Қыр 09, 2017 21:16 Asia/Almaty

«Рұм» сүресінің 47-49 аяттарының тәпсірі

«Рұм» сүресінің 47 аяты:

«وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِکَ رُسُلًا إِلَى قَوْمِهِمْ فَجَاءُوهُم بِالْبَیِّنَاتِ فَانتَقَمْنَا مِنَ الَّذِینَ أَجْرَمُوا وَکَانَ حَقًّا عَلَیْنَا نَصْرُ الْمُؤْمِنِینَ»

Әрине, сенен бұрын да олардың елдеріне елшілер жібердік. Оларға дәлелдер келтірді. Сонда олардың күнәһарларының сазайын тарттырдық. Сондай-ақ мүміндерге жәрдем ету бізге міндет (47).

Алдыңғы бағдарламаның соңғы аяты шөптердің өсуі мен адамдардың өмір сүруі үшін Құдайдың жел соқтырып, жаңбыр жаудыруы туралы болды. Бұл аят дәлелдер негізінде адамдарға жетекшілік ету үшін пайғамбарларды жібергеніне сілтеме жасайды. Бұдан кейінгі аяттар жерді тірілту үшін жел мен жаңбыр жіберу тақырыбына тоқталады. Алланың жаратудағы құдіреті мен хикметіне байланысты аяттардың арасында осы аяттың келуі жаратылыс жүйесі бір негізден бастау алады деген мәселені білдіреді. Яғни, жаратып, физикалық қажеттіліктеріңді қамтамасыз ету үшін күн мен бұлт, жел мен жаңбырды жауапты еткен Құдай рухани қажеттіліктеріңді де қамтамасыз ету үшін ақылды қолдану арқылы сендерге жетекшілік ету үшін пайғамбарларды жіберді дейді. 

Мұндай жағдайда ақиқатты түсініп, иман келтіретіндердің Құдайдың мейірімі мен рақымымына бөленетіндіктері, жеңіске жетіп, Алланың жәрдемін алатындықтары табиғи іс.  Бірақ, хаққа қарсы шығып, Құдайдың бұйрығынан жалтаратындар Алланың жазасына ұшырайды.

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Құдай пайғамбарлар мен мұғжизаларын және айқын айғақтарын жіберу арқылы адамдарға дәлелді аяқтады.

2.Күнәһарлар оларға жетекшілік пен дәлел аяқталған соң жазаланады. Егер біреуге дәлел аяқталмаса, оның жазасы әділ болмайды.

3.Мүміндердің кәпірлерді біржолата жеңетіні мен хақтың жалғанды жеңетіні – Құдайдың кесімді уәдесі.

«Рұм» сүресінің 48-49 аяттары:

«اللَّـهُ الَّذِی یُرْسِلُ الرِّیَاحَ فَتُثِیرُ سَحَابًا فَیَبْسُطُهُ فِی السَّمَاءِ کَیْفَ یَشَاءُ وَیَجْعَلُهُ کِسَفًا فَتَرَى الْوَدْقَ یَخْرُجُ مِنْ خِلَالِهِ  فَإِذَا أَصَابَ بِهِ مَن یَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ إِذَا هُمْ یَسْتَبْشِرُونَ»، «وَإِن کَانُوا مِن قَبْلِ أَن یُنَزَّلَ عَلَیْهِم مِّن قَبْلِهِ لَمُبْلِسِینَ»

Ол сондай Алла, желдерді жібереді де бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда жайып, бұлтты бөлшектейді. Сонда оның араларынан жаңбырдың шыққанын көресің. Сонда ол жаңбырды құлдарынан қалағанына жеткізеді. Сол уақытта олар қуанышқа ие болады (48). Негізінен олар өздеріне жаңбыр келуден бұрын әлдеқашан күдер үзген болатын. (49).

Күннің түсуі мен оның нұрымен теңіздер мен мұхиттардың су деңгейі буланып, аспанға ұшады. Содан кейін Құдай желдер мен будан пайда болған бұлттарды шалғайдағы құрғақ жерлерге жіберіп, сол жерлерде жаңбырдың жаууы үшін табиғи жағдай қалыптастырып, жерге жаңбырдың жұмсақ тамшыларын жаудырады.  Бұл істің ұлылығы белгілі болған кезде бүгінде адамның газ бен мұнайды, немесе суды бір жерден екінші жерге тасымалдау үшін құбырлар жасап, жерді бұрғылап, құбырларды төсеп, оларды бақылап, сақтайтын бекеттер салу үшін миллиардтаған доллар қаржы шығындауға мәжбүр екенін білуіміз керек. Сөйте тұра, мұндай шаралар шектеулі бір аймақты ғана қамтиды. Бірақ, Құдай адам үшін ешқандай шығыны жоқ жүйені пайдаланып, тіршілік мәйегі суды жер құрлығының тұрғындары, адам ғана емес, жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелері пайдалануы үшін ықтиярына берді.

Жаңбырдың жаууымен адамның тәні ғана емес, рухы да көтеріліп, көңіл-күйі жақсарады. Жаңбырдың жаууының жағымды көрінісі мен жаңбырдың жаууымен жайқала түсетін әдемі гүлдер мен бақтарды көріп, кез-келген адам қуаныш пеншаттыққа бөленеді, қайғы-мұңнан арылады. Құрғақшылыққа ұшырап, барлық еңбегі зая болу қаупіне ұшыраған диқан немесе малшы бұлт пен желді көріп, көзінде үміт оты тұтанып, езуіне күлкі үйіріледі. Бұл – Алланың шексіз рақымы мен мейірімінен үміттену.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Табиғи құбылыстарды кездейсоқ іс санамайық. Олар Құдайдың бүкіл әлемді, соның ішінде жер құрылығын басқарудағы құдіреті мен хикметінің белгісі.

3.Алланың қалауы әлем істерінің табиғи факторлар мен құралдары арқылы жүзеге асырылуға негізделген.

3.Құдайдың шексіз мейіріміне көңіл аудару адамның үмітсіз көңіл-күйіне дем береді. Шын мәнінде, қиындықтардың қасында тыныштық, мұқтаждықтың қасында бақуаттылық бар.