُونَ»، «لِیَجْزِیَ الَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ مِن فَضْلِهِ إِنَّهُ لَا یُحِبُّ الْکَافِرِینَ»
Кім қарсы болса, қарсылығы өзіне. Ал және кім түзу іс істесе, сонда ол өзі үшін рахат орын әзірлеген болды; (44) Өстіп, Алла иман келтіріп, түзу іс істегендерге өз кеңшілігінен сыйлық береді. Рас, ол қарсы келгендерді жақсы көрмейді (45).
Алдыңғы аят: «Қияметте адамдар шашыраңқы түрде, топтасып, мүміндердің саптары кәпірлерден бөлінеді» деді. Бұл аят: «Жаза мен сый – адамдардың осы дүниедегі іс-әрекеттерінің салдары мен нәтижесі. Күпіршілік адамға зиян келтіріп, оны тозақтық етеді. Иман мен түзу ғамал пейіштегі өмірге себеп болады» дейді.
Кәпірлер өздерінің күпіршіліктері мен жаман іс-әрекеттерінің мөлшеріндей жазаланғанымен, мүміндер өздерінің ізгі ғамалдарының сауабын алумен бірге Алланың ерекші рақымы мен мейіріміне бөленеді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Адамдардың иманы мен күпіршілігі Құдайға не зиян, не пайда келмейді. Керісінше, пайдасы мен зарары адамдардың өзіне тиеді.
2. Құдайдың кәпірлермен қатынасы оның әділдігіне, ал иманды және түзу ғамал иелерімен қатынасы оның мейіріміне негізделген.
«Рұм» сүресінің 46 аяты:
«وَمِنْ آیَاتِهِ أَن یُرْسِلَ الرِّیَاحَ مُبَشِّرَاتٍ وَلِیُذِیقَکُم مِّن رَّحْمَتِهِ وَلِتَجْرِیَ الْفُلْکُ بِأَمْرِهِ وَلِتَبْتَغُوا مِن فَضْلِهِ وَلَعَلَّکُمْ تَشْکُرُونَ»
Сендерге игілік татыру үшін қуантушы самалдар жіберуі, кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін өз әмірімен кемені жүргізуі Оның белгілерінен. Әрине, шүкір етерсіңдер. (46)
Бұл аят сүренің басында айтылған таухидтік аяттарға оралып, жаратылыстың үйлесімді жүйесіне сілтеме жасап: «Егер аспан мен жерге, жерде ұдайы соғатын жел мен жауатын жаңбыр сынды табиғи құбылыстарға көңіл аударсаңыздар, Алланың құдіреті мен хикметін, жаратылыстың Пәруәрдігерінің жалғыздығын түсінесіздер. Құдайдың сырттай қарағанда қарапайым екі құбылысымен өсімдіктер мен жануарлар, адамдар сияқты тіршілік иелеріне өмір сыйлап, олардың қажеттіліктерін бүкіл жер бетінде ықтиярына беретінін түсінесіздер» дейді.
Адам баласын қоректендіретін ауылшаруашылығы мен мал шаруашылығы жел мен жаңбырға қарыздар. Сол өнімдерді тасымалдайтын ең жақсы көлік – бұрынғы заманда да, қазіргі заманда теңіздер мен мұхиттар арқылы әлемнің жер-жеріне жүзіп баратын кемелер.
Бірақ, өкінішке орай, адамдар Құдай берген үлкен нығметтерге мән бермейді. Оларды өздері болатын табиғи істер санап, сол құбылыстардың қалыптасуында жоғары күштің рөл атқаратынына көңіл бөлмейді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Жер құрлығында бұлттарды қозғайтын жел судың үлкен қорын ауа арқылы жердің құрғақ жеріне жеткізіп, құрғақ жерлерді суарады.
2.Теңіздерде кемелердің қозғалысы шын мәнінде капитанның емес, Құдайдың қолында. Себебі, Құдай табиғи заңдар қалыптастырып, су бетінде кемелердің қозғалысына негіз дайындайды.
2. Осы заңдарға сәйкес, алып кемелер су бетінде жүзіп жүреді. Олар аздаған қаржымен үлкен қашықтықтарды жүзіп өтіп, көп тауар мен жолаушыларды тасымалдайды.
3. Құран халал ырзық табу үшін еңбек етіп, талпыныс жасауға кеңес береді. Адам қол жеткізетін нәрселері үшін Құдайға шүкір айтып, оның өзінің білімі мен ақылының емес, Құдай тарапынан екенін білуі керек.