Қар 15, 2017 16:25 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 82

Жастық шақ – тіршілік пен шаттық сыйлайтын өмірдің ең әдемі кезеңі. Үлкен табыстар мен дамудың жоғары толқынына жету жастық кезеңде орын алады. Жас адам өз мақсаттарына жету үшін әрекет етеді. Бұл кезеңде қауіп-қатермен бетпе-бет келгенде табандылық көрсететін күш-қуаты жоғары. Ол өмірдің ауыр майдандарына енеді. Жастар туралы әңгіме айтылған кезде адамның ойына қозғалыс пен серпін түседі. Бұл – жастық шақтың таңғажайып сиқырлы сусыны.

 

 

Жастар мен жастық шақ – илаһи жаратылыстың жарқын көріністерінің бірі. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жастарға өз болмыстарында үш ерекшелікті тәрбиелеуге кеңес беріп, бұл үш ерекшелікке ие болудың кез келген жағдайда жастарды табысқа жеткізетіндігіне кепілдік береді. Үш ерекшелікке жауапкершілікті сезіну, иман, қырағылық және хабардарлық жатады.

Аятолла Хаменеидің пікіріне сәйкес, күш-қуат пен үмітке ие әрі өнертапқыш жас адам жауапкершілікті сезіп, өзін өз өміріне жауапты санаған кезде бос сеңделмейді. Хазірет сондай-ақ, Жаратушыға иман келтіруді жастардың жан-жақты дамуы мен жеңіске жетуінің факторларының бірі санайды. Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге қырағылық пен хабардарлықты жастар үшін қажет деп атап, мұндай сипаттарға ие болуды аса оңай іс емес санайды.

Аятолла Хаменеи

Жастарға қатысты көркем көзқарасқа ие діни жетекші жастарға: «Сендер өмірдің құнды қорына иесіндер. Жастық кезең – адам өмірінің басы. Мәселен, жаңа өнімге ие болған, қамбасы өнімге толы шаруаны еслестетіп көріңіздер.  Ол соншама көптеген өніммен не істейді?                 

Ұсынақты шаруа өнімін дұрыс сақтап, шірітпей, қажет мөлшерін сақтап, қажет мөлшерде тұтынып, тұқым болатын өнімді бөліп, оны алдағы жылдары егуге пайдаланады. Келесі адам қоймасы әрқашан толы болады деп ойлап, жыл сайын  өнімін сақтамайды. Сондай-ақ, тұтынуға бағдарлама жасамайды. Бұл ақылсыздық. Қоймаларының өнімдері түгесілген, яғни қарттар қоймаларының босағанын сезбейді. Бұл егде адамдардың  қиындықтары. Олар  ақылмен ойламады. Олар ойланып, дұрыс әрекет етсе қателерін түзетіп, дұрыс жолды табатын еді. Бірақ, өкінішке орай, олар кейде дұрыс ойламайды. Біз тарихты үйреніп, тәжірибе жинап, жастардың көбірек әрекет етіп, көбірек қалайтындығын түсіндік. Салих басшылардың үкіметі кезінде жағдай осындай болды»,- деген. Жастармен достық әрі әкелік қарым-қатынас орнатқан Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жастарға табысты адамдарды үлгі етуге кеңес береді. Ол хазірет Әли (ғ.с.)-ның жастығы кезеңін жастар үшін ең жақсы үлгі санайды. Аятолла Хаменеи хазірет Әли (ғ.с.)-ның  жастығы кезеңіне тоқталып: «Хазірет Әли (ғ.с.) жас кезінде Меккеде жанкешті, белсенді және алдыда жүретін жас болды. Ол барлық салаларда пайғамбардың жолындағы үлкен қиындықтарды алып тастайтын. Ол қатерлі майдандарда жанын аямай, ең ауыр жұмыстарды өз міндетіне алатын. Ол жанкештілігімен пайғамбардың Мединеге қоныс аударуы үшін жағдай жасап,  Медине кезеңінен кейін әскер қолбасшысы, ғалым, қырағы, жомарт және қайырымды адам болды. Соғыс майдандарда батыл жауынгер әрі ақылды қолбасшылығымен, елді басқару саласында іскер басшы ретінде көзге түсті. Қоғамдық мәселелер саласында дамыған жас болды. Исламның ұлық пайғамбары жастарға көптеген артықшылық береді. Хазірет 10 жыл және бірнеше ай билік басында болып, үкіметі кезінде жастарға ерекше назар аударды.

Аятолла Хаменеи жастармен кездесуінде

 Аятолла Хаменеидің пікірінше, жас адам үміт пен шаттыққа толы. Ол өзін өзгертетін істерді күтіп, оны батылдықпен орындайды. Жастық шақ жастар үшін өнертабыс, шығармашылық, құрылыс пен инновация  кезеңі. Жас адам өмірдің әртүрлі тәсілдерін сынақтан өткізуге асығады. Дәл осы талпыныс  оны қарым-қатынас үлгілерін сынақтан өткізгені үшін ең жақсысын таңдауға мәжбүрлейді.

Жас буынға үмітпен қарайтын аятолла Хаменеи: «Жастар әрбір қоғам мен әрбір мемлекетте алға ілгерілейді Егер олардың алға ілгерлеуі революцияшыл және саяси көтеріліс болса, жастар басқалардан жылдамырақ сахнаға шығады. Егер қозғалыс сындарлы әрі мәдени болса, жастар басқалардан алға шығып, олардың жұмыстары да басқалардан пайдалырақ болар еді. Тіпті, илаһи пайғамбарлар, соның ішінде исламның басындағы қозғалыс жастарға сүйенді»,- деді. Хазіреттің пікірінше, әрбір мемлекет жастар мәселелерін маңызды санайды. Сондықтан, егер бұл мәселеге дұрыс назар аударылса, бұл мемлекет үлкен жетістіктерге жетеді. Ислам революциясы жетекшісінің пікірінше, жастарының саны аз мемлекеттер отбасыларға қатысты қате саясаттарына байланысты ғылым мен технология саласында  алда жүретін жастар санының тапшылығымен  бетпе-бет келіп, даму қозғалысын жалғастыру үшін басқа мемлекеттерден жастарды шақыруға мәжбүр.

Аятолла Хаменеи жастар туралы айтқанда олардың болмыстарының пәктігіне тоқталып, бұл пәк болмыс жастар мен олардың қоғамы үшін жақсылықтардың қайнары бола алады деп санап: «Мемлекеттер мен халықтар тарихының әр кезеңінде жастар халықтың бақытының ең маңызды орталықтарының бірі болды. Мұның себебіне жастардың болмыстарының тазалығы жатады. Жастар – пәк. Өмірде адамдарды ластайтын қоқыстар мен аяқ-қолдарын шырмайтын шынжырлар олардың кемелдікке қарай қадам басуы үшін кедергі болады, бірақ жастарға әсерін тигізбейді немесе азырақ тигізеді. Жас адам Жаратушының мейірімділігінің нәтижесі. Көбінесе, оның жүрегі илаһи мейірімділіктің көрінісі. Жастар бұл нығметтің қадірін білгені дұрыс. Бұл нығмет адамның рухына материалдық қиындықтар мен ластықтардан өтіп, өздерін пәк сақтауға көмектеседі»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі  жастардың рухының тазалығын өте маңызды санап, жастармен қарым-қатынаста болған кездегі адамның сезімін таңғы таза ауада дем алып, салқын леп сезініп, қуанышты көңіл-күйге ие болумен тең санап: «Жастармен қарым-қатынас орнатқан кезде менің ойымда «олар өздері  маңдайларында қандай жұлдыздың жарқырап тұрғанын біледі ме?» деген сұрақ туады. Мен бұл жұлдызды көремін. Олар өздері көре ме? Ол – жарқыраған әрі жақсылық талап еткен жастық шақ жұлдызы. Егер жастар болмыстарындағы бұл гауһар тасты сезсе, оны жақсы пайдаланады деп ойлаймын»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісі туденттермен кездесуінде