Қаз 25, 2017 11:20 Asia/Almaty
  • Тәкфиршіл ағымдардың идеологиясы мен әрекеттерінің негіздеріне шолу 14

Алла елшісі – мұсылмандардың бірлігінің негізі. Сондықтан, пайғамбарды еске алу және хазіретті құрметтеу, сондай-ақ мұсылмандардың хазіретке деген махаббаты мұсылмандардың бірлігін қорғау негіздерінің бірі саналады.

ДАИШ-тың тәкфиршіл ой-пікірі шиіттерге қарсы көптеген күдік-күмән тудырып, оларды Исламнан тыс санап, шиіттерді Ислам дініне бедғат енгізді деп айыптайды. Тәкфиршіл ағымдардың әдістемелік және трансформациялық негіздерінің бедғат туралы ұсынылған сараптамалары толығымен экстремистік және исламдық тағылымдарға қарсы. Олар шариғатта үкімі тікелей анықталмаған, бірақ исламның ұлық пайғамбарының тағылымдарында  жалпы түрде айтылған және Исламның алғашқы үш ғасырында кездеспеген мәселелерді бедғат әрі шариғаттан тыс санайды. Басқаша айтқанда, олар Құран мен сүннетте ескерілген істерді ғана заңды, басқа пікірлер мен істерді заңсыз санайды.

Тәкфиршілер

 Ваххабизмнің қасында бедғат пен тәкфиршілдіктің және ДАИШ сынды тәкфиршіл ағымдардың таралуының себептерінің біріне шиіттер мен сүнниттер растаған «эбахе» негіздеріне қарсылық білдіруі жатады. «Эбахенің» лексикалық мағынасы – рұқсат ету. Ал құқықтық және азаматтық құқық бойынша иемдену немесе бір нәрсені алып, пайдалану болып табылады. «Эбахе» негізі бойынша шариғат тарапынан жақсылыққа жігерлендіру мен жамандықтан жирендіру, санкция немесе тыйым салу үкімі шығарылғанға дейін кез келген іс рұқсат саналады. «Анғам» сүресінің 119-шы аяты бойынша, рұқсат етілген нәрселерді емес, харам етілген нәрселерді баяндаған жөн. «Анғам» сүресінің 145-ші аятында да харам нәрселер туралы баяндау және бұл үшін уаһи мен  пайғамбардың сөзіне сүйенудің қажеттігі  қуатталды. Түсініктемелері мен діни негіздеріне назар аудармай, кез келген жаңа істі бедғат деп ойлаудың өзі бедғат саналады. Тәкфиршілердің пікірінше Исламның ұлық пайғамбарының туған күнін тойлау харам және діндегі ырымшылдық пен бедғат саналады. ДАИШ Ирактың Мосул қаласындағы Исламның ұлық пайғамбарының туған күнін тойлауын харам және бедғат деп атап, бұл қаланың мешіттеріне хазіреттің туған күнін тойламау, тойлаған жағдайда жазалайтындықтарын ескертті. Тәкфиршілердің пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күнінің жылдығын тойлауына тыйым салу туралы қате наным-сенімі діндегі бедғат саналады. Құран пайғамбарлар мен адал тұлғалардың дәрежелерін еске алып, мадақтау немесе жақындары үшін аза тұтуды теріске шығармайды. Бұл қасиетті кітапта «Жүсіп» сүресінің 84-86-шы аяттарында хазірет Жақыптың перзенті Жүсіптен алыстап, жылдар бойы жылағаны туралы: «(Жақып ғ.с.) олардан теріс айналып: “Қайран Жүсіп!” деп күйіктен көзі ағарып, қасіреттен іштей тынды. Олар әкелеріне: “Аллаға ант етеміз. Күйіктен ерігенге немесе типыл болғанға дейін Жүсіпті жоқтай бересің” деді. (Жақып ғ.с.): “Мен күйзелісім мен күйінішім үшін Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін” деді. Хазірет Жақып Жүсіпті жоғалтып, көзі ағарғанша жылады. Құран илаһи пайғамбарлардың бірі хазірет Жақып туралы баяндайды. Құран бұл істі шерк санамайды және айыптамайды. Құранның көзқарасы бойынша жақындарынан айырылған кезде жылау мен жоқтау рұқсат саналады. Жақындар мен таныстардан айырылған кезде жылап,  уайымдап, қайғыру адамның табиғи реакциясы болып табылады. Ислам діні адамның ішкі болмысына негізделген. Сондықтан, жақындарын жоғалтқан адамдардың табиғи реакциясына тыйым салмайды. Өйткені, Исламның ұлық пайғамбары да жақындарынан айырылған кезде жылаған.

Тәкфиршіл уаһабшылар Құран  пайғамбарды мадақтап: «Сенің абыройыңды көтермедік пе?» деп айтқан жағдайда Алла елшісі мен басқа діни тұлғаларды еске алып, оларға құрмет көрсетуге тыйым салуда. Құран «Шура» сүресінің 23-ші аятында мұсылмандарды пайғамбар әулетімен дос болуға шақырып: «...Сендерден бұған жақындық махаббаттан басқа ешбір ақы тілемеймін» де..»,- дейді. Құран бізден пайғамбардың жақындарын жақсы көруді сұрайды. Сондықтан махаббатты білдіретін жолдардың бірі Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет әулетінің  пәк имамдарының туған күндері кезеңінде рәсімдер өткізіп, олардың өмірбаяны мен Ислам жолындағы талпыыныстары туралы баяндауымыз болып табылады. Халық көбінде пайғамбардың өзі мен хазіреттің жақындарына достығы мен махаббатын білдіру үшін діни рәсімдерге қатысып, Исламның негіздерімен, Құран және діни әулиелердің тәлім-тәрбиесімен танысады. Бұл іс шерк пен бедғат па? «Хадж» сүресінің 32-ші аятында Алланың белгілерінің маңыздылы туралы: «Міне, осы. Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, күдіксіз ол жүректің тақуалығынан»,- деп айтылған. Пайғамбардың (с.ғ.с.) беделі мен дәрежесін еске алу илаһи белгілердің бірі саналады. Өйткені, бұл іс халықтың иманы мен хабардарлығын нығайтады. Пайғамбардың туған күнін тойлау илаһи тұлғаларды еске алудың бір түрі болып табылады. Пайғамбардың өзі туған күнінің еске алынуын дұрыс санаған. Осыған орай сүнниттердің баршаға танымал хадис кітабі «Сахих Мүслімде» бұл туралы: «Алла елшісінен дүйсенбі күні ораза тұтудың мұстахаб болуының себебі туралы сұраған кезде хазірет: «Мен дүйсенбі күні дүниеге келгем және бұл күні маған Құран жіберілді»,- деп жауап берді»,- деп жазылған.

Мысырдың салафи басшыларының бірі шейх Саид Абдолазим өткен жылы  Алла елшісінің туған күніг тойлауды харам деген пәтуа шығарып, пайғамбардың туған күнін тойлау бедғат және адасу деген уәж айтып: «Пайғамбардың  туған күнін тойлау – бедғат. Бұл сахабалар өмір сүрген кезең мен өткен ғасырларда болмаған. Егер сол кезде де бұл іс орын алған болса, бедғат саналатын еді»,- деді. Мысырдың тәкфиршілердің табиғи емес пәтуаларын зерттеу орталығы бұл пәтуаға жауап ретінде: «Барлық мұсылман ғұламалар хиджридің 14-ші ғасырынан осы уақытқа дейін Алла елшісінің туған күнінің жылдығын тойлауды  заңды, тіпті ғұламалардың бір тобы мұстахаб санап, бұл салада дәлелдер келтірді. Құран Кәрім исламның ұлық пайғамбарын әлемдіктер үшін жіберілген рақым пайғамбары деп атады. Рақым арнайы іспен шектелмейді. Пайғамбар тәлім-тәрбие беріп, адамзатты тура жолға нұсқау үшін жіберілген және тек белгілі бір тарихи  кезеңге ғана емес, барлық кезеңдерге қатысты. Ваххабизм ағымынан басқа барлық исламдық мазхабтар Исламның ұлық пайғамбарының туған күнін тойлауды бедғат санамаған. Сол себепті Сауд Арабиясынан басқа барлық исламдық мемлекеттерде Ислам пайғамбарының туған күні демалыс. Алла елшісі – мұсылмандардың бірлігінің негізі. Сондықтан, пайғамбарды еске алу және хазіретті құрметтеу, сондай-ақ мұсылмандардың хазіретке деген махаббаты мұсылмандардың бірлігін қорғау негіздерінің бірі саналады. Өткен жылдары ислам дінінің дұшпандары сан рет пайғамбардың (с.ғ.с) қасиетті болмысына шабуыл жасап, тіл тигізді. Салман Рушдидың «Шайтандық аяттар» кітабі және Еуропадағы ислам дініне қарсылар карикатуралар мен тіл тигізу түріндегі басқа да қорлаушы фильмдерімен Алла елшісінің ұлылығына тіл тигізіп, ислам дінінің әділет пен бейбітшілік талап етуін нысанаға алуда. Негізінде тәкфиршілердің Исламның ұлық пайғамбарының туған күні мен дүниеден озған күнін еске алуды бедғат санауы Исламға қарсылармен бір екендігін көрсетеді.

 

 

 

Тегтер