Қаз 15, 2017 21:41 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (117)

Ердоғанның Теһранға сапарының экономикалық мақсаттары, Мәскеудегі Газ экспорттаушы елдер форумының министрліктер деңгейіндегі отырысы, Иранның БҰҰ-дағы өкілінің АҚШ-тың міндетін бұзушылығы және «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейін де санкциялардың жалғасуы туралы сөздері, Иран мен Индонезияның қарым-қатынастары сияқты мәселелерді қарастырамыз.

Иран мен Түркия экономикалық байланыстарды кеңейтуге бекем бел буды. Осы аяда өткен аптада Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Теһранға сапары шеңберінде жан-жақты келіссөздер өтті. Реджеп Тайып Ердоған жоғары дәрежелі делегацияның басшылығында ИИР-ның қайраткерлерімен кездесіп, сұхбаттасу үшін сәрсенбі күні Теһранға келді.

ИИР мен Түркия басшылары екі ел делегацияларының отырысының соңында ортақ мәлімдеме жариялап, Теһран мен Анкараның екіжақты және бірнеше жақты ынтымақтастықтарды нығайтуға мүдделі екенін қуаттады.

Аталмыш мәлімдемеде Иран мен Түркия арасындағы сауда айналымын жылына 30 миллиард долларға жеткізу туралы айтылып, екі елдің қаржы-экономикалық ынтымақтастықтарды жеңілдетудегі банктерінің рөлі қуатталды.

ИИР мен Түркия сонымен қатар екіжақты қатынастарды нығайту мақсатында Теһранда 4 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Түркияның Сауда және кеден министрлігі мен ИИР-ның Экономика және қаржы министрлігі арасындағы кедендік ынтымақтастықтар туралы меморандум, ИИР-ның Орталық банкі мен Түркияның Орталық банкі арасындағы меморандум Теһран-Анкара байланыстарын неғұрлым тереңдету шеңберінде қол қойылған құжаттардың қатарына жатады.

Иран мен Түркия сауда айналымының мөлшері 2017 жылдың алғашқы бес айында 4 миллиард 500 миллион доллардан асты.

Теһран мен Анкара бір-бірін толықтыра отырып, екіжақты және аймақтық экономиканы кеңейту алаңына ықпал ете алады.

2015 жылы екі ел арасында жасалған жеңілдікті келісім екі елдің қарым-қатынастарын кеңейтуге септігін тигізе алады.

Түркия Иранның сыртқы саудасында маңызды елдердің бірі саналады. Тіпті Түркия әрдайым Иранмен импорт және экпорт жасасатын алдағы бес алдыңғы елдің қатарынан көрініп келеді.

ИИР-ның Мұнай министрі өткен аптада Газ экспорттаушы елдер форумыныңЭнергетика министрлерінің саммитіне қатысу үшін Мәскеуге аттанды. Бұл отырыс сәрсенбі күні Мәскеуде өтті. 

Аталмыш ұйымға негізгі  және бақылаушы мүше елдердің мұнай министрлері, соның ішінде, Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане, Иранның Ресейдегі елшісі Мехди Санаи мен осы форумның бас хатшысы Мұхаммад Хосейн Аделидің қатысуымен сәрсенбі күні өткен министрлердің он тоғызыншы жылдық отырысында осы ұйымға қатысты мәселелер мен стратегиялар талқыланды. Аталмыш форумда Ресей тарапынан ұсынылған үміткер осы елдің Энергетика министрінің орынбасары Юрий Сентюрин Газ экспорттаушы елдер форумының келесі кезеңіне  басшылық ету үшін мүше елдердің даусын жинаған болатын. Иранның Мұнай министрі осы ресейлік қайраткерді істерді басқару үшін қажетті біліктілікке ие деп сипаттады. Сентюрин 2018 жылдың қаңтар айының бірінен бастап екіжылдық мерзімге қазір осы ұйымды басқару міндетін атқарып отырған Аделидің орнына отыратын болады. Иран бұл форумға екі кезеңде басшылық етті. Форумның қазіргі бас хатшысы Мұхаммад Хосейн Адели 2013 жылы мүше елдердің басым дауысын жинап, екіжылдық екі мерзімге осы форумның хатшысы болып тағайындалды. Сәрсенбі күні кешке дейін созылған кеңесулер мен отырыстарда сонымен қатар алдағы бесжылға арналған бағдарлама қарастырылып, Газ экспорттаушы елдер форумының стратегиялық құжатына қол қойылды.

Газ экспорттаушы елдер форумы 2001 жылы Иранның бастамасымен құрылған болатын. Аталмыш ұйым өткен 16 жыл ішінде жетілдіріліп, әлемдік экономикаға ықпал ететін ұйымдардың біріне айналды. Форум шеңберінде 2001 жылдың наурыз айының үші және төрті күндері газ қорларына ие елдердің доғары дәрежелі мамандарының бірінші саммиті өткізілгеннен кейін Иран тізгінді өз қолына алып, 2001 жылдың мамыр айының он тоғызы және жиырмасы күндері Теһранда осы елдердің министрлерінің бірінші саммитін өткізді. Осылайша Газ экспорттаушы елдер форумы деп аталатын ұйым құрылды.

Газ экспорттаушы елдер форумы Мәскеуде 2014 жылдың мамыр айында өткен Әлемдік энергетика форумының министрлер отырысында  Газ бойынша халықаралық ұйымдардың бірлескен мәліметтер қоры JODI-Gas-дың серіктестерінің қатарына қосылды. 72 мүшеден құрылған JODI-Gas мәліметтер қоры әлемдік өндіріс пен тұтыныстың 80 пайызын қамтыған дүниежүзілік газ өнеркәсібінің статистикалық мәліметтерінің қоры ретінде  танылған.

Бұл форум қазіргі кезде 18 негізгі және бақылаушы мүшені қамтиды. Иран, Ресей, Катар, Алжир, Боливия, Мысыр, Экваторлық Гвинея, Ливия, Нигерия, Тринидад және Тобаго, Венесуэла, Перу мен БАӘ форумның негізгі мүшелеріболса, Нидерланды, Қазақстан, Ирак, Норвегия мен Оман бақылаушы мүшелер болып табылады. Осы ірі энергетикалық форумда Иран әлемдік ең ірі газ және қазба отын қорына  ие ел ретінде энергетикамен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Парсы шығанағы жағалауындағы Оңтүстік Парс арнайы экономикалық аймағы трансаймақтық жолдарға қолжетімділігіне байланысты энергетика өндіру және жөнелту ошақтарының бірі саналады. Осы аймақтарға инвестиция салу әлемдегі энергетиканы ең көп тұтынушы елдер Үндістан және Қытай сияқты елдердің назарын өзіне аударып отыр. Иран осы аяда жуырда Францияның Total мұнай компаниясының халықаралық консорциумымен құны 4 миллиард 800 миллион долларды құрайтын келісімдерге қол қойды. Осы келісімдер бойынша ресейлік Лукойл компаниясы, қытайлық компаниялар, Италияның Eni компаниясы сияқты ұйымдар Иранның стратегиялық серіктестері болып табылады. Занганенің Мәскеуге сапары барысында Иранның Ұлттық мұнай компаниясы мен Ресейдің Лукойл компаниясы арасында екі ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Иранның Мұнай министрі Бижан Зангане мен Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак та осы саммит аясында өткен бір отырыста алаңдарды дамыту және мұнай барлау жұмыстары бойынша екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты елшісі әрі өкілі кемсітушілік пен саяси көзқарастардан алшақ әлемдік жан-жақты сауда жүйесінің қажеттілігін қуаттап, санкцияларды осындай жүйені құруға кедергі келтіретін және халықаралық заңдарға қайшы келетін мәселе деп атады.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты елшісі әрі өкілі Ғоламали Хошроу өткен бейсенбі күні Бас ассамблеяның екінші комитетінде Ислам Республикасының әлемдік сауда жөніндегі ұстанымдарын баяндап, елдердің өздерінің қажеттіліктері мен ұлттық саясаттарын ескере отырып,  тұрақты дамуға қол жеткізу және жан-жақты сауда жүйесін құру қажеттігін қуаттады.

Ғоламәли Хошроу ұзақ мерзімді тұрақты дамуға қол жеткізу үшін сауда ынтымақтастықтарын кеңейтуді аймақтық ынтымақтастықтарды нығайтудың басты мақсаттарының бірі деп атады.

Ол сонымен қатар кейбір елдерге, соның ішінде, Иранға қарсы әділетсіз санкцияларды таңу әрекетінің халықаралық құқықтар мен жан-жақты сауда жүйесіне қайшы келетінін айтты.

Хошроу сондай-ақ, БҰҰБас ассамблесяның отырысында осы ұйымның бас хатшысы Антониу Гутеррештің қазіргі кезде әлемнің текетірестерді шешу үшін жан-жақты шараларды жүзеге асыруды қажет ететіні туралы сөздеріне тоқталып, кейбір алпауыт елдердің жан-жақтылықты әлсірету мақсатындағы әрекеттеріне қатысты алаңдаушылық білдірді.

Хошроу «Ортақ қадам» бағдарламасын дипломатияның маңыздылығының жемісі деп атап: «БҰҰ «Ортақ қадам» келісімі бойынша есеп беру міндетін лайықты түрде атқаруы керек» деді.

АҚШ-тың «Ортақ қадам» шеңберіндегі міндеттерін бұзуы қарсылықтар мен сын-пікірлер тудырды.

Еуропа одағының АҚШ-тағы елшісі Дэвид Салливан бір америкалық интститутта өткен отырыста: «Ядролық келісімнен шығу туралы бұл болжам іске асса, бұлай болатындығына қатысты әлі де күмәндар болғанымен, Еуропа одағының өз компанияларының мүдделерін қорғау үшін бар тәсілді пайдаланатындығына сенімдімін» деді.

Bloomberg-тің мәлімдеуінше, мұндай әрекет Иранды оқшаулаудан бұрын АҚШ-тың оқшаулануына әкеп соқтырады.

Иран мен Индонезия екіжақты келісімдер жасауға көмектесетін көптеген жақсы инвестициялық мүмкіндіктерге ие.

Джакартаның Теһрандағы елшісі Октавино Алимудин өткен аптада Казвин облысының әкімі Абдолмұхаммад Захедимен кездесуінде: «Иран мен Индонезияарасында ортақ исламдық құндылықтардың болуы екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге көмектесе алады» деді.

Алимудин лайықты қарым-қатынастардың көмегімен Индонезия мен Иранның қатынастарын арттыру бағытында ықпалды қадамдар жасалатындығына үміт білдірді.

Индонезияның Ирандағы елшісі сонымен қатар Индонезияда қазанның он бірі күні басталып, төрт күнге созылатын халықаралық көрмені тілге тиек етіп: «Ирандық кәсіпкерлер мен өнеркәсіп иелерінің белсенді түрде қатысуы екі елдің компаниялары арасында әріптестіктер үшін жағдай тудыра алады» деді.

Өткен аптада Джакарта қаласында ИИР мен Индонезияның пұрсатты сауда туралы келісімге жету мақсатындағы келіссөздерінің төртінші  кезеңі өтті.

Иранның Индонезиядағы сауда-кәсіптік өкілі Анвар Камари: «Джакартада өткен Иран мен Индонезияның пұрсатты сауда келісіміне жету мақсатындағы келіссөздерінің төртінші кезеңінде келісімнің мәтіні туралы қарқынды келіссөздер өтіп, оның көптеген бөліктері екі тараптың көңілінен шықты» деді.

Иранның Сауданы дамыту ұйымының экспортты кеңейту бөлімі басшысының орынбасары Мирхади Сейеди: «Иран мен Индонезияның инвестиция, туризм, тауар саудасы алаңдарындағы мүмкіндіктеріне байланысты екі ел арасындағы пұрсатты сауда туралы келісім сауда-экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуге жол аша алады» деді.

Иран ағымдағы жылдың соңына дейін Иран мен Индонезия арасындағы пұрсатты сауда туралы келісімді қорытындылауға әзір.

2016 жылы Иран мен Индонезия арасындағы сауда айналымының мөлшері 338 миллион долларды құрады. Өсу үдерісі жалғасқан жағдайда, бұл көрсеткіш 2017 жылы 600 миллион долларға жететін болады. Екі ел арасындағы пұрсатты сауда туралы келісімге қол қойылып, экспорттық тауарлардың бағасы бәсекеге жарамды болатындай етіп төмендетілгеннен кейін екі елдің сауда мөлшері артатын болады.