Қаз 28, 2017 17:41 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисы 135

Шүкіршілік – сөз немесе амалмен Алланың нығметтеріне алғыс айту. Ахлақ мәселелерімен айналысатын ғұламалар шүкіршілікті үш топқа бөледі: тілмен, жүрекпен және амалмен білдірген шүкіршілік.

Имам Садық (ғ.с.): "Нығметтерге шүкіршілік айту деген – күнәдән тартыну. Толық әрі кемел шүкіршілік Алланың пендесінің "Алхамдулиллахи раббил аламин " деп айтуы саналады. Адам қолы, тілі, қаламы, мүлкі және дәрежесімен ісін Алланың ризалығы үшін жасаса, нығметтерге шүкіршілігін, алайда солардың біреуімен күнә жасаса, Алланың нығметтеріне күпірлік білдіргені.

 Шүкіршілік – сөз немесе амалмен Алланың нығметтеріне алғыс айту. Ахлақ мәселелерімен айналысатын ғұламалар шүкіршілікті үш топқа бөледі: тілмен, жүрекпен және амалмен білдірген шүкіршілік. Шүкіршілікті тілмен білдіргенде адам Аллаға рахметін "Алхамдулиллах" және "Шүкран аллаһ" деген сөздер айтады. Адам Алланың нығметтеріне шүкіршілік білдіру мүмкіндігіне ие емес екенін мойындайды. Имам Мұса Казем (ғ.с.) бұл туралы: "Алланың нығметтерін мадақтап, "Алхамдулиллаһ" деп айтқан адамың Оған шүкіршілік білдіргені. Алланы мадақтау – адамға берілген нығметтерден жоғары",- деген ("Бихар әл-Анвар",71-ші том). Шүкіршілікті жүрекпен білдіру – адамның Алланың оған сыйлаған нығметтеріне шын жүрегімен алғыс айтуы. Имам Садық (ғ.с.): "Алла Тағала нығметтерін сыйлап, оның жүрегін нығметтердің илаһи сый екені туралы хабардар ететін адам шын жүрегімен нығметтер үшін шүкіршілік білдіреді. ("Усул Кафи", 2-ші том). Рауаяттардың бірінде Алланың пайғамбары хазірет Мұсаның мүнәжаттарында: "Уа, Алла! Саған қалай шүкіршілігімді білдіремін?"- деп сұраған кезде Жаратушының: "Хазірет адам барлық нығметтердің менен екенін білді. Ол осы білімімен маған шүкіршілігін білдірді",- деп жауап бергені айтылған. ("Джаме әл-Саадат", 3-ші том).

Мадақ Аллаға лайықты

Шүкіршіліктің үшінші түрі – іспен шүкіршілік ету, яғни әр нығметті өз орнында пайдалану. Мәселен, көз – илаһи нығметтердің бірі. Бұл нығметке шүкіршілік білдіру үшін көзді жаратылған әлемдегі Алланың нығметтерін көруге пайдаланған жөн. Бұл нығметті күнәмен ластамауымыз керек. Келесі нығмет – тіл үшін шүкіршілік білдіргенде шындықты баяндап, Алламен сырласып, оны өтірік, ғайбат айту, тіл тигізу және басқа күнәларға ластамауға талпыну керек. Имам Садық (ғ.с.)-ның хадистерінің бірінде: «Нығметке шүкіршілік білдіру – күнәләрдән тартыну»,- деп айтылған. Келесі хадисте бір адамның имамнан: «Жаратушыға шүкіршілік білдірудің шегі бар ма? Егер адам бұл шекке жетсе, шүкірлік білдіруші саналады ма?»- деп сұраған кезде хазірет: «Иә!»- деп жауап береді. Адам: «Қалай?» дегенде имам: «Барлық нығметтері үшін Алланы мадақтап, шүкіршілік білдір»,- деді. («Усул Кафи», 2-ші том). Кейбір нығметтер басқа адамдар арқылы келеді. Мұндай жағдайда нығметтерді берген Аллаға шүкіршілік айтумен бірге бұл нығметтерге кім арқылы жеткен адамға да шүкіршілік білдіру қажет. Алла елшісі: «Махаббаттары үшін  халыққа алғысын айтпаған адам Аллаға алғыс айтпаған саналады»,- деген. («Әл-Факих», 2-ші том). Нығымттер үшін шүкіршілік білдіретін адам әрқашан өзінің материалдық және рухани қорларын арттырады. Керісінше, нығметтерге күпірлік білдіретін адам өз қорынан, бірте-бірте нығметтерінен айырылады. Имам Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 244-ші хикметінде: «Алланың әр нығметте құқығы бар. Құқығын іске асырған адамның нығметі артады. Керісінше, нығметтерге немқұрайдылық танытқан адам олардан айрылу қатермен кезігеді»,- деп айтқан болатын.


 

Қырағылығы жоғары адамдар  қиындықтармен кезіккен кезде немесе ауруға шалдыққан жағдайда да Аллаға шүкіршілік білдіреді. Бірақ, қарапайым адамдар дендері сау және нығметтерге бөленген кезде ғана шүкіршілік білдіріп, Аллаға алғыс айтады. Алла елшісінің рауаяттарының бірінде: «Тамақтанып отырып, Аллаға алғыс айтатын адам Алланың илаһи сауабы үшін ораза тұтқан адамның сыйына ұқсас сыйға ие болады. Дені сау адамның Алланың берген саулық сынды нығметі үшін шүкіршілік білдіруі мүмін науқас адамның  Алла үшін сабыр сақтағаны үшін алған сыйындай сыйға ие болады. Алланың нығметтеріне ие болып, басқалармен бөлісетін адам Аллаға қанағат білдірген кедей адамның сыйындай сыйға ие болады»,- деген болатын.