Қаз 02, 2017 17:54 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 12

Тәкфиршіл ағым әділ халифалардың үкіметін өздерінің мақсаты ретінде жариялап, одан өзге ешбір саяси жүйені қабылдамайды. Сол себепті, тәкфиршілердің пікірі бойынша ислам елдеріндегі үкіметтер заңсыз саналады.

ДАИШ ақыр заман туралы ойларында Абу Бакр әл-Бағдадиды «мұсылмандардың халифасы» деп атап, имам Мәһди (ғ.с.) келген кезде басшылықты соған жүктейді деп санайды. Тәкфиршіл ағым әділ халифалардың үкіметін өздерінің мақсаты ретінде жариялап, одан өзге ешбір саяси жүйені қабылдамайды. Сол себепті, тәкфиршілердің пікірі бойынша ислам елдеріндегі үкіметтер заңсыз саналады. Олар адамның рөлін білдіретін демократиялық жүйе мен сайлауға, билік күштерінің бөлінуіне, басқа сенімдер мен ерікті дауыстарға қарсылық білдіріп, оларды шерктің белгілері деп санайды. Сондай сенімдер бойынша Абубакр Бағдади  мұсылмандардың халифасы аталды. ДАИШ 2014 жылы ондаған мың адамды өлтіріп, Иракқа қарсы кең ауқымды шабуылдарын бастап, бұл елдің жерінің бір бөлігін жаулап алды. Бұл топ  шабуылдарын жалғастырып, Ирактың екінші үлкен қаласы Мосулды өз бақылауына алды. 2014 жылдың маусым айының 29 күні Мосулды басып алғаннан кейін ДАИШ исламдық халифаттың құрылуы туралы жариялап, Абубакр Бағдадиді халифа ретінде таныстырды.

Абубакр Бағдади

ДАИШ өз халифасын құрайыштармен байланыстырып, заңсыз түрде ижтихад дәрежесін әперуге талпынуда. Халифа моджахедин кеңесі тарапынан тағайындалады. ДАИШ-тің құрылымы пирамида сынды. Оның басында Абубакр Бағдади орналасқан. Ол – абсолютті басшы. Шешім қабылдау, басшыларды тағайындау немесе оларды алып тастау соның қолында. Әртүрлі топтар мен әскери және діни кеңес Абубакр Бағдадиге бағынады. Абубакр әл-Бағдади әмірлері мен әскери кеңеске кіретін қолбасшыларын өзі сайлайды. Ол шексіз ықтиярларға ие болып, келіспеген жағдайда шешімдерді бұза алады. Бағдади халифе ретінде бекітілген соң бірнеше орынбасарын бекітті.

2015-ші жылы бекітілген ДАИШ құрылымы  

ДАИШ құрылымы әртүрлі алты кеңеске бөлініп, бұл кеңестердің әрқайсы жұмысын Ирактың бұрынғы режиміне тәуелді БААС офицерлерінің басқаруымен  атқарады. Бірінші кеңес – әскери кеңес. Әскери кеңес ДАИШ-тың ең маңызды тіректерінің бірі. Әскери кеңес басшысы болып, Абуахмад әл-Алвани жарияланды. Кейбір мәліметтер бойынша ол Ирактың әл-Анбар облысын азат ету әрекеттерінде өлтірілді. Аталмыш кеңестің ең маңызды міндеті әскери қолбасшыларды басқарып, әскери әрекеттерді қадағалау болып табылады. Қорғаныс, қауіпсіздік және барлау кеңесі – ДАИШ үкіметтік құрылымының екінші кеңесі. Бұл кеңесті Абуәли әл-Анбари басқарады. Ол – Ирактың қауіпсіздік ұйымының бұрынғы офицері. Оның міндеті Абубакр әл-Бағдадидің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ДАИШ-ты бөгде факторлардың ықпалынан қорғау болып табылады. Сот кеңесі – ДАИШ үкіметінің үшінші  кеңесі. Бұл кеңесті Абумохаммад әл-Аони басқарады. Кеңестің міндеті – «исламдық үкіметке» қатысты діни және сот мәселелерін бақылау. Бұл кеңестің бақылауындағы діни топтар қайшылықтарды шешумен айналысады. ДАИШ үкіметінің төртінші негізі – мәжіліс кеңесі. Оның басшысы Абуаркан әл-Амири. Кеңеске 11 адам мүше болып кіреді. Бұл кеңестің міндеті ДАИШ-тың барлық істеріне бақылау жүргізу болып табылады. Абу әл-Асир Умар әл-Аббаси басқаратын ақпарат кеңесі – ДАИШ-тың бесінші органы. Бұл кеңестің міндетіне «жаһади» деп аталған ғаламтор базаларын басқару кіреді. ДАИШ-ты қаржымен қамтамасыз ету жұмысымен алты тіректен тұратын ДАИШ құрылымының алтыншы қаржы кеңесі айналысады. ДАИШ-тың атқару міндетіне ие бірнеше министрлігі бар. ДАИШ басқа тәкфиршіл топтар сынды мемлекеттер арасындағы шекараларды қабылдамайды. Олардың пікірінше, ДАИШ-тың наным-сенімдеріне қайшы пікірлерге иелер Ислам діні мен мұсылмандарға жатпайды.

ДАИШ халифатының билік құрылымы

 ДАИШ уәждеріндегі халифат мемлекеттер арасындағы шекараларды ресми қабылдамайды. Олардың Исламға деген көзқарасы «исламдық үкімет» – ДАИШ-тың шекараларын белгіледі. Сондықтан, олар белгілеген шекарада орналасып, кәпірлерді өлтіруді рұқсат деп санайды. Сөйтіп, ДАИШ-тың халифат үшін белгілеген саяси картасына Қытайдың батысынан Андалузияға дейін орналасқан барлық исламдық жерлер кіреді. ДАИШ-тың халифатын жариялауымен кейбір топтар ДАИШ-тың өзі сайлаған  халифасына адалдық туралы ант берді. Бірақ салафи топтардың көбі Абубакр әл-Бағдадидың халифатына қарсы шығып, оны заңсыз деп атады. ДАИШ өз әрекеттерінің барлық негіздерін тәкфирлік ой-пікірлер негізінде қалыптастырды. Кез келген тұрғыдан ДАИШ-ты сынаған  адам бұл топтың дұшпандарының қатарына қосылады. ДАИШ дұшпандық білдіретін мазхабтық жақтастардың бірі шиіттердің жақтастары болып табылады. ДАИШ-тың тәкфиршіл ой-пікірі шиіттерге қарсы көптеген күдік-күмән тудырып, оларды Исламнан тыс санайды.  Олар шиіттерді Ислам дініне бедғат енгізді деп айыптайды. Бедғат деп дінде бұрын болмаған нәрселер немесе іс-әрекеттер айтылады. Бедғаттың анықтамасында дінге шариғаттың рұқсатынсыз дінде болмаған нәрселерді енгізу деп айтылған. Мұсылмандардың барлық басшылары мен ғұламалар бедғатты харам санайды. Өйткені, дінге өзгеріс немесе қосымша нәрсе енгізу бұрмалану  саналады. Құранда Алла Тағала әртүрлі жолдармен діндегі жаңашылдықтарды айыптайды. Жаратушы «Нахл» сүресінің 116-шы аятында бедғатты айыптап: «Тілдеріңнің “бұл арам, бұл халал” деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар. Аллаға өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында, Аллаға өтірік жала жапсырғандар құтылмайды»,- деген болатын.

Құранның әртүрлі аяттарында бедғат туралы айтылған. «Бақара» сүресінің 79 аятында Алла Тағала  еврейдің илаһи кітапты өзгертуін бедғат деп атап: «Сондай Кітапты қолдарымен жазып, сонан соң аз ақшаға (дүниелікке) сату үшін: «Осы Алланың қасынан келгені» дегендерге нендей өкініш! Және олардың қол жазғандарына нендей өкініш! Сондай-ақ олардың табыстарына нендей өкініш!»- деді. Діндегі жаңашылдық  бедғат саналғанымен, кез келген жаңа  іс бедғат емес. Өйткені, адамның өмірі уақыт өткен сайын өзгереді. Сол себепті бұл өзгерістерге шариғаттың көңіл бөлгені жөн. Кітап пен сүннетте  жаңа мәселелердің көбінің үкімі өрсетілмеген. Сондықтан, егер кез келген жаңа мәселе бедғат саналатын болса, оның нәтижесі қоғамдағы жаңа мәселелердің алдында кітап пен сүннетті бұзу болып, мұндай нәтиже барлық мұсылмандардың сенімдері бойынша жалған болады. Нәтижесінде кез келген жаңа мәселе бедғат емес. Осыған орай бедғаттың негізі мен оның шекарасын  белгілеген жөн.

 

Тегтер