Жел 11, 2017 00:51 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (123)

Еуропалық делегациялардың экономикалық мақсаттарда Теһранға сапарлары, өткен аптада жасалған Иран мен аймақтық елдер арасындағы жаңа келісімдер, Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық сала басшылары мен белсенділерінен құралған жоғары деңейлі делегацияны бастап Арменияға жасаған сапары мен Теһрандағы көлік көрмесіне шолу жасаймыз

Осы аптада Теһран Еуропа одағының делегацияларын тағы қабылдады. 

Еуропа парламентінің Иранмен байланыс тобының төрағасы саяси делегацияны бастап сенбі күні ИИР-ның басшыларымен кездесу үшін Теһранға келді. 

Янус Левандовски Еуропа парламентінің 10 маманы және өкілімен бірге Теһранға жасаған үшкүндік сапарында Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджанимен, Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф және Иранның Еуропа парламентімен байланыс тобының төрағасы Казем Джалалимен кездесіп, сұхбаттасты. 

Иран мен Еуропа одағы сауда айналымының мөлшері 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 14 миллиард еуроға жетті. Бұл екі тарап арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың артқанын көрсетеді. Осындай жағдайда Еуропа одағының АҚШ-тың араласушылық саясаттары, соның ішінде, Иранның зымырандық және аймақтық саясаттарына араласуы мен "Ортақ қадам" келісімін бұзу әрекеттерінің ықпалына түсуі Иран мен Еуропа одағы арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге қатысты алаңдаушылықтардың туындауына себеп болды. 

Патрик Пуянненің айтуы бойынша, егер АҚШ Иранға тағы санкция салатын болса, Total компаниясы Оңтүстік Парс газ келісімін қайта қарайтын болады. 

Total компаниясы өткен шілде айында Оңтүстік Парс алаңының 11-ші фазасын дамыту үшін Иранның Ұлттық мұнай компаниясымен Теһранда құны 4 миллиард 800 миллион долларды құрайтын келісімге қол қойған болатын. 

Еуропалық үкіметтер "Ортақ қадам бағдарламасынан шыққанан ешқандай пайда көрмейді. Бұл келісімнің басқа тараптары, соның ішінде Ресей мен Қытай "Ортақ қадам" келісімінің кез келген қалыпта бұзылуына қарсылық білдіріп отыр. Осындай жағдайда кейбір ұстанымдар, әсіресе, Францияның ұстанымдары "Ортақ қадам" бағдарламасынан шықпай, Иранға қарсы санкциялар мен қысымды сақтай отырып, АҚШ-тың Еуропа одағына қатысты көзқарасын жақсартуды қалайтынын көрсетеді. 

Теһранда осы аптада бірнеше  экономикалық отырыс өтті. 

Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари жексенбі күні Теһранда Түркияның Экономика министрі Нихат Зейбекчимен өткізген отырыста Иран мен Түркияның 26-шы ортақ экономикалық комиссиясының отырысын оң бағалап, осы отырыста қабылданған шешімдердің Иран мен Түркияның техникалық-инженерлік қызметтер бөліміндегі ортақ ынтымақтастықтар мен ауқымды жобалардың басталуына себеп болып әрі болашақтағы жұмыстардың бастамасы болатындығына үміт білдірді. 

Иран мен Түркияның ортақ комиссиясы отырыстың соңында Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі мен Түркияның Экономика министрі өзара түсіністік туралы меморандум мен ынтымақтастық келісіміне қол қойды. 

Осы келісім шеңберінде техникалық-инженерлік қызметтер саласындағы айналымды 10 миллиард долларға жеткізу мақсат етіп қойылды. 

Тасымал мен транзитті жеңілдету осы отырыста қарастырылған мәселелердің бірі болды. Осы аяда "Тасымал және транзитті жеңілдету" меморандумына қол қойылды 

Бұл келісім Иран мен Түркияның тауарларын Катарға жөнелту жолында кедергілерді бейтараптандыратын болады.

Осы аптада Теһранда Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари және Қазақстанның Ауылшаруашылық министрі әрі премьер-министрдің орынбасары Асқар Мырзахметовтың қатысуымен кездесу өтті. Бұл кездесу өнеркәсіптік, тау-кен ісі және сауда ынтымақтастықтарын кеңейту жөнінде ортақ жұмыс тобын құру туралы келісім және техникалық-инженерлік қызметтер саласында ортақ меморандумға қол қоюмен аяқталды.

Иранның ауылшаруашылық өнімдерін өндіру саласында мол тәжірибеге ие. Екі ел тәжірибелерімен алмаса алады.

Иранның Ауылшаруашылық министрі Махмұт Ходжати Қазақстанның Аулышаруашылық министрі әрі премьер-министрдің орынбасары Асқар Мырзахметовпен Теһранда кездесуінде екі елдің ауылшаруашылық және балық шаруашылығы бөлімдерінде бір-бірін толықтыра алатынын айтып: «Иран мен Қазақстан ауылшаруашылық өнімдері, ет, құс еті, сүт өнімдері мен құрғақ сүт өндірудегі мүмкіндіктерін екіжақты ынтымақтастықтар үшін пайдалана алады» деді.

Аймақтық байланыстарды кеңейту үшін екіжақты және жан-жақты экономикалық байланыстарды кеңейту үшін қажет инфрақұрылымдарды нығайту керек. Иран, Түркия, Қазақстан мен Орта Азия мен Кавказ аймағындағы басқа да елдер, соның ішіне, Әзірбайжан мен Ресей байланыстарды кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктерге ие. Алайда нәтижеге жету үшін  барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек.

Осы аяда ИИР-ның Сыртқы істер министрі сейсенбі күні саяси-экономикалық делегацияны бастап Ереванға сапармен барып, Армениямен экономикалық байланыстарды кеңейтуді өзінің күн тәртібіне енгізді.

Иран мен Ереван соңғы бірнеше айда экономикалық салада қарқынды келіссөздер өткізіп жатыр. Арменияның премьер-министрі Карен Карапетян жуырда жоғары дәрежелі делегацияның басшылығында Теһранға жасаған сапарында екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастықтары мен қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытып, ирандық компаниялармен инвесторлардың Арменияның еркін сауда аймақтарындағы құзырын арттыруды сұрады.

Бұл қызығушылық екі тараптан да байқалады. ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда Арменияның премьер-министрін қабылдауында Теһран-Ереван сауда-экономикалық қатынастары мен ынтымақтастықтарын кеңейту үшін бар мүмкіндікті пайдаланып, талпыныс жасау қажеттігін айтты.

Қазіргі таңда Иран мен Армения арасында еркін сауда аймақтарында сауда жасау және инвестиция салу, сондай-ақ, энергетика, әсіресе, су энергеиясы мен электр қуаты бөлімдерінде көптеген жақсы мүмкіндіктер бар.

Армения Парсы шығанағы мен Қара теңізді қоса алатын маңызды байланыс және транзиттік көпірлердің бірі болып табылады. Иранның солтүстік-батысындағы Арас еркін сауда аймағы да екі елдің жеке секторларының ынтымақтастықтары үшін жақсы мүмкіндік саналады.

Арменияның Сыртқы істер министрі Эдуард Налбандянның шақыртуымен орын алған Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтің Арменияға сапары барысында ирандық және армениялық тараптар екіжақты қатынастар, аймақтық мәселелер мен екі елдің түрлі салалардағы ынтымақтастықтары туралы сұхбаттасты.

Зарифтің Армения президенті Серж Саргсян және осы елдің премьер-министрі Карен Карапетянмен келіссөздерінің, сондай-ақ, Зарифтің екі елдің инвесторлары және кәсіпкерлерімен Еревандағы отырысының нәтижесі екі ел қатынастарының жиырма бесінші жылдығында жаңа келісімдерге ұласады деп күтілуде.

Теһран осы аптада 48 ирандық және 16 елден жиналған шетелдік компаниялардың қатысуымен «Шахр-е Афтаб» тұрақты көрмелер мекенінде Халықаралық көлік көрмесін өткізді.

Көрмеде Германия, Франция, Қытай, Үндістан, Австрия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия, Ұлыбритания, Испания, Италия, Тайвань елдерінің көлік компаниялары ирандық көлік жасау зауыттары мен компаниялардың қасында өз өнімдерін жұрт назарына ұсынды.

Көрме желтоқсан айының біріне дейін жалғасты.

Ирандағы кейбір ақпарат құралдары осы көрме туралы ақпарат таратумен қатар, Иранның көлік жасау өнеркәсібіне де шолу жасады. Өнеркәсіптің сыншыларының пікірінше, бұл күндері шетелдік компаниялармен ортақ түрде жасалған өнімдердің тұсаукесері өтіп жатқанымен, осы көліктердің бөлшектерін жасауды жергіліктендіруге аса назар аударылмай отыр.

Ирандық және шетелдік көлік жасау компаниялары бірлесіп жасаған көліктерді жергіліктендіру үкіметтік қайраткерлер мен көлік жасау зауыттарының директорлары оны қуаттап отырған мәселелердің бірі болып табылады. Алайда сыншылар Өнеркәсіп министрлігінің бұл мәселені аса қадағалап отырмағанын алға тартуда.

«SAIPA» компаниясымен ынтымақтастық арқылы жасалатын «CITROËN»-нің жаңа өнімінің Иранда таныстырылуы – көлік өнеркәсібінде жасалған жаңа қадамдардың бірі. Осы аяда ирандық және франциялық компаниялардың ынтымақтастығымен жаңа жылдың бірінші жартысында С3 көлігі жасалып шығарылады.

«SAIPA-CITROËN» компаниясы С3 өнімін таныстыру рәсімдерінде бұл көліктің 20 пайыздық жергілікті күшпен жасала бастайтынын хабарлады.

Иранның Өнеркәсіп министрлігінің нұсқауы бойынша, шетелдік компаниялармен ортақ өнім кем дегенде 40 пайыздық жергілікті күшпен өндірілуі керек.

Осыдан бұрын да «Peugeot 2008» көлігінің жергіліктендіру мөлшерінің төмен болғаны туралы да көптеген сын-пікір айтылған болатын.